ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМІ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МƏДЕНИЕТІ: САЯСИ АСПЕКТІЛЕР

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМІ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МƏДЕНИЕТІ: САЯСИ АСПЕКТІЛЕР

Ғ.Р.Əбсаттаров– Абай атындағы аз ПУ-ні тарихфакультетідеканыны орынбасары,с.ғ.к.

Ең алдымен, құқықтық білім беру мен құқықтық мəдениет жəне олардың өзара байланысы ғылыми əдебиетте əлі де жете қарастырылмағансаяси ғылымның өзектімəселесі болып табылатынын айтуымыз керек.Сондықтан, Қазақстандықматериалдар негізінде осы мəселені қарастырмақпыз.
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға қарай қозғалыс азаматтардың құқықтық мəдениетінің қалыптасуының шарты ретінде Қазақстан Республикасы тұрғындарынақұқықтық білім беру жүйесінің дамуының айрықша белсенділігін анықтайды.
Қазақстандықтыңмəдениетінің қалыптасуы – оның адамдардың өткен ұрпақтары жинақтаған жəне материалдық,рухани мəдениетінің құндылықтарында көрініс тапқан болмысты шығармашылық тұрғыда игеру тəжірбиесіне, құқық құндылықтарына, құқық саласындағы əлеуметтік пайдалы, оңтəлім-тəртіп тəжірибесіне қатысуы.
Құқықтық мəдениет қазақстандықтың бойында өзара біте қайнасқан қоғамдық қатынастарға икемделе білуменжəне əрекет етудің заңға сыйымды əдісімен байланыстыжауапкершілікті, тəртіптілікті, өзіне деген сенімді қалыптастырады. Мəдениеттің маңыздыэлементі ретіндеадамзаттық, қазақстандық тəжірибені ұйымдастырудың əдісін, қазақстандықтар ұмтылуы тиіс адамдар тəжірибесінің əртүрлі қырлары өзара қалай байланысты екендігі туралытүсініктерді немесе қатынастарды, адамдардың өз мəдениетіндегіқұндылықтарына сəйкес олардың тəлім-тəртібін реттейтін ережелер мен нормаларды білдіретінұғымдарды қарастырады. Мəдениеттің осы элементтері Қазақстан қоғамының құқықтық мəдениетіне тəн екенін де айта кетейік.
Қазақстан қоғамының құқықтық мəдениеті өзінің құрамдасэлементтері ретінде заң ғылымын; құқықтық құндылықтарды негіздейтін жəне бекітетін құқықтық идеологияны; құқықтық психологияны, яғни құқықтық құбылыстарғабайланыстықарапайым құқықтық түсініктер мен əлеуметтік көңіл-күйді; объективті құқық жəне заң шығару, құқықтық қатынас, құқықтық тəртіп жəне оның қорғау əдіс-тəсілдерін; адам құқығы мен бостандығынқорғауды қамтиды.Құқықтық болмыстың құндылықты, нормативті негіздері қалыптасатын дамыған қоғамдық құқықтық сана, қазақстандық құқықтыңбасты ұстанымдарының жəне құқықтық нормалардың жиынтығының негізін құрайтын заң, мемлекет пен биліктуралы идеяның өзіҚазақстан қоғамының құқықтық мəдениетінің ядросын құрайды. Сонымен, қоғамдық құқықтық сананың дамуы қазақстандықтардың құқық саласындағы жасампаз іс-əрекеттерінің идеялық бастауына айналады.
Қазақстан қоғамының құқықтық мəдениетінің мəнін қарастыру, оның нақты-тарихи сипатын, қоғамдық құрылыммен тығыз байланысын,сонымен қатар, халықтың ділі мен салт-дəстүрін, ойлау түрін жете түсінуге мүмкіндік береді.Нақ осы факторлар қазақстан қоғамының құқықтық жүйесінде көрініс табатынқұндылықтар мен идеалдарды анықтайды.
Əрине, Қазақстан қоғамының құқықтықмəдениеті қазақстандықтың құқықтық мəдениетіне тікелей əсер ететіні табиғи құбылыс. Өйткені үш негізгі құрамдас бөліктен – құқықтықбілім, түсініктер, көзқарастар; құқықтық сезімдер; субъектінің еркінен тұратын жеке адамның құқықтық санасы Қазақстан қоғамының құқықтық құбылыстарының жиынтығының, оң(мəдениет) жəне теріс (антимəдениет) жақтарының толық көрінісі болып табылады.Қазақстандықтың құқықтық тəртіпті сақтауғажəне нығайтуға деген құлшынысы оң сипаттағы ерікті іс-əрекетті тудыратын факторларға жатады.
Қазақстандықтың жеке құқықтық санасыкөбінесе қайшылықты болып келетін құқықтық болмыстың; субъект ретінде құқықтық қатынастарға қатысу тəжірибесінің (кейде теріс), сонымен қатар, индивидті қоршаған микроортаның ықпалыныңəсерінен стихиялы түрде қалыптасуы мүмкін. Осыған орай қазақстандықтың бойында дамымаған, құқықтық болмысты бұрмаланған жəне біржақты түрде бейнелейтін құқықтық сананың қалыптасуы жиі кездеседі.
Қазақстандықтың құқықтық санасының қалыптасуының өзге жолы –оныңқұқықтық білімі, қазақстандық жəне халықаралық құқықтың əлеуметтік құндылығын жете түсінуге, қолданыстағы заңдардың мағынасынжəне олардың жеке адам үшін мəнін ұғынуға көмектесетін оның құқықтық білім алуы. Бұнда, қазақстандықтіпті құқық саласында теріс құбылыстармен кездескен жағдайда,оларды өмірдің заңдылығы емес, қазақстандық құқыққа қайшы, сондықтан жойылуы тиіс деп қабылдайды. Сонымен, құқықтық білім алу үдерісінде қазақстандықтың құқықтық мəдениетінің өзегі болып табылатын, онықұқықтық əрекеттер мен игі істерге бастайтыноң, дамыған, біртұтас құқықтық сананың қалыптасуы жүзеге асады.
Алайда,қазақстандық индивидтіңқұқықтық мəдениеті өзі мен құқықтық жүйе арасында қайшылық жоқ дегенді білдірмейді. Ол көбінесе жеке-қазақстандықтыңөзінің жəне қоғамныңқажеттілігін жете түсінуінен қолданыстағы заңнаманыңартта қалуымен байланысты [1]. Қазақстан қоғамының өміріндегіқоғамдық қажетті жаңа ережелер,заңға айналудан бұрын, санада міндетті секілді қалыптасады.Қазақстандық құқықтың жеке құқықтық институттары меннормаларының азаматтардың құқықтық санасының дамуынан артта қалуы, азаматтар мен мемлекеттің арасындағы қақтығыстардыңбастауы болуы мүмкін ( болуда). Осылай азаматтардың құқықтық санасы заңнаманы жаңалаудыңидеялық бастауы бола отырып, құқықтық шығармашылыққа тікелей əсер етеді. Бұған қоса, қазақстандық-индивид меңгерген қазақстандық құқықтың жаңа ережелері реттеу атқарымынорындай отырып, заңды іс-əрекеттің аясын кеңейте түсіп,(қандай да бір тыйым салуларды жойған жағдайда), оның тəлім-тəртібіне əсер етеді. Аты аталған əрбір жағдайда қазақстандық құқық мəдениетініңэволюциясы орын алған.
Қазақстандықтың құқықтық мəдениеті, сонымен бірге қазақстан қоғамының құқықтық мəдениеті нақты-тарихи құбылыс. Қазақстан қоғамының өмір сүруінің нақты-тарихи жағдайы өзгерсе – оның азаматтарының құқықтық мəдениетінің сапасы да өзгереді.
Қазақстанда қоғамдық өмірдің құқықтық негізі сапалы түрде өзгеруде. Қазақстан Республикасының Конституциясы құқық жүйесін толығымен адам мен азаматтың мүдделерінің басымдылықтарына бағдарлайды, халықаралық құқық құжаттарында жарияланған адамгершілік ұстанымдарын бекітеді. Осыған сəйкес демократия мен гуманизм құндылықтарына бағдарланған құқықтық мəдениеттің мазмұны да өзгереді. Ол өз кезегінде өмір шындығы мен қазақстан қоғамының даму келешегін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мəдениетінің басқа сапасына бағдарланатындай құқықтық білім алудың мазмұнын қайта қараудыталап етеді.
Кеңестік дəуірден кейінгі кезеңде Қазақстан азаматының құқықтық мəдениеті (кеңестік дəуірмен салыстырғанда) жаңа сапалық белгілергеие болуы керек. Тоталитарлық қоғамда құқықтық мəдениетке байланысты талаптар құқықты, заңды құрметтеумен шектелген; индивидтен заңды мойындайтын тəлімтəртіпжəне құқықтық тəртіпті қорғауға байланысты қоғамдық жұмысқа қатысу талап етілген.
Қазақстан азаматтарыныңзаң шығарушы салаға ықпал етуінің нақты тетіктері көрініс табатын демократиялық қоғамда қатардағы азаматтардың қабылданатын заңдардың сапасына байланысты жауапкершілігі артады. Сондықтан, азаматтардың қабылданатын заңдарды сыни тұрғыда бағалау, құқық рухына (гуманизм мен демократия ұстанымдарына) қайшы келетін заңдарға қарсы шығу қабілеті – демократиялық қоғамда тұратын қазақстандықтың құқықтық мəдениетінің міндетті құрамдас бөлігі.
Демократиялық қоғамдағы қазақстандық құқыққа мемлекеттің адам мен азаматтың құқығын мойындауы жəне қорғауы, азаматтарға барлық заңды жолдармен өз құқықтарын өздері қорғау құқығының берілуі тəн. Сондықтан, демократиялық қоғамдағы қазақстандық азаматтың құқықтық мəдениетінің маңызды көрсеткіші тек өзінің құқықтары мен бостандықтарын білу ғана емес, сонымен қатар өз құқықтарын олар бұзылған жағдайда қорғауға дайын болу жəне қорғай алу, құқықтары бұзылған басқа азаматтармен ынтымақтастық орнату болып табылады.
Демократиялық қазақстандық қоғамда əрекет ететін «тыйым салынбағанның бəрі рұхсат етілген» ұстанымы мемлекет азаматтарына Қазақстанқоғамы өмірінің əртүрлі салаларында іс-əрекеттің бағыттары мен əдістерін таңдауға үлкен мүмкіндіктер берілгенін білдіреді. Сонымен қатар, олардың өздеріне берілген бостандықтарды пайдалана отырып, құқықтық кеңістік шеңберінен шығып кетпеуі үшіназаматтардың құқықтық біліміне деген талапты күшейте түседі.
Сонымен, қазіргі заманғы Қазақстанның азаматтарына құқықтық білім беру ашық демократиялық қоғам азаматтарының құқықтық мəдениетінің қалыптасуына бағдарлануы қажет.
Ондай мəдениеттің құрамдас бөліктері:
-құқық жəне оның негізін құрайтын гуманистік ұстанымдар, Қазақстан қоғамы өмірінің əртүрлі салаларында əрекет ететін құқықтық нормалар мен оларды қолдану тəртібі, азаматтардың құқықтары, бостандықтарыжəне міндеттері жүйесі, Қазақстан қоғамындағы нақты қолданыстағы құқықтық тəртіп, оны нығайту шаралары жəне қорғау тəсілдері туралы жүйеленген ғылыми білім;
— қазақстандық құқықтың жəне қатал құқықтық тəртіптіңəлеуметтік құндылығына бағытталған құқықтық құбылыстарға деген эмоционалды қатынас – қазақстандық құқыққа деген құрмет жəне құқықтық тəртіпті бұзуды белсенді түрде қабылдамау, заңға бағыну, жеке басының мəселелерін шешу барысында құқықтық білімдііс жүзінде қолдану, құқықтық ұйғарымдарды өзі үшін маңызды деп қабылдау жəне олардыөз еркімен орындауға, қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге дайын болу;
— саналытүрдегі заңды тəлім-тəртіп, өз құқықтары мен бостандықтарын оңтайлыжүзеге асыру, өз құқықтарын оларды бұзған жағдайда қорғау, құқық қорғау акцияларына қатысу (басқа азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда), Қазақстан азаматының міндеттерін адал жəне дұрыс орындау, жылдам өзгеріп отыратын əлемдегі өмірдің əртүрліжағдайларында қолданыстағы заңдарға сүйене отырып, заңды түрде сауатты, мақсатты əрекет етуге қабілетті болу,жеке өзінің Қазақстандық заңнаманы жетілдіруге қатысты болуы арқылы көрінетін қазақстандықтың əлеуметтік пайдалы тəлім-тəртібі.
Барлықадамдардың заң алдындағы теңдігі; адамның табиғи құндылықтарының тартып алынбайтынын мойындау; адамның өзіндік, даралы болу құқығы; азаматтардың жеке өміріне мемлекеттің араласу мүмкіндігін шектеу;өз құқықтары мен бостандықтарын мемлекет тарапынан қорғау құқығына ие болу; жазықсыздық презумпциясы жəнеөз құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда азаматтың өзінің оларды қорғауы; азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының шынайылығы мен кеңдігі жəнетағы да осындай құқықтық құндылықтарды азаматтық қоғам мен құқықтық мелекеттің қалыптасу кезеңіндегі демократиялық мемлекет болып табылатын Қазақстанның азаматы жете түсіне алады жəне жете түсінуі тиіс.
Қазақстандықтың гуманистік жəне демократиялық құқықтық мəдениетін қалыптастыруға бағытталған азаматтарға мақсатты, тиімді құқықтық білім беруді жүзеге асырудың өзектігін мемлекеттің, қоғамның жəне тұлғаның қажеттіліктері айқындайды. Ол қазіргі заманғы Қазақстанға тəн үдерістермен жəне оның болашақтағыдаму үрдісімен тікелей байланысты.
Қоғамда орын алғанКеңес қоғамының құндылықтарын сыни тұрғыда қайта бағалауға, бірақ көптеген адамдардың санасында олардың жаңа демократиялық жəне гуманистікқұндылықтармен ауыспауына байланысты Қазақстан тарихының бұрынғы кезеңдеріне де тəн, бірақ 1990 жылдардан бастап күшейе түскен азаматтардың құқықтық нигилизмін жоюсыз Қазақстанның құқықтық мемлекетке айналуы мүмкін емес. Өтпелі кезең барысында ұйымдасқан қылмыс пен мемлекеттік шенеуніктердің сыбайлас жемқорлығымен күресте мемлекеттің əлсіздік көрсетуі құқықтық нигилизмнің бой көтеруінің нағыз құнарлы ортасына айналды. Сонымен бірге,жастардың қылмыстық ортаға тартылуының арта түсуі қорқыныш тудырады.
Қарастырып өткен қазіргі заманғы Қазақстан өмірініңжағымсыз құбылыстарының, ең алдымен, əлеуметтік жəне саяси себептері бар.Бірақ, олар Қазақстан азаматтарының жалпы мəдениеті мен құқықтық білімінің төмендігін де көрсетеді. Сондықтан, азаматтарға құқықтық білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін ғалымдар мен практикалық қызметкерлерді іздестіру керек. Осы ізденістің нəтижесі Қазақстанда құқықтық нигилизмді болдырмау жəне мемлекеттің қылмыспен күрес барысында маңызды роль атқаруы мүмкін.
Қазақстандық мемлекет пен қоғам үшіназаматтарға құқықтық білім беру текқұқық бұзу мен қылмысты болдырмауға, əсіресе жастар арсында, ықпал етумен шектелмейді. Оның мүмкіндіктері кең.Бүгінгі таңда Қазақстандағы құқықтық білім берудің нəтижелеріне қойылатын талаптардың əртүрлі болуы да осыдан туындайды.
Қазіргі заманғы Қазақстандық құқықтық жүйенің əрекет етуіне түбегейлі жаңару тəн. Негізгі азаматтық, қаржы, əкімшілік, сот жəне басқа да құқықтық институттардың кодификациясы мен инкорпорациясы іскеасқаны айқын. 1980-1990 жылдар аралығындағы заңнама пайда болған жаңа азаматтық қатынастарды тиімді реттей алмағанын еске алайық. Сондықтан, құқық жұйесіне деген бұрынғы көзқарастардың əлсіреуі жəне жойылумен қатар, өз сипатамалары бойынша жалпыөркениеттікдеңгейге жақын жаңа заңнаманы қалыптасу үдерісі жүзеге асуда.
Бірақ заңнамалық актілердегі жаңа құқықтық нормалардың Қазақстан қоғамының өміріне ықпалы азаматтардың күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуға дайын болуымен тікелей байланысты. Қазақстандық құқықтық білім берудің нақ өзіазаматтардыжаңарған заңнаманы іс жүзінде қолдануға дайындауы тиіс.
Қазақстандық қоғамның демократиялық құрылымыныңөзі жеке азаматтардың немесе тіпті нақты əлеуметтік топтардың құқықтары бұзылуы мүмкін болатынжағдайлардың болуынжоққа шығармайды [2]. Бұндай кезде азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғайтын жəне қалпына келтіретін қуатты, жақсы жұмыс істейтін механизм іске қосылады.Сонымен қатар, азаматтың өзіне де маңыздыорын беріледі. Ол сəйкес құқықтық нормаларға сүйене отырып, адвокатура, сот, прокуратура, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық институттарды пайдалана отырып, өз құқықтарын қорғайды жəне қалпына келтіре алады.
Қазіргі кездегі Қазақстан жағдайында осындай жүйенің бар болуы туралы айту əлі ерте.Бірақ азаматтардың өздерінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін кейбір құқықтық құралдарбар. Болса да,олардың жеткілікті түрде қолданылмайтыны да шындық.Мысалы, азаматтарға қатысты шенеуніктердің бассыздығы мен жөнсіздігі, озбырлығына жағдай жасайды. Қазақстан азаматтарының көпшілігінің өз құқықтарын қорғауда селқос, бейтарап болуының себептері əртүрлі.Олардың қатарына психологиялық факторлар кешенін жатқызуға болады: бұрынғы Кеңестік дəуірден келе жатқан басшыға бағынышты болу, кезкелген шенеуніктің алдындағы жасқаншақтық пен қорқыныш, азаматтардың өз күшіне жəне ақиқатқа жетуге деген сенімінің, еркін адам үшін қажет өз қадірі туралы сезімінің болмауы.

Қазақстан азаматтарының өздерінежəне өздерінің құқықтарына деген осындай қатынасы олардың құқықтық санасының төмен екенін көрсетеді. Көпшілігі өздерінің құқықтарын білмейді, басқалары оларды білсе де, өз құқықтарын қорғау үшін заңды түрде қалай əрекет ету керек екендігінен хабарсыз.Осы арқылы Қазақстан азаматтарында заңды түрде өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы түсініктің, сонымен қатар сондай əрекеттерге деген еріктің болмауын,яғни құқық қорғау əрекеті тəжіри-бесінің болмауын түсіндіруге болады.Сондықтан, Қазақстандағы құқықтық білім беру құқықтық кеңістік шеңберінде азаматтарды өз құқықтары мен бостандықтарынқорғауға үйрету міндеттерін орындауы, қазақстандықтың бойында өзін-өзі құрметтеу, өз қадірін білу секілді маңызды қасиеттерді қалыптастыру-ға ықпал етуі тиіс.
Қазақстан азаматтарының өз құқықтарын қорғауға дайын болуы мен қорғай алуыжəне олардың адам құқығын бұзу туралы кезкелген фактіге төзбеуіҚазақстан қоғамын сауықтырудың, құқықтық мелекет пен азаматтық қоғамға қарай қозғалыстың маңызды факторы болып табылады.
Қазақстан азаматтарына құқықтық білім берудің ерекше өзекті болуын айқындайтын қоғамдық қажеттіліктер туралы айтар болса, онда Қазақстанда демократия мен азаматтық қоғамның қалыптасуымен байланысты бірқатар жағдайларды атап өту керек.Тоталитарлық режимнен демократиялық қоғамға өту қазақстан қоғамы өмірінің қарапайым, үйреншікті тəртібінің бұзылуымен, тұрақсыздықтың өсуімен, күрделі əлеуметтік шиеленістер мен қақтығыстарды пайда болуымен қауіпті.Қазақстан тұрғындарының саяси мəдениетінің, көптеген азаматтардың құқықтық санасының төмен болуы, көп адамдарда адамгершілік бағдарларының айқын болмауы жағдайында бостандықбəрі де еркін болу деп қабылданады. Бұл «көше» маңызды роль атқара бастайтын, тобырдың психологиясы ақылдан асып түсетінанархиялық, қиратушыəлеуметтік əрекеттерге əкелуі мүмкін. Сонымен, қоғам «қауіптіқоғамға» айналады, яғни белгісіз, екіұштыжағдайдағы,тұрақты саяси режимі, экономикалық жүйесі жоқ, моральды-психологиялық іргетасы қаланбаған əлеумет болып табылады
«Қауіпті қоғамда» анархия ментəртіпсіздік қатерімен қатар басқа да – қоғамда«мықты қол» арқылытəртіп орнатуға деген ұмтылыстың пайда болуына байланысты диктатураға бетбұру қауіпі бар. Сондық-тан, Қазақстан қоғамы өміріндегі қауіпті бетбұрыстарды болдырмауға демократиялық режим ауқымында əрекет ететін мемлекеттік институттарды нығайту ғана емес, азаматтардыңсаяси жəне құқықтық мəдени-етінің дамуы, олардың бойында өз əрекеттері мен елдің тағдыры үшін жауапкершілік сезімінің, қазақстан-дық құқық пен құқықтық тəртіпке деген құрметтің қалыптасуы көмектесуі тиіс.
Ең соңында, қорытындылай келе, біріншіден,Қазақстандағы құқықтық білім беру дегеніміз қазақстандықтардың құқықтық мəдениетінің адамгершілік, əлеуметтік-саяси негізін құрайтын бастапқы айқындаушы идеялар, талаптар, түсініктер; екіншіден, Қазақстан Республикасыныңқұқықтық мəдениетінің нəтижелі болуына байланысты негізгі талап қоғамның жəне қазақстандық тұлғаның əлеуметтік-құқықтық өмірінің сапасы мен деңгейін көтеру болып табылатынын айтуға болады. Бұл азаматтардың мəртебесін қамтамасыз ету, келешек мүмкіндіктер, Қазақстанның саяси билігінің əрекетінің келісілушілігі жəнеболжамды болуы арқылы көрініс табады. Бүгінгі таңдақазақстандықтардың құқықтық мəдениетініңуақыты жеткен əлеуметтік-саяси мəселелерін шешуболашаққа ұмтылатын демократиялық, əділетті қоғамның тұрақты болуына жəне қоғамның бірігуінежалпы ықпал етуі маңызды.

1 Концепция правовой политики Республики Казахстан с 2010 до 2020 года // Казахстанская правда.- 2009, 27 августа.
2 Politische, soziologische und rechtliche Probleme der GesellschaftsentwicklungKasachstans – Berlin: Verlag Dr. Köster, 2013. – S.63.

Резюме
В статье рассматриваются на материалах Казахстана правовое образование и правовая культура и их взаимосвязь, которые в политической науке еще не изучены.

Summary
In article legal education and legal culture and their interrelation which in political science aren’t studied yet are considered
on materials of Kazakhstan.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *