САЯСИ ҒЫЛЫМДАР ПРОБЛЕМАЛАРЫ ПРОБЛЕМЫ ПОЛИТИЧЕСКОЙ НАУКИ

САЯСИ ҒЫЛЫМДАР ПРОБЛЕМАЛАРЫ ПРОБЛЕМЫ ПОЛИТИЧЕСКОЙ НАУКИ


ƏЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ

Р.Б.Əбсаттаров – Р лтты! Ғылым академиясыны корресподент-м%шесі, филос.ғ.д., проф., Абай атындағы аз ПУ-ні саясаттану жəне əлеуметтік-философиялы! пəндер кафедасыны ме герушісі

Əлеуметтік-саяси өзгерістер, əлеуметтік-саяси даму жəне қоғамның тұрақтылық мəселелері ғылым ретіндегі саясаттанудың маңызды да қажетті тақырыбы болып саналады. Əлеуметтік-саяси өзгерістердің адамзат өмірінің əр сəтінде жүретінін толық сеніммен айтуға болады. Саясаттанудың бұл тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығын қазіргі кезде бүкіл əлемді қамтыған нақты əлеуметтік-саяси өзгерістер анықтап отыр. Бұдан небəрі 25 жыл бұрын адамзат басқа əлеуметтік-экономикалық, социомəдени, саяси нақтылықта өмір сүрді. Əлем əскери-саяси блоктарға бөлінді, олардың текетіресі əртүрлі блокқа жататын мемлекеттердің экономикалық, саяси жəне социомəдени өмірін айқындады. Қазіргі жағдай мүлдем басқаша.
Қысқа кезеңде Қазақстанда түбегейлі, іргелі өзгерістер жүрді. 80 жылдардың орта тұсымен салыстырғанда 90 жылдардың ортасында Қазақстан мүлдем басқа елге айналды. Бірде бір саясаттанулық теория бұдан 25 жыл бұрын əлемде, бұрынғы социалистік лагерде жəне Кеңес Одағында болатын түбегейлі өзгерістерді алдын-ала айта алмады, болжамдай алмады.
Өзгерістің болатыны сезілді жəне күтілді, бірақ бұл өзгерістер тереңге бойлап соншама елдерді қамтиды деп ешкім де ойламаған еді. Бұның бəрі əлеуметтік-саяси өзгерістерге, олардың моделдеріне, түрлеріне, қайнар көздеріне, қозғаушы күштеріне, олардың адами, гуманитарлық салдарына жəне т.с.с. қатысы бар мəселелерді мұқият зерттеуді саясаттанудан, əлеуметтанудан талап етеді.
1. Əлеуметтік-саяси өзгерістер ұғымы, тұжырымдамасы, анықтамасы
Өзінің пайда болған кезінен бастап саясаттану адам мен қоғамның өзара саяси əрекетін статикалық тұрғыдан ғана емес, динамикалық тұрғыдан, əлеуметтік-саяси өзгерістер үдерісі тұрғысынан қарастырады. Қоғамда өзгермейтін объектілер жəне субъектілердің болмайтындығы даусыз: адамдардың арасындағы əлеуметтік-саяси өзгерістер мен өзара əрекеттер, олардың əлеуметтік, саяси мəртебелері мен рөлдері өзгереді; қоғамның əлеуметтік-саяси құрылымы, ондағы басымды құндылықтар, нормалар жəне мінезқұлық қалыптары өзгереді; ғылыми, саяси жəне діни көзқарастар, моралдық нормалар өзгереді; бұрын болмаған өнердің жаңа түрлері, мемлекеттің жаңа типтері мен формалары, құқықтың жаңа нормалары жəне т.с.с. пайда болады. Қоғамдық өмірдегі осы өзгерістердің бəрін «əлеуметтік-саяси өзгерістер» ұғымы қамтиды.
Əлеуметтік-саяси өзгерістер деген не? Кең мағынада əлеуметтік- саяси өзгерістер деп əлеуметтік-саяси объектінің бір күйден екінші күйге өтуі, қоғамның əлеуметтік-саяси құрылымындағы, оның институттарындағы кез-келген модификация, адамдардың қоғам жөніндегі пайымдаулары түсіндіріледі.
Тар əрі дəл мағынада «əлеуметтік-саяси өзгерістер» термині белгілі бір уақыт аралығында тұтас жүйе ретіндегі қоғамда, оның əлеуметтік-саяси құрылымында, əлеуметтік, саясиқауымдастықтарда, топтарда, институт-тарда, ұйымдарда, жекелеген тұлғалардың əлеуметтік, саяси мəртебелері мен рөлдерінде, олардың өзара жəне қоғамның кез-келген құрылымы компоненттерінің өзара əрекеттерінде жүретін көптеген түрлі өзгерістерді білдіреді.
«Əлеуметтік-саяси өзгерістер» терминін əртүрлі саясаттанушылар, əлеуметтанушылар, философтар əрқалай түсіндіреді[1]. Онымен қатар, мазмұны бойынша маңыздылығы оған жақын басқа да терминдер қолданылады: əлеуметтік-саяси даму, əлеуметтік-саяси динамика, əлеуметтік-саяси үдеріс, əлеуметтіксаяси эволюция, əлеуметтік-саяси прогресс, əлеуметтік-саяси өзара əрекет жəне т.б. Осы терминдердің бəрінің белгілі бір мазмұны бар, олар белгілі деңгейде «əлеуметтік-саяси өзгерістер» ұғымының мазмұнымен үйлеседі, бірақ онымен бірдей емес.
«Əлеуметтік-саяси өзгерістер» ұғымына өзінің мағынасы жағынан жəне мазмұны жағынан «əлеуметтік-саяси үдеріс» термині айтарлықтай жақын. Əлеуметтік-саяси үдеріс институттендірілген жəне институттендірілмеген субъектілердің өз мақсаттарына жетудегі жəне қоғамдық өмірдің əр саласында өз функцияларын жүзеге асырудағы əрекеттерінің жиынтығын, сондай-ақ осы əрекеттердің нəтижелерін көрсетеді. Егер де біз келтірілген анықтаманың мазмұнын ескеретін болсақ, онда əлеуметтік-саяси өзгерістер əлеуметтік-саяси үдерістің маңызды жағының бірі болып шығады, бірақ оны толық қамти алмайды, өйткені əлеуметтік-саяси үдерісте бұрыннан қалыптасқан құрылымдарды, функцияларды, нормаларды, мінез-құлық қалыптарын қарапайым ұдайы өндіру айтарлықтай орын алады. Осылайша əлеуметтік-саяси өзгерістер əлеуметтік-саяси үдерістердің аса маңызды динамикалық бөлімі болып табылады.
Өзінің мəні мен мазмұны жағынан «əлеуметтік-саяси даму» ұғымы «əлеуметтік-саяси өзгерістер» ұғымына өте жақын. Егер де əлеуметтік-саяси өзгерістер жағымды жəне жағымсыз, конструктивті жəне бүлдіруші (деструктивті), функциональды жəне дисфункционалды яғни əр бағытты болатын болса, əлеуметтік-саяси даму термині əлеуметтік-саяси өзгерістердің тек белгілі бір бағытын білдіреді. Əлеуметтік-саяси даму – бұл əлеуметті-саяси объектілердің кері оралмайтын бағыты, оның нəтижесінде олардың сапалық жаңа күйі пайда болады, оның құрамы немесе құрылымы трансформацияға түсуі, оның элементтері мен байланыстарының пайда болуы немесе жойылуы, оның функцияларының өзгеруі жүзеге асады. Мысалы, саяси даму саяси жүйенің қоғамдық өмірдің басқа салаларына сəйкестігін арттыруға апаратын, билеудің икемді стратегиясы мен технологиясын қолдану қабілетін арттыруға жеткізетін биліктің макро жəне микро факторлардың өзара əрекеттеріндегі айтарлықтай өзгерістермен қатар жүреді.
Əлеуметтік-саяси динамика да өзінің сипаты бойынша əлеуметтік-саяси өзгерістер деп аталатындарға өте жақын. «Əлеуметтік-саяси динамика» термині, алайда, өзінің мазмұны жағынан «əлеуметтік-саяси өзгерістер» ұғымынан біршама тар болып келеді. Бұл терминде, негізінен, əлеуметтік-саяси өзгерістер факторлары, осы өзгерістердің субъектілерінің қызметі жəне сол қызметтің нəтижелері белгіленеді.
Осылайша «əлеуметтік-саяси өзгерістер» ұғымы мен белгілі уақыт ішінде əлеуметтік, саяси қауымдастықтарда, топтарда, институттарда, ұйымдарда жəне қоғамдарда, олардың бір-бірімен өзара қатынасында, сондай-ақ индивидтердің өзара қарым-қатынасында болған алуан түрлі өзгерістер белгіленеді. Мұндай өзгерістер тұлғааралық қатынас деңгейінде (мысалы, отбасының құрылымы мен функцияларындағы өзгерістер); ұйымдар мен институттар деңгейінде (білім, ғылым мазмұны, ұйымдығы жағынан өзгерістерге жиі ұшырайды); шағын жəне үлкен əлеуметтік, саяси топтар деңгейінде (Қазақстанда, мысалы, қазірдің өзінде жұмысшы табының, шаруалардың құрамы өзгерді, жаңа əлеуметтік-саяси топтар-кəсіпкерлер пайда болды); əлеуметтік-саяси жəне жаһандық деңгейлерінде (көші-қон үдерістері, бір елдердің экономикалық,саяси жəне технологиялық дамуы жəне басқаларының тоқыраулық жəне дағдарыстық күйі, адамзат өміріне экономикалық жəне əскери қауіп-қатер жəне т.б.) жүзеге асады.
Əлеуметтік-саяси нақтылықтың құрылымдық өзгерістерге түсуі қабілетінің табиғи, физикалық негіздері бар. Адам өз табиғатында –саяси тұлға, ол биологиялық түр ретінде жоғары икемділігімен ерекшеленеді жəне осындай деңгейде адаптациялық қабілетімен айшықталады. Ол абсолютті минимумді тума инстинктермен дүниеге келеді, бірақ үйренуге, еліктеуге, символдарға жəне шығармашылыққа келгенде ақылға симайтындай қабілетті. Əлеуметтік-саяси өзгерістер адамның биологиялық ұйымдастырушылығымен анықталмаған: ол мұндай өзгерістерге мүмкіндік жасайды, бірақ олардың өзін-өзі түсіндірушісі болып табылмайды.
Қоғамның бұрын басқаша болғанын, болашақта да қазіргідей болмайтындығын адамзат өте ертеде түсінді. Ежелгі Египет хронигі біздерге көтерілістің тамаша суреттемесін жəне оның хаос пен күйзеліс салдарларын папируста жазып қалдырды. Ал ұлы ежелгі грек ақыны Гесиод өзінің «Еңбек жəне күндер» атты поэмасында əлеуметтік өзгерістердің мифологиялық тұжырымдамасын баяндады, ол бойынша адамзат «алтын ғасырдан» бастап қазірге дейін созылған «темір» ғасырға дейін бес күйді басынан өткізген. Гесиодта, басқа да көптеген мифологиялық парадигмалардағы сияқты, қоғамдағы өзгеріс үдерісі деградация бағытында – биіктеуден құлдырауға қарай жүреді.
Мифтердің басқа да типтері, мысалы, ежелгі шығыс мифтері, адамзат өмірін ұзын циклдардың жүйесі ретінде суреттейді, олардың əрқайсысы басталған нүктесіне келіп аяқталады. Осылайша, қоғамның нақты үдемелі қозғалысы жоқ жəне əлеуметтік-саяси өзгерістер сөзсіз болатын бірдеме іспетті, бірақ ол мүлдем зая кеткен үдеріс ретінде саналды.
Біздер үшін біртұтас үздіксіз əлеуметтік-саяси прогресс туралы үйреншікті түсінік, біздерді жаман күйден жақсы күйге жетелейтін біздің əрекеттерімізден тəуелсіз жəне жалпы қоғамның саналы бағытталған тарихы болатындығы туралыдан тəуелсіз, иудехристиандық дүниетанымға тиесілі болды, бірақ ол ұтымды формасын Ағарту дəуіріндегі идеология шеңберінде түбегейлі иеленді. Вольтердің кейіпкері «Бұл жақсы əлемде не істелсе де, жақсылыққа істелінеді» – деген еді. Бұл идея ХІХ ғ. ғылыми айналымға «эволюция» ұғымын енгізумен нығайтылды. Биологиялық эволюция ашылғаннан кейін, қоғамның да биологиялық түрлердің дамуы сияқты қарапайымнан күрделіге қарай дамудың біртұтас бағытталған үдерісіне қосылғандығы түсінікті болды.
Г.Спенсерге тиесілі көңілге қонымды əлеуметтік эволюция теориясы, ол биологиялық организмдер жəне адамзат қоғамдары эволюциялық дамудың бір ғана заңына бағынады. Басқаша сөзбен айтқанда, қоғамдар көлемі жағынан іріге жəне күрделіге айналады; олардың жекелеген элементтері одан əрі жіктеледі, маманданады, бір-біріне өзара тəуелді болады.
Эволюциялық амал əлеуметтік жəне мəдени антропология саласында да басымдыққа жетті. ХІХ ғасыр соңындағы көрнекті антропологтар Э.Тайлор мен Л.Морган қоғамды эволюциялық даму қағидаты негізінде классификациялады. Егер де Морган барлық қоғамның «тағылықтан» аралық «варварлық» саты арқылы «өркениеттік» күйге бір ғана жолмен жүреді деп санаса, Тайлордың пікірінше діншілдік те қарапайым форма – анимизнен политеизм сатысы арқылы монотеизмге қарай дамиды.
Сондай-ақ К.Маркс пен Ф.Энгельсте эволюция идеясының күшті ықпалына түсті. Марксистік табиғи тарихи даму схемасын, барлық қоғамдар үшін міндетті белгілі сатыларды қосқан, эволюциялық амалдың тағы бір туындысы ретінде қарастыруға болады. Алайда Маркстың теориясына дарвинизмнің ықпалымен қатар Гегель жасаған тарихтың идеалистік тұжырымдамасы да күшті əсер етті. Гегельдің схемасы да үлкен құрылымы іспетті еді, бірақ ол идеалистік негізде орнатылды. Бұл жерде қоғам дамуы сатылары əлеуметтік-саяси əлемде жəне адам санасының əлемдік логикалық бастауды мойындаудың немесе абсолюттік ұғымның көрінісінің əртүрлі деңгейлерін бейнеледі. Осылайша Гегелше қоғамның дамуы таза логикалық көрініс ретінде көрінді, ол тарихилық, оның схемасына сəйкес, логикалыққа сай келді. Бұл бəрін қамтыған абсолюттік ұғымның бүкіл логикалық мазмұны тарихи үдерістегі нақты əлеуметтік-саяси формаларда өз уақытында көрінуге тиісті болуды білдірді. Дамудың диалектикалық схемасы, Гегель ұсынған, өмір сүрудің барлық формалары үшін, тірілер үшін де, өлілер үшін де бірдей, жəне бірізді үш сатыдан – бастапқы, оны терістеу, терістеуді дерістеуден міндетті түрде өтуден, яғни бастапқыға қайтып оралудан, бірақ басқа сапалы деңгейге оралудан тұрады. Кез-келген объектіде, кез-келген қоғамда міндетті түрде болатын қарама-қайшылықтардың күресі бұл қозғалыстың қозғаушысы болып табылады. Дамудың бір сатысынан келесі сатысына өту секіріс, революция арқылы, жинақталған сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге өту кезінде жүзеге асады.
Маркстің бұл схемасы «аяғынан басына қарай төңкеруі» нəтижесінде кез-келген қоғамға қолдануға болатын жəне бүкіл əлем халықтары үшін тарихтың бірдей ақырын қарастырған əмбебап гегелдікматериалистік моддель пайда болды, ол бір мезгілде жаңаның бастауы болуы тиіс: дүниежүзілік социалистік революция болуы керек, бұл қоғамды «бастапқы» тапсыз күйіне оралтады. Марксте антогонистік таптардың күресі дамудың қозғаушысы саналады.
Тек Маркс қана əлеуметтік революция ұғымын тарих философиясының орталық ұғымына айналдырды. Шындығында əлеуметтік революция уақытпен престелумен жəне өзгерістердің тоталдығымен ерекшеленетін əлеуметтік-саяси өзгерістердің маңызды, ерекше типі.
Əлеуметтік революция – бұл мемлекеттік жəне қоғамдық таптық құрылымдарды төңкеру жəне оларды бұрынғылардан түбегейлі айырмашылығы бар жаңа əлеуметтік тəртіппен алмастыру[2]. С.Хантингтон революцияны «қоғамда үстем етуші құндылықтар мен мифтердегі, оның саяси институттарындағы, əлеуметтік құрылымындағы, үкімет басшылығы мен қызмет тəсілдеріндегі жəне саясатындағы ішкі, іргелі жəне күштеу өзгерістері» ретінде анықтады, белгіледі.
Сонымен қатар, «əлеуметтік-саяси реформа» ұғымы да əлеуметтік-саяси өзгерістің белгілі бір түріне жатады. Реформа мен революция арасындағы айырмашылықтар əдетте реформаны қоғамдағы құндылықтардан басқаларына бағыт-бағдар ұстау үшін түбегейлі бас тарту болып табылады. Əдетте революциялық қайта құруларды жақтаушылар өздерін бүкіл қоғамның, таптың немесе халықтың шынайы құндылықтарын қорғаушымыз деп есептеді. Ал олардың қарсыластары өздерін дəстүрлі құндылықтарды қиратушы адамдардан қорғаушы ретінде санады.
Алайда, «революция» жəне «реформа» терминдері басқа мағынада жиі қолданылады: революция қоғам өмірінің барлық жақтарын қарқынды, шапшаң жəне түбегейлі өзгерту ретінде түсініледі, ал реформа – əлеуметтік-саяси өмірдің тек қайсыбір жеке, маңызды жақтарын қамтитын сипаты бойынша эволюциялық баяу өзгерістер ретінде пайымдалады.
Антипрогрессизм, романтиктерге тəн, немістің келесі ойшылы Ф.Теннистің идеяларынан көрінді. Ол қауымдастықтар мен қоғамдар сатысынан тұратын өте қарапайым, екі мүшелік схема жасады. Қауымдастық – бұл өткен дəстүрлі қоғамның романтикалық рухтағы идеалданған бейнесі, онда адамдар арасында эмоционалды қатынастар, жүрек қалаулары, туыстық байланыстар жəне діни дəстүрлер үстемдік етеді. Қоғамға, қауымдастыққа қарама-қарсы сипаттар тəн, əдеттегі байланыстар үзілген, шеттету күшейген, ұтымдылық эволюцияны ығыстырған, ал дəстүр секуляризмге жол берген кезде қоғам индустриализация үдерісінде пайда болады.
Э.Дюркгейм мен М.Вебер, ХІХ ғ. соңында қоғамтану сахнасына шыққан, прогресс идеясына екі жақты қатынасты анықтады. Мысалы, Э.Дюркгейм нағыз еңбек бөлінісін, түптеп келгенде қазіргі индивидуализмге, аномиялық күйге жеткізетін базистік əлеуметтік үдеріс ретінде қарастырды. М.Вебер эволюционизмді жоққа шығара келіп, батыс қоғамының дамуының басқа өркениеттерден түбегейлі өзгешелігін жəне жалпы тарихи бірегейлігін дəлелдеді. Вебердің пікіріне сəйкес, қазіргі капитализмді, бүгінгі ғылым мен ұтымды құқықтық жүйені, сондай-ақ қоғамда бюрократияланудың артуын алып келе жатқан батыс қоғамы үшін ұтымдылықтың ерекше типі тəн.
Дюркгеймнің, Вебердің жəне сол уақыттағы басқа да қоғамтанушылардың еңбектері эволюционизмнен əлеуметтік-саяси өзгерістердің статикалық теорияларына өтумен белгілі болды. Эволюциялық теориялар эмпирикалық негізде (оларды ғылымда жинақталған фактілер бірте-бірте жоққа шығарды), сонымен қатар оларға тəн детерминизм жəне еуроцентристік оптимизм сыни қайта қарауларға ұшырады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында ұзақ мерзімді прогресс идеясын жоққа шығарған циклдық өзгерістер теориялары танымал болды. Олардың қатарына италия ғалымы В.Паретоның «элита айналысы» тұжырымдамасы, сондай-ақ О.Шпенглер мен А.Тойнби жасаған «өркениеттің өмірлік циклі» теориялары жатты. Соңғылар бойынша кез-келген нақты өркениеттің өзінің даму сатысы болады, олардың дамуы əрдайым прогрессивті бола бермейді, олар өрлеу жəне құлдырау сатылары – пайда болу, өсу, гүлдену, құлдырау жəне жойылу кезеңдерінен тұрады деген идеяларды басшылыққа алды. Бұл адамның өмірлік циклін еске түсіреді. Америка əлеуметтанушысы жəне экономисі У.Ростоудың ХХ ғ. 60 жж. кеңінен танымал болған «экономикалық өсудің бес сатысы» тұжырымдамасы жоғарыда айтылған теорияларға жақын. Бұл тұжырымдамаға сəйкес, кез-келген қоғам өзінің дамуында келесі бес фазаны заңды түрде өтеді:
-аграрлық шаруашылыққа жəне қарапайым технологияға негізделген дəстүрлі қоғам фазасы;
-өнімділіктің артуымен, ұлттық аумақтық жəне экономикалық ықпалдасуыдың дамуымен, орталықтанған мемлекеттің пайда болуымен сипатталатын өтпелі қоғам;
-өндіріс төңкерісімен, озық технологияларды кіргізумен байланысқан экономикалық өрлеу сатысы;
-өндірістің қарқынды дамуы, жаңа өндіріс салаларының пайда болуы, ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен енгізілуі, урбанизация жəне т.б. байқалған кемел немесе индустриалдық қоғам сатысы;
-қоғам ең алдымен өндірістің мəселелеріне бағыт-бағдар ұстамай, керісінше тұтынуға, экономикада қызмет көрсету өндірісін басым болған «жаппай тұтынудың жоғарғы дəуірі» деп аталған даму сатысы.
Ростоу тұжырымдамасына постиндустриалды қоғамның көптеген теориялары негізделді. Соңғылардың арасынан А.Тоффлердің «супериндустриалды қоғам» теориясына толығырақ тоқталу жөн.
Технологиялық детерминизм идеясының жақтаушысы Тоффлер, қазіргі батыс қоғамында жүріп жатқан техника-технологиялық өзгерістер əлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы барысын анықтайды жəне əлеуметтік-саяси өзгерістер үдерістерін ынталандырады деп есептеді. Сондықтан қоғам тарихы, Тоффлердің пікірінше, дамудың тұрақты түрде жеделдеу əрекетінің болуымен сипатталады. Тоффлер адамзат қоғамын сатыларға бөлуге немесе технологиялық даму «толқындарына» негізделген кезеңдерге бөлудің өз схемасын ұсынды:
-бірінші толқын аграрлық кезеңге сəйкес келеді (хронологиялық жағынан бұл өндірістік төңкерістің басталуына дейінгі уақыт);
-екінші толқын өндірістік төңкеріспен, индустрияландырумен жəне ғылыми-техникалық революциямен жəне индустриалдық қоғам дəуірінің орнауымен байланысты;
-үшінші толқынды материалдық игіліктерді өндіруден қызмет көрсету өндірісінің басым болуы анықтады жəне супериндустриалды қоғам қалыптастыру туралы əңгіме қозғалған кезең.
Өз уақытындағы əлеуметтік мəселелерді Тоффлер қарама қарсы екі бағыт-бағдардың жəне бір қоғамдық құрылымның шеңберінде өмір сүретін индустриалдық жəне супериндустриалдық қоғамдардың қақтығыста болумен түсіндірді. Құрылымдар, индустриалды қоғам дəуірінде қалыптасқан, бюрократиялық басқару жүйесінің қаталдығын, максималды пайда табуға бағыт-бағдар ұстауын, ғылыми-техникалық революцияның жағымсыз салдарларын бақылауға алуға қабілетсіздігін сақтайды.
Тоффлердің пікірі бойынша индустриалдық қоғам дағдарысы мен «үшінші толқынның» басталуы себепші болған мəселелердің жаһандық сипаты бар. Индустриалды қоғам жинақталған барлық мəселелерді шешуді білдіреді. Супериндустриалды қоғаммен Тоффлер жаңа, жетілген технологияларға: компьютерлік техниканы ендіруге, ғарыштық зерттеулерді, гендік инженерия жəне биотехнологияны кіргізуге өту негізінде əлеуметтік өмірдің барлық саласын ізгіліктендірумен (гуманизация) байланыстырады. Супериндустриалды қоғамда, Тоффлердің пікіріне сəйкес, ақпараттың жəне интеллектуалды еңбектің рөлі артады. Бұның бəрі əлеуметтік-экономикалық қатынастардың жаппай өзгеруіне, басты сипаты адаптациялық қабілеті мен мобилдігі жоғары болатын тұлғаның жаңа типін қалыптастыруға ықпал етеді.
Əлеуметтік-саяси өзгерістердің ұзақ мерзімді үдерістеріне деген қызығушылық толықтай жойылған емес, ХІХ ғ. бірінші жартысында антропология мен əлеуметтануда функционализмнің гүлденуіне орай ол екінші қатарға кеткен еді. Сонымен қатар, эволюциялық даму ұғымы бəріне ортақ жəне бейтарап «əлеуметтік өзгерістер» ұғымымен толық ығыстырылды. Алайда ХХ ғ. 60-80 жж. біз жаһандық өзгерістерге деген қызығушылықтың қайтадан артқандығын байқаймыз. Р.Линтонның, Л.Уайттың, Дж. Стюарттың жəне басқалардың көптеген неоэволюциялық теориялары пайда болды. Бұл авторлар адамзаттың ұзақ мерзімді дамуы ретінде əлеуметтік эволюция идеяларын ұстанды. ХІХ ғ. эволюционизмге қарағанда неоэволюционизм барлық қоғамның өз дамуында əлеуметтік дамудың бəріне белгілі сатыларынан өтетініне сендірді. Қоғамдардың арасындағы айырмашылықтарға жəне олардың бір-біріне өзара ықпал етуіне үлкен көңіл аударылды, оны белгілеу үшін арнайы «аккультурация» ұғымы енгізілді. Сонымен бірге неоэволюционистердің түсінігінде əлеуметтік эволюция ықтималдық сипатта болады. Əлеуметтік даму ендігі жерде үздіксіз прогреспен бірдейлестірілмейтін болды.
Ұзақ мерзімді əлеуметтік-саяси дамуға деген қызығушылықтың қайта оралуы тарих сахнасына «дамушы елдер» деп аталатындардың шығуымен де байланысты. Бай жəне кедей елдердің өмір деңгейі арасында қалыптасқан үлкен алшақтықты түсіндіру үшін батыстың əлеуметтанушылары, саясаттанушылары мен экономистері ХХ ғ. ортасында модернизация теориясын жасады, оған сəйкес, кедейлер, өз дамуларында төменгі деңгейге тоқтаған, батыс қоғамы үлгісі бағытында дамуы тиіс немесе модернизациядан өтуі қажет. Мұндай теориялар еуроцентристік бағыттағы жасырын эволюционизм үшін, бай елдердің кедей елдерге саяси шешімдерін мəжбүрлеуде биліктің ұлтаралық қатынастарға жете көңіл аудармағаны үшін сынға алынды. Бұл аспектілер кейін шыққан өзара тəуелділік теориясында немесе оларды И.Валлерстайн «дүниежүзілік капиталистік жүйе» теориясы деп атаған тұжырымдамасының назарына ілікті.
Соңғы онжылдықта бір жағынан əлеуметтану мен антропологияның, екінші жағынан, тарихпен кейбір позициялардың жақындасуы байқалды. Тарихшылар ұзақ мерзімді əлеуметтік-саяси өзгерістер теорияларына көптеп қызығушылық танытса, əлеуметтанушылар мен антропологтар өздерінің теориялық дайындауларына эмпирикалық дəлелдерді іздестіруде тарихқа жүгінді. Бұл Қазақстанның мысалынан жақсы көрінеді.
Қазақстан қоғамы соңғы онжылдықтар бойы əлеуметтік-саяси өзгерістер үдерісін басынан кешіруде. Қазіргі Қазақстан қоғамындағы əлеуметтік-саяси өзгерістердің ерекшелігі қоғамның бір қоғамдық экономикалық құрылыстан басқасына жүйелі өтуімен байланысты. Бұл урбанизация, демографиялық өзгерістерден немесе жəй модернизациядан тіптен де өзгеше. Мұнда əлеуметтік-саяси өзгерістердің барлық түрлері мен типтерінің кешені, барлық факторлардың өзара əрекеті баршылық.
Постиндустриалды қоғам деп аталған жедел даму жолы Қазақстандағы демократиялық өзгерістердің аса тиімді жолы болып саналады. Шындығында елдің үлкен, бірегей интеллектуалдық, өндірістік əлеуетін, аумақтық көлемін, ұлттық, жалпы қазақстандық мақтаныш пен намыс сезімін, əлемнің дамыған елдерінің арасынан ойып орын алуын ескеріп, біздің халқымыз бен мемлекетіміздің мүмкіндіктері мен арманына постиндустриалдық, демократиялық қоғамның ерекше, бірегей қазақстандық вариантын таңдау сəйкес келеді. Осылайша, Қазақстан қоғамын демократияландыру оның тарихындағы бірден-бір аса мəнді əлеуметтік-саяси қайта құруларды, тіптен ең терең жəне іргелі əлеуметтік-саяси өзгерістерді қамтыған.
Қорытындылай келіп, əлеуметтік-саяси өзгерістер – бұл əлеуметтік-саяси қатынастар болатын кезкелген модификация екенін айтуымыз керек. Демек, əлеуметтік-саяси өзгерістер – бұл уақыт өте əлеуметтіксаяси құбылыстардың, элементтердің, құрылымдардың, байланыстардың бір күйден басқасына өтуі. Əлеуметтік-cаяси өзгерістердің мəнін терең түсіну үшін əлеуметтік-саяси өзгерістер моделдерін қарастыру қажет.
2. Əлеуметтік-саяси өзгерістер моделдері
Əлеуметтік-саяси өзгерістерді зерттеген қоғамдық ғылымдардың барлық теоретиктерінің ортақ сенімі мұндай өзгерістердің қалай болса солай, еркін болмайтындығына, қайсыбір дəрежеде қандайда бір заңдылықтарға бағынатынына саяды. Басқаша айтқанда, əлеуметтік-саяси өзгерістердің қандай да бір тұрақты құрылымдары немесе моделдері бар. Əлеуметтік-саяси ой тарихында мұндай моделдердің үш түрі ұсынылды: төмен түсетін сызық бойынша биіктен төмен құлдырау қозғалысы; тұйық шеңбер бойынша – циклдік қозғалыс; төменнен жоғарыға қарай – прогрестік қозғалыс. Əртүрлі комбинацияда осы үш вариант əлеуметтік өзгерістер теорияларының бəрінде əрдайым болды. Алайда қазіргі теорияларға нормативтік тəн емес, басқаша айтқанда, дамуды бағаламайды, сондықтан қоғамның құлдырау немесе прогресс ретіндегі қайсыбір күйін анық ешқашанда анықтамайды. Мұндай бағалар тек эмпирикалық бақылаулардан ғана шығып қоймауы керек. Мұндай жағдайда дамудың циклдік жəне бір бағыттық екі схемасының барлығы туралыайтылуы қажет.
Бір бағытты даму əдетте кумулятивті болады: ол бірдеменің өсуі немесе жинақатлуы ретінде – халықтың тығыздығы, ұйымның деңгейі, өндірістің көлемі сияқтыларды түсіндіреді. Алайда оның бағыты төмен түсуді немесе өрлеу мен құлдыраудың үйлесімі болуы мүмкін. Өзгерістің соңғы типін америка антропологі К.Гирц «инволюция» деп атаған. Ол кейбір аграрлық қоғамдарда кездеседі, өйткені оларда адамдардың санының прогрессиялық артуы жан басына шаққандағы əл-ауқаттың дəл сондай прогрессивтік төмендеуімен үйлеседі. Салалық (линеялық) өзгеріс бір бағытты өзгеріс үдерісінің қарапайым типі, өйткені онда жүріп жатқан өзгерістердің көлемі кез-келген уақытта да тұрақты болып табылады.
Соңғы жылдардағы ғылыми əдебиеттерде циклдік əлеуметтік-саяси өзгерістерге көп көңіл бөлінуде. Бұл əлеуметтік-саяси өзгерістердің күрделі моделі, себебі ол өзіне эволюциялық жəне революциялық өзгерістерді, өрлеу жəне құлдырау үдерістерін қосқан. Сонымен бірге біздер циклдік өзгерістер туралы айтқанда қандайда бір өзгерістің жеке актісі туралы сөз етпейміз, жиынтығы циклді құрайтын белгілі бірқатар өзгерістерді əңгіме етеміз. Циклдар деп қайсыбір уақыт аралығында айналымды құрайтын белгілі бір құбылыстардың, үдерістердің жиынтығын айтады. Циклдың соңғы нүктесі алғашқысын қайталайды, бірақ оны басқа жағдайларда немесе басқа деңгейде қайталайды. Циклдік əлеуметтік-саяси өзгерістер жыл мерзіміне сəйкес жүреді (ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдық сипаты), бірақ ол бірнеше жылды (мысалы, экономикалық дағдарыс себепші болған өзгерістер) жəне бірнеше жүзжылдықты (мəдениет типтері) қамтуы мүмкін.
Əртүрлі бағыттағы əлеуметтанушылар, саясаттанушылар көптеген əлеуметтік, саяси институттардың, қауымдастықтардың, таптардың жəне тұтас қоғамдардың циклдік схемасы бойынша – пайда болу, өсу, гүлдену, дағдарысқа ұшырауы жəне солу, мұрагер болатын жаңа құбылыстың пайда болуы, олардың қарсылас болуы, тіптен бірмезгілде мұрагер-қарсылас болуы, өзгеруі фактілерін белгіледі. Мұндай өзгеріс схемасына қоғамдағы көптеген – əлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани құрылымда бейім.
Циклдік əлеуметтік-саяси өзгеріске ерекше күрделі қоғамдағы əртүрлі құрылымдар, құбылыстар мен үдерістердің циклдарының біржылдың жəне одан да аз уақыттың шеңберіне сиятын маусымдықтан бастап көпғасырлыққа дейінгі əртүрлі зат береді. Тарихтың қазіргі əрбір сəтінде біз дамудың əртүрлі сатысында орналасқан əлеуметтік, саяси құрылымдардың, құбылыстардың, үдерістіңбір мезгілде қатар өмір сүруін көріп отырмыз. Осымен олардың арасындағы өзара əрекеттің, өзара сəйкессіздіктің жəне жанжалдың сипаты айтарлықтай дəрежеде анықталады.
Əлеуметтік-саяси өзгерістердің циклдық сипатына адамдар ұрпақтарының ауысуы айқын мысал бола алады. Əрбір ұрпақ дүниеге келеді, əлеуметтік, саяси пісіп-жетілу кезеңінен өтеді (əлеуметтену), одан кейін белсенді қызмет істеу кезеңі келеді, одан əрі қарттық кезең жəне тіршілік циклының табиғи аяқталуы келеді. Əрбір ұрпақ ерекшелікті əлеуметтік-саяси жағдайларда қалыптасады, сондықтан ұрпаққа ұқсамайды жəне өмірге, ақиқатқа, саясатқа, экономикаға, мəдениетке əлеуметтік-саяси өмірде бұрын болмаған өздерінің жаңаларын əкеледі, сөйтіп ол көптеген əлеуметтік өзгерістерді жүзеге асырады. Ұрпақтардың əлеуметтік-саяси өзгерістер үдерісіне қосатын үлесі əртүрлі болады, бірақ олардың əрқайсысының мұндай үлес қосатыныны сөзсіз.
Осы ұрпақ өкілдерінің дүниеге келуі мен өмірден өтуінің арасындағы уақыттың орташа аралығы өмірдің орташа ұзақтығын құрайды. Бұл – өмір деңгейінің жəне əлеуметтік-саяси өзгерістер қарқынының көрсеткіші, ол тарих барысында, əсіресе, соңғы жүзжылдықта айтарлықтай өзгерді. Мысалы, ХІХ ғ. соңында өмірдің орташа ұзақтығы 35-40 жастан аспады, ол кезде де 80-100 жас жасаған қарттарда кездескен. Дамыған елдерде өмірдің қазіргі орташа ұзақтығы 70 жасқа дейін жəне оданда жоғарыға көтерілді. Осы уақыт аралығын осы жағдайдағы ұрпақтардың толық циклі деп санауға болады.
Сонымен қатар, шағын циклдарды да, ең алдымен сол ұрпақтың белсенді еңбек істеген кезеңін бөліп көрсетуге болады. Қазіргі жағдайда бұл орта есеппен 35-40 жыл (20 жаста еңбек жолын бастағаннан 58-63 жаста зейнеткерлікке жеткенге дейін). Егер де толық цикл халықтың толықтай жаңаруын, ұрпақтардың физикалық ауысуын білдірсе, онда шағын цикл қоғам тіршілік əрекетіндегі ұрпақтың ауысуын білдіреді.
Барлық əлеуметтік-саяси өзгерістерді қарастырған кезде қоғамдағы ұрпақ ауысуын циклдық сипатта абстракциялауға болмайды. Ұрпақтар сабақтастығы, біріншіден, циклдық сипатта жүреді, екіншіден, басқа əлеуметтік-саяси өзгерістерге циклдық сипат береді жəне əлеуметтік-саяси дамудың жалпы қарқынына белгілі бір деңгейде ықпал етеді. Бұл жерде үш мөлшердің арасындағы қатынастың: адамдар ұрпақтарының толық жəне шағын циклдарының жəне машина ұрпақтарының циклдарының (оларда затқа айналған білімнің) принциптік маңыздылығы бар.
Өмір ұзақтығының артуы, яғни ұрпақтардың толық циклының ұзақтығының артуы, əлеуметтік-саяси өзгерістер қарқынының баяулауына əкелуге тиісті еді. Алайда біздер соңғы 200-300 жылда кері картинаны байқаймыз, яғни қоғамдық даму қарқынының жеделдегенін көріп отырмыз. Адамдар ұрпақтары туралы айтумен қатар білім ұрпақтары жөнінде де, машина ұрпақтары туралы да (компьютерлер, ұшақтар жəне т.б.) айтуға болады. Нақты өмірде біздер техниканың ескі жəне жаңа ұрпақтарын айыруға ұмтыламыз. Техниканың жаңа ұрпағы дегенде тозған немесе моралдық ескірген құрал-жабдықтарды жай ғана алмасытыру, жөндеу жəне жеңіл-желпі жетілдірілгенін түсінбеуіміз керек. Қоғамтанулық əдебиеттерде жаңа ұрпаққа кем дегенде бір, көбінесе бірнеше қатынастарда, түптеп келгенде өзінің тиімділігі бойынша бұрынғыдан екі есе артықшылығы бар жетілген еңбек құралдарын, механизмдерді жатқызады. Өткен ғасырларда машина ұрпақтары өте баяу алмасты: адамдардың бірнеше ұрпағы бір ұрпақты техникада жұмыс істеді, бұл əсіресе, ауылшаруашылығы өндірісіне тəн болды. ХVІІІ-ХІХ ғғ. өнеркəсіп төңкерісінен кейін техника ұрпағының ауысу қарқыны артты жəне оны адамдар ұрпағының ауысуымен салыстыруға болатындай болды. ХХ ғ. ортасында ғылыми-техникалық революция осы ұрпақтардың өзара қатынастарына сапалы өзгерістер енгізді: енді Э.А.Араб-оғлы атап көрсеткеніндей, техниканың жаңа ұрпақтарының ауысу қарқыны қызметкерлер ұрпақтарының ауысу қарқынын басып озды. Мысалы, адамдар ұрпақтарының шағын циклы шеңберінде алдыңғы қатарлы өндіріс салаларында техниканың бірнеше ұрпағының ауысуы жүрді. Электроникада, қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен енгізіліп отырған, ХХ жүзжылдықтың ортасында, яғни шамамамен елу жылдың ішінде компьютерлердің бес ұрпағы ауысты.
Техниканы жаңалау үдерісі білімнің ескіру жəне оны жаңалаудың қажеттігі үдерісімен тығыз байланысқан. Бұл жерде затқа, яғни, техникаға, машиналарға айналған білімді жəне «тірі» білімді, яғни қызметкерлердің бойына сіңген, олардың біліктілігін, компетенттігін (разрядтарда, ғылыми дəрежелерде) білдіретін білімді айыра білу керек.
Білімнің ескіру қарқыны, жоғарыда келтірілген интервалмен анықталған, сонымен бірге тірі білімнің яғни қызметкерлердің біліктілігін тұрақты, жүйелі түрде жаңалаудың қажеттігін талап етеді. Э.А.Арабоғлының пікірі бойынша, қайсыбір мамандыққа қажетті білім көлемін екі есеге арттыру 12 жылдық интервалмен жүретін болса, онда 23 жасында жоғары оқу орнынан кейін жұмысқа кірген адамның 35 жасында білімніңтек жартысы ғана қалады, осы салада білікті маман қызметін атқаруға қажетті 47 жасында – ширегі, ал 59 жасында білімінің сегізден бір бөлігі қалады екен[3]. Міне, сондықтан ғылым мен техниканың барлық деңгейлері мен салаларында мамандардың біліктілігін тұрақты, жүйелі түрде арттырудың қажеттігі туралы мəселе өткір болып тұр. «Жұмыс істейтін» білім жəне «жұмыс істейтін» машина циклдары жұмыс атқаратын адамдар ұрпақтарына өз талаптарын қояды.
Осылайша қазіргі қоғамда өткен жүзжылдықтағы қоғаммен салыстырғанда (басқа ғасырлар туралы айтпағанның өзінде) машина, техника жəне технология ұрпақтарының ауысуы жеделдейді, бірақ адамдар ұрпақтарының физикалық ауысу үдерісі баяулайды. Алайда, сонымен қатар қызметкерлердің кəсіби біліктілігінің деңгейін жаңалаудың жеделдеу үдерісі байқалады. Бұл көрсеткіштердің жиынтығы қоғамның ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік-саяси прогресінің қарқынын анықтайды. Бірнеше ондаған жылдарға созылған үлкен уақыт аралығындағы əлеуметтік өзгерістердің циклдық сипаты қоғамдық ғылымдар саласындағы көптеген мамандардың назарын өзіне ерекше аудартып отыр. Экономистердің, əлеуметтанушылардың, философтардың жəне саясаттанушылардың арасында үлкен циклдар немесе ұзын толықындар деп аталған теориялар айтарлықтай кең тараған.
Көпшілікке кеңінен танымал Ресей экономисі Н.Д.Кондратьев циклдық өзгерістерді зерттеуде маңызды үлес қосты[4]. Ол экономикалық дамуда ұзын циклдардың болатындығын дəлелдеді, олардың барысында көптеген экономикалық көрсеткіштердің шығу фазасынан бастап басылу фазасына дейінгі динамикасы өзгереді, жəне де осы циклдардың дамуы үдерісіндегі өндіргіш күштердің секірмелі өзгерістері жəне оларға сай экономикалық қатынастар барлық əлеуметтік-cаяси құрылымдардағы ұқсас өзгерістермен өзара байланысқан. Кондратьев зерттеген үлкен циклдың бірінші көтерілу толқыны қоғамдық шаруашылық өмірінің негізгі жағдайларындағы, ХVІІІ ғ. соңы-ХІХ ғ. басындағы өнеркəсіп революциясының қызу жүріп жатқан кезіндегі айтарлықтай өзгерістерден басталады, бұл кезде ірі техникалық өнер табулар іске асады, өндірістің жаңа салалары құрылады, ал осы циклдық өзгерістердің өзі ірі əлеуметтіксаяси күйзелістермен – Ұлы Француз революциясы, Наполеон соғыстары жəне т.б. революциялармен жəне соғыстармен қабаттаса жүреді.
Тарихи тəжірибе көрсеткеніндей экономикалық, əлеуметтік-саяси дамудың үлкен циклдарының бет бұрыс нəтижелеріне жақын жерде, əдетте, жалпы еуропалық, тіптен əлемдік масштабтағы ірі оқиғалар болады. Мысалы, циклдық өзгерістердің бірінші ұзын толқынының минимум жəне максимум шегінде (1780-1820 жж.) Ұлы француз революциясы жəне Наполеон соғыстары, Ресейдің Түркиямен соғысы, Польшаны екінші жəне үшінші бөліске салуы жүрді. Циклдық өзгерістердің екінші ұзын толқыны кезеңінде (1842-1870 жж.) еуропаның бірқатар елдерінде буржуазиялық революциялар, франция-германия соғысы өтті жəне Париж коммунасы орнады. Үшінші ұзын толқын кезеңінде (1890-1920 жж.) орысжапон соғысы, Бірінші дүниежүзілік соғыс, Қазан революциясы болды. Төртінші ұзын толқынның (19301970 жж.) ең ірі күйзеліс Екінші дүниежүзілік соғыс пен дамыған батыс елдеріндегі солшыл радикалды қозғалыстың шыңына шығуы болды. Циклдық өзгерістердің бесінші ұзын толқынының (1990 ж.шамамен 2030 ж.) өрістеуінің бас кезіндегі Кеңес Одағының ыдырауы, дүниежүзілік социалистік жүйенің күйреуі бүкіл əлемді тітіретті жəне бұл кезеңде бізді қандай ірі əлеуметтік-саяси күйзелістер күтіп тұрғанын айту қиын.
Əлеуметтік-саяси өзгерістер сонымен қатар, эндогенді (өзгерудегі қоғамның ішкі табиғаты немесе құрылымы себепші болған) жəне экзогенді (сыртқы себептер туындатқан) моделдерге топтасады. Капитализмнің жедел дамуы жəне М.Вебер түсіндірген протестантизмнің этикалық идеяларының ықпалымен бастапқы капиталдың қалыптасуы экзогендік өзгерістің мысалы бола алады.
Эндогенді үдерістер бастауын өзгерудегі қоғам құрылымынан алады. Олардың кейбіреулері оның трансформациялануына əкелсе, кейбіреулері, керісінше, оның сақталуы мен нығаюына əкеледі. Бірінші жағдайда əңгіме эволюциялық жəне революциялық үдерістер жөнінде болып отыр, екіншісінде əлеуметтік-саяси ұдайы өндірудің жəй, қарапайым үдерістері туралы айтылып отыр. Эволюциялық үдерістер жүйенің өз өмір сүру заңдарының модификациясын шақырған кезде жүреді. Мұндай үдерістерге ғылыми білімнің дамуы немесе еңбек бөлінісінің дамуы мысал бола алады.
Қоғамда əлеуметтік-саяси өзгерістердің моделі ретінде əлеуметтік-саяси прогресс жəне регресс болады. Əлеуметтік-саяси прогресс деп əлеуметтік-саяси жүйе дамуының төменгі деңгейден оның жоғарғы деңгейіне немесе аса күрделі ұйымдық құрылымды жəне аса тиімді функцияларды иеленген жаңа, барынша жетілген əлеуметтік-саяси жүйеге өтуді іске асыруға бағытталған өзгерістер түсіндіріледі.
Қоғамдағы прогрессивті өзгерістердің пайда болуына адамзаттың өркениетке дейінгі, архаикалық даму сатысынан 9-10 мың жыл бұрын орнаған өркениетті дəуірге өтуінен сөзсіз көрініс тапты. Қоғамның аграрлық-қолөнерлік типінен, шамамен 250-300 жыл бұрын жүзеге асқан, оның индустриалдық типіне өтуде соншалықты прогрессивті болды. ХVІІІ ғ. соңы –ХІХ ғ. басындағы өнеркəсіп революция осы өтудің негізгі формасына айналған еді. Əлеуметтік-саяси өзгерістер, осы прогрессивті үдерістер туындат-қан, өте ауқымды болды. Жер жыртудың орнына келген өнеркəсіп экономиканың, əлеуметтік өмірдің, саясаттың жəне мəдениеттің негізіне айналды. Монархтардың қатал авторитарлық билігінің орнына парламенттердің жəне президенттердің демократиялық (немесе жалған демократия) билігі келді. Феодалдық ақсүйектердің орнына буржуазия əлеуметтік-саяси құрылымдағы үстемдікті иеленді. Бұрынғы білімсіз халықтың көпшілігін білімді адамдар алмастырды, этностардың феодалдық бытыраңқылығының орнына олардың ықпалдасуының нəтижесінде біртұтас əдеби тілгенегізделген жəне кітап басу өнімдерін таратуға негізделген жоғары дамыған мəдениеті бар ұлттар пайда болды.
Алайда қоғамда жоғарыдан төменге өтуге бағытталған əлеуметтік-саяси өзгерістерде бар. Ол деградация үдерістерімен, жүйенің өмір сүруі үшін жəне оның тіршілік əрекетін қолдау үшін қажетті функцияларды орындау қабілетін жоғалтумен байланысты. Əлеуметтік-саяси регресс дегенннің өзі осы, дамудың төмен қарай бағытталуымен қатар, ол тоқырау, құлдырау, күні өткен əлеуметтік-саяси құрылымдар мен функцияларға оралу моменттерінен тұрады. Осылайша, əлеуметтік-саяси регресс əлеуметтік-саяси өзгерістердің бағытталуы бойынша прогреске қарама-қарсы. ХХ жүзжылдықтың 30 жылдарында Германияда фашистік режимнің орнауы əлеуметтік-саяси регрестің анық көрінісі болды. Соның нəтижесінде демократиялық парламенттік республика «фюрердің» тоталитарлық диктатурасымен басып-жанышылады, көптеген мəдени құндылықтар жоққа шығарылды, əлем əдебиетінің көрнекті шығармалары жаппай отқа жағылды. Ғылым мен мəдениеттің көптеген атақты қайраткерлері эмиграцияға кетуге мəжбүрленді. Еврей халқының 6 млн. өмірін əкеткен геноцид іске асырылды. Ал неміс ұлты, нəсілдік идеологияға масаттанып бас айналған, ел үшін, бүкіл неміс халқы үшін үлкен əлеуметтік-саяси апатқа айналған Екінші дүниежүзілік соғыстың пəлекетіне тасталды.
Алайда прогресс пен регрестің арасында қарама-қарсы байланыстың болуымен қатар көпжақты өзара тəуелділікте баршылық. Бір жағынан жекелеген регрестік өзгерістер əлеуметтік-саяси жүйенің жалпы прогрессивтік дамуы шеңберінде жүруі мүмкін, екінші жағынан регрессивтік өзгерістердің артуы кезінде жалпы жүйе оның жекелеген құрылымдық компоненттері немесе функциялары дамудың прогрессивтік бағытын сақтай алады, тіптен күшейтеді де. Мысалы, Жан Жак Руссо өмір сүрген кезде (ХVІІІ ғ. екінші жартысы) қоғамдық ғылымдарға маманданған ғалымдардың айтарлықтай бөлігі ғылыми техникалық прогрестің қоғам дамуы үшін жағымдысалдарларымен қатар мінезді, өнегелікті нашарлатады, регреске жеткізеді деп есептеді.
Қоғам дамуындағы прогрессивтік жəне регрессивтік өзгерістердің өзара əрекетінің күрделілігі мен қарама-қайшылығын ескеріп, қоғамтанушы əлеуметтік-саяси өзгерістерді бағалау үшін, оларды прогресс немесе регресс ретінде айқындау үшін қандай да бір объективті көрсеткіштерді табуға ұмтылуы тиіс.
Мұндай жағдайларда, əдетте, бағалауға негіз болатын əлеуметтік-саяси көрсеткіштердің арнайы жүйесі жасалады.
Модернизация деп аталған əлеуметтік-саяси өзгерістер моделін ерекше бөліп көрсетуге болады.
Қоғамтануда «модернизация» ұғымы дəстүрлі, аграрлық қоғамнан қазіргі индустриалдық, секулярлық қоғамға өтудің тарихи үдерісін белгілеу үшін қолданылады. Қоғамды модернизациялау ең алдымен индустрияландыруды ойластырады. Қазіргі қоғамның тарихи қалыптасуы өнеркəсіптің пайда болуымен байланысты. Қазіргі ұғымымен байланысатын барлық сипаттамалардың бірқатар өзгерістерге қатысы бар, ол екі жүз жыл бұрын өмірге қоғамның индустриалдық типін əкелген еді. Бұл «индустриализм» жəне «индустриалды қоғам» терминдерінің тек экономикалық жəне технологиялық маңызының барлығын болжауға мүмкіндік береді. Индустриализм – бұл экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне мəдени терең өзгерістерді қамтитын өмір стилі. Жан-жақты индустриалды трансформация үдерісінде ғана қоғам қазіргі қоғамға айналады. Осы контексте қазіргі қоғамның негізгі белгілері болып: инновацияға бағыт-бағдар ұстау, əлеуметтік-саяси өмірдің зайырлық сипаты, үздіксіз (циклдік емес) даму, биліктің демократиялық жүйесі, жаппай білім беру жəне т.б. саналады.
Модернизация – бұл үздіксіз жəне шексіз үдеріс[5]. Модернизацияны органикалық немесе органикалық емес екі түрге ажыратады.
Органикалық модернизация өткен эволюция барысында дайындалып, қоғамның өзінің дамуы болып табылады. Мұндай модернизация экономикадан емес, мəдениеттен, саясаттан жəне қоғамдық сананы өзгертуден басталады. Капитализм адамдар өмір укладындағы, дəстүріндегі, дүниетанымындағы жəне бағыт-бағдарындағы өзгерістердің табиғи салдары ретінде пайда болды. Ол үкіметтің тарихи артта қалушылықты жою жəне шетелдік тəуелділікке жол бермеу мақсатында жасайтын дамудың «қуып жету» тəсілі іспетті. ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы сталиндік индустриаландыру, 1985 жылғы қайта құру жəне 1991-1993 жж. экономикалық реформалар осы мақсатты ұстаған еді.
Органикалық емес модернизация шетел құрал-жабдықтарын жəне патенттерін сатып алу, бөгде технологияны енгізу (экономикалық шпиондық əдіспен), мамандарды шақыру, шет елдерде маман даярлау, инвестиция тарту жолдарымен іске асады. Осыған сəйкес, əлеуметтік жəне саяси салаларда өзгерістер жүреді: басқару жүйесі шұғыл өзгереді, жаңа билік құрылымдары енгізіледі, елдің конституциясы шетелдік үлгілерге бейімделеді. Органикалық емес модернизация мəдениеттен емес, керісінше экономика мен саясаттан басталады. Басқаша айтқанда, органикалық модернизация «төменнен», ал органикалық емес – «жоғарыдан» жүреді.
Модернизация қоғам өмірінің барлық формасын қамтиды:
-Саяси модернизация белгілі бір негізгі институттардың – саяси партиялардың, парламенттің, халықтың қатысуы негізінде шешім қабылдауға ықпал ететін сайлау құқын жəне жасырын дауыс беруді дамытуды ойластырған.
-Мəдени модернизация əдетте секуляризацияға жəне ұлттық идеологияның дамуына құйылады.
-Индустриаландырудан айырмашылықты экономикалық модернизация экономикалық өзгерістер- мен – еңбек бөлінісінің өсуімен, менеджмент əдістерін жəне жетілдірілген технологияны қолданумен, сондайақ коммерция үшін қолайлы жағдайдың дамуымен байланысқан.
-Əлеуметтік модернизация сауаттылықтың артуын, урбанизацияны жəне дəстүрдің беделінің төмендеуін болжамдайды.
Модернизацияның тарихи мерзімдерін жүздеген жылдармен есептеуге болады, жеделдетілген модернизация мысалдарыда жеткілікті. Қалай дегенмен де модернизация – бұл бір емес, өмірлік қол жеткен қалып.
Қазіргі қоғамның арқауында қоғамның тепе-теңдікке жетуіне жол бермейтін динамикалық қағидат орын алған. Қоғамның дамуы əрдайым тұрақсыздықпен жəне бір қалыпты еместікпен ерекшеленеді. Даму деңгейі қандай болса да əркезде қоғамда «артта қалған» аймақтар мен «шеткі» топтар болады. Олар тұрақты түрдегі шиеленіс пен қарама-қайшылықтың қайнар көзін құрайды. Бұл құбылыс жекелеген мемлекеттердің ішкі дамуымен ғана байланысты емес. Модернизация батыс елдерінің бастапқы шеңберінен шығып, бүкіл жер шарына қозғалысын бастаған кезде ол бүкіл дүниежүзілік масштабта байқалды. Дамуы бір текті жəне біркелкі елдердің болуы əлемдегі мемлекеттер жүйесіне тұрақсыздықтың маңызды элементтерін енгізеді. Модернизацияның, біздің түсінігімізше, екі негізгі фазасы бар. Модернизация үдерісі өзінің дамуының белгелі бір моментіне дейін қоғамның институттары мен құндылықтарын сақтайды жəне оларды əдетте прогрессивті қозғалыс ретінде қарастырылатын жетілдіруге қатыстырады.
Модернизация үдерісіне бастапқы қарсылық көрсету қатты жəне ұзаққа созылуы мүмкін, бірақ ол əдетте сəтсіздікке ұшырайды. Модернизация өзінің дамуында белгілі бір нүктеге жеткеннен кейін көптеген наразылықты тудыра бастайды. Бұл халықтың күтілісті көтеріп жіберуімен түсіндіріледі, оларды қазіргі қоғамның бастапқы кездегі тез табыстары мен динамизмі араңдатқан болатын. Топтарда қоғамға жоғары талаптар қою үрдісі бар, ол талаптарға сəйкес келу күннен күнге қиындай түсуде. Модернизация дүниежүзілік масштабта жеделтеу деңгейіне жетіп, жаңа əлеуметтік жəне материалдық мəселелерді туындатады, олар қазіргі қоғам негізделген қағидаттардың өсуі мен кеңеюіне қауіп төндіруі мүмкін. Қазіргі қоғамдар осы екінші фаза кезінде бірқатар жаңа мəселелермен бетпе-бет келеді, оларды шешуге дəстүрлі ұлттық мемлекеттердің күші жете бермейді. Бірақ əлемде дамуы бірдей емес жəне мүдделері қақтығысатын мұндай егеменді ұлттық мемлекеттердің жүйесі басым. Алайда қазіргі қоғамның мəні оның шақыруына-сын-қатеріне (вызов) жəне оған жауап реакция беруден тұрады. Қазіргі қоғамның табиғаты мен дамуын қарастырғанда бірінші орынға қауіп-қатерлер мен қиыншылықтар шықпайды. Қазіргі қоғамға адамзат тарихындағы ең түбегейлі жəне алысқа апаратын революцияны жүзеге асыртқан таң қаларлық табыстар алға шықты.
Бұдан шамамен екі жүз жыл бұрын басталып, əлдеқайда кейін концептуалды бекіген индустриаландыру мен модернизация феномендері əлі күнге шейін аяқталған жоқ. Тарихтың аяқталуы, егер де мұндай жалпы болатын болса, əзірге көрінбейді жəне осы масштабты тарихи қозғалыстың табиғатын жəне маңыздылығын түбегейлі бағалау мəселесі əзірге жауапсыз қалып отыр. Кешеуілдеген модернизация теориясы, ХХ ғ. 60 жж. жасала бастаған, батыс əлеуметтанушылары үшін бүгінгі еуразия жағдайын талдаудыңаппараттық құралына айналды. Кешеуілдеген модернизация теоретиктері қоғам дамуында сызықтық ( линейный) прогресс жəне ілгерлеу сатысы бар деп есептейді. Соған сəйкес табиғат өнімдерін өндіру аграрлық экономикамен ауысады, ал соңғысын индустриалдық алмастырады. Осы көзқарас тұрғысынан, индустриалдық модернизация жолын «уақытында» өтуге үлгермеген елдер өздерінен осы бағытта озып кеткен қоғамды «қуып жету» үшін «кеш те болса» мұны жасайды жəне жасауға тиіс. Бұл тұжырымдама «қуып жету модернизациясы» деген атау алды.
Иммануил Валлерстайн модернизация теориясының орнына дүниежүзілік жүйе теориясы деп аталған моделді ұсынды. Онда қауымдастықтарға жəне ұлттық мемлекеттерге екінші қатардағы маңыздылық берілген, ал бірінші орынға жаһандық əлеуметтік-саяси өзгерістер қойылған.
Сонымен, қоғам жаһандық деңгейде дүниежүзілік жүйеге айналады, оны дүниежүзілік қауымдастығы деп те атайды. Мұндай жүйені екі форма айрықшалайды – дүниежүзілік империялар (көптеген аумақтар, бір мемлекеттік түзілімге саяси біріккен) жəне дүниежүзілік экономикалық жүйелер (саяси бір мемлекетке бірікпеген, бірақ ұқсас экономиканы дамытушы елдер).
Осымен байланысты өркениеттің адамзат қоғамы дамуының жаһандық деңгейін бейнелейтінін, онда əлеуметтік-саяси жүйелердің ықпалдасуы жүретінін айтуымыз керек.
Жоғарыда айтылғанның бəрінен əлеуметтік-саяси өзгерістердің барлық моделдері, типтері бір-бірімен өзара байланысқан жəне өздерінің əрекеттерінің жиынтығымен əлеуметтік-саяси динамиканың алуан түрін іске асырады деген қорытынды шығады. Əлеуметтік-саяси өзгерістер тек көп түрлі, көп моделді ғана емес, олар қоғамның барлық саласын, барлық деңгейін жəне оның құрылымының буындарын, оның-экономикалық, əлеуметтік, саяси, социомəдени жүйешелерін, олар атқаратын бүкіл функцияларды қамтиды. 3. Əлеуметтік-саяси өзгерістердің факторлары
Үлкен эмпирикалық материалдар, қоғамтану жинақтаған, нақты əлеуметтік-саяси өзгерістердің себептері мен қайнар көздерін тек экономикалық факторларға таңуға болмайтындығын көрсетті. Олар əлдеқайда күрделі, көптүрлі, ал кейде қатаң детерминистік түсіндіруге де берілмейді. Көптеген жағдайда тек əлеуметтік-саяси құрылымдардағы, олардың функцияларындағы өзгерістер ғана экономикалық жəне басқа да өзгерістерге қозғау салады.
Жалпы, физикалық орта, халық, жанжалдар, құндылықтар мен нормалар, инновация, идеология жəне
т.б. əлеуметтік-саяси өзгерістердің факторлары – қайнар көздері болатындығын айтуымыз керек.
Адамдар – саяси тұлға, белгілі бір мекенде өмір сүретін физикалық тіршілік иелері. Тірі қалу үшін олар қаршаған ортамен өзара əрекетке түсуі қажет. Басты бейімдеу механизмдерінің санатына, халықтың қарамағында бар, əлеуметтік, саяси ұйым мен технология жатады. Алайда, əлеуметтік, саяси ұйым, технология, қоршаған ортаның біріне адамдардың бейімделуіне көмектесетін, басқалардың адаптациясы үшін сəйкес келуіне міндетті емес. Аңшылар мен терімшілердің, бау-бақшалық, аграрлық жəне индустриалдық қоғамдар адаптациялық типтері бойынша ерекшеленеді. Егер де қоршаған орта қандай да бір себепке байланысты өзгермесе, оның тұрғындары, қоршаған ортаға белгілі бір адаптация типін жасаған, бұл өзгерістерге сəйкесінше институционалдық өзгерістерімен, əлеуметтік, саяси ұйымдардың жаңа формаларын жəне техникалық өнер табыстарын жасаумен жауап беруі тиіс. Қуаңшылық, су тасқыны, эпидемиялар, жер сілкінісі жəне басқа да стихиялық күштер адамдарды өздерінің өмірлік стильдеріне өзгерістер кіргізуге мəжбүрлейді. Сонымен бірге, адамдар тіршілігі өзінің физикалық ортасына да айтарлықтай ықпал етеді. Қауіпті қалдықтарды көму, қышқыл жаңбырлар, су мен ауаның ластануы, су ресурстарының таусылуы, топырақтың жоғары құнарлы қабатының эрозиясы жəне шөл даланың «шабуылы» – бұның бəрі адамдардың экожүйеге тигізген зиянының нəтижесі. Демек адамның тыныс-тіршілігі өзінің қоршаған ортасымен, күрделі өзара өзгерістердің тізбегімен байланысқан.
Сондай-ақ халық санындағы, құрылымындағы жəне бөлінуіндегі өзгерістер қоғамның мəдениетіне жəне əлеуметтік-саяси құрылымына ықпал етеді. Мысалы «бебибум» ұрпағы батыс қоғамының музыкалық талғамына жəне саяси ахуалына айтарлықтай əсер еткен. Қоғамның «қарттануы да» жұмыс орындары іспетті маңызды мəселелерді жасап отыр, өйткені қызмет сатысында көтерілуге барлық күшімен қол жеткізетін орта жастағы қызметкерлердің саны артты. Қызметте көтерілу үшін өз мүмкіндіктерін күткен адамдардың саны барған сайын артуда, бірақ бос орындарға отырғысы келетін адамдарға қарағанда, бос орындар аз кездеседі.
Жанжалдар əлеуметтік-саяси өзгерістердің бір факторы болып саналады. Жанжал – бұл адамдардың ресурстар немесе құндылықтар үшін күрестегі өзара əрекеттің формасы[6]. Индивидтердің жəне топтардың мүдделері бір-біріне қарама-қайшы. Олардың мақсаттары сəйкеспейді. Сондықтан жанжалдың əлеуметтік-саяси өзгерістердің факторы болуы таңқаларлық нəрсе емес. Өз мақсаттарына жету үшін топ мүшелері осындай күрес барысында өз ресурстары мен мүмкіндіктерін жұмылдыруы тиіс. Мысалы, соғыс кезінде адамдар əдеттегі өмір салтынан еріксіз бас тартады, соғыс жағдайындағы ыңғайсыздықтарға төзуіне тура келеді. Əрине, жанжал да келіссөздерді жиі ойластырады, ымыраға немесе бейімделу дағдысына жетуді болжамдайды, осының бəрі жаңа институционалдық құрылымдардың пайда болуына əкеледі. Алайда тарих мұндай өзара əрекеттің нəтижесінде күреске қатысушы жақтардың мақсаттарына толық жетуінің сирек болатынын көрсетті. Көбінесе түпкі нəтиже жаңа сапалы тұтас құрылымдарды құруды білдіреді. Ескі əлеуметтік-cаяси тəртіп əбден титықтап, жаңаға орын береді.
Əлеуметтік-саяси өзгерістерде құндылықтар мен нормалар маңызды рөл атқарады. Құндылықтар мен нормалар əлеуметтік-саяси өзгерістердің факторы ретінде, қоғамда қабылданған, қандайда бір жаңаға рұқсат беретін немесе тиым салатын өзіндік бір «цензор» іспетті əрекет етеді. Сондай-ақ олар «стимулятор» ретінде де қызмет істейді. Біздің техникалық жаңаны қабылдау дайындығымызды экономикалық теориядағы, діндегі немесе отбасы моделдеріндегі өзгерістерге біздің қарсылық көрсетуімізді салыстыру қызықты. Осы мəдени қарама-қайшылық біздің «өнертапқыш» сөзін қолдануымыздан көрініс табады. Біз үшін өнертапқыш – бұл жаңа материалдық затты жасаушы адам, ал материалдық емес идея авторы саналатын адамды біз «революционер» немесе «радикал» деп жиі атаймыз, яғнишын мəнінде келеңсіз өзгешелігі бар сөздермен белгілейміз.
Инновациялық өзгерістер де əлеуметтік-саяси өзгерістердің маңызды факторы болып табылады. Инновациялық өзгерістер – бұл адамдар қызметінің жаңа тəсілдері мен нəтижелерінің пайда болуы, бұлар қоғамдық дамудың өткен сатыларында болмаған. Осы өзгерістердің мəнін индивидтердің жəне олардың топтарының инновациялық қызметі құрайды, ал олардың мазмұнын – қоғам дамуының ықпалымен өзгеретін жаңадан пайда болатын (мысалы, радиоэлектронды құралдардағы ақпаратқа қажеттілік) əлеуметтік-саясиқажеттіліктерді қанағаттандыру үшін алуан түрлі жаңаны жасаудың, таратудың жəне практикада қолданудың кешенді үдерісі.
«Инновация» термині əлеуметтануға ХІХ ғ. аяғында антропология жəне этнография арқылы енді, оларда бұл термин «дəстүр» терминінің антонимы ретінде субмəдениеттегі өзгеріс үдерістерін зерттеуде, одан кейін экономика, саясат, ғылым, техника салаларындағы өзгерістерді зерттеуде кеңінен қолданыла басталды. Көрнекті неміс əлеуметтанушысы М.Вебер діни институттардың маңызды инновациялық рөлін, атап айтқанда, капитализм рухын қалыптастыруда, капиталистік экономикалық жүйенің пайда болуында протестанттық этиканың рөлін ашып көрсетті. Т.Парсонс қазіргі қоғамда философияның, теологияның, құқық пен əлеуметтанудың, саясаттанудың инновациялық маңыздылығын көрсетіп берді.
Əдетте əлеуметтануда, саясаттануда инновациялық өзгерістер құрылымындағы өзара байланысқан төрт компонент ерекшелінеді. Бірінші компонент-жаңалық. Жаңаның өзі экономика, саясат, əлеуметтік, ғылым, техника жəне т.б. салаларында көрінеді. Қандай да салада көрінсе де ол бірінші компонент болып қалады. Инновациялық жаңалықтардың қатарына жаңа ғылыми идеялар, жаңа техникалық өнертапқыштық, жаңа саяси құрылымдар жəне жаңа əлеуметтік рөлдер жатады. Инновациялық жаңалықтың екінші элементін жаңаны жасайтын немесе қоғамдық өмірдің қайсыбір саласында оны жүзеге асыратын жаңашылдар, əдетте, өздерінің дамыған қабілеттерімен, мақсатқа талпынушылығымен, жоғарғы ерікжігер сапаларымен, өзінің бүкіл интеллектулдық жəне физикалық ресурстарын қайсыбір міндетті шешуге, алға қойған мақсатқа жетуге шоғырландыру дағдысымен ерекшеленеді. М.Вебер жаңашылдың жеке басы харизмасының саяси жəне діни қызметтегі үлкен маңыздылығын ашты.
Инновациялық өзгерістердің үшінші компоненті – диффузия агенттері немесе жаңалықты таратушылар. Бұлар, əдетте, жаңа идеяларды, жобаларды, техникалық құралдарды жəне т.с.с. жасайтын жаңашылдардың шəкірттері мен серіктері. Мысалы, марксистер – К.Маркстың шəкірттері марксистік дүниетанымды таратуда міне дəл осындай рөлді атқарды.
Шыққан жаңаны бағалаушылар, қабылдаушылар инновациялық өзгерістің төртінші компоненті болып есептеледі. Жаңалықты əлеуметтік-саяси бағалау əрдайым инновациялық өзгерістермен қатар жүреді, бірақ оны əлеуметтанулық немесе саяси талдау кезінде эксперименттік фазасының жəне одан кейін шешім қабыдау фазасының болатынын атап көрсетуге болады. Шағын топ адамдардың жаңалықты алғашқы қабылдауы эксперименталды фазаны білдіреді, ал оларды одан кейін кең қолдану – ұсынылған жаңалықты қолдану керек пе? Егер де қолдану керек болса, қандай салаларда жəне қандай масштабтарда пайдалану қажет деген шешім қабылдау фазасына əкеледі.Мысалы, суық (қырғиқабақ) соғыс кезінде жəне өткір халықаралық шиелініс болған кезде, Кеңес Одағы мен АҚШ арасында, ғылыми-техникалық жаңалықтар ең алдымен əскери-өнеркəсіп кешенінде (компьютерлік, лазерлік, зымыран техникасы жəне т.б.) бағаланды жəне қолданылды, содан кейін қоғамның азаматтық саласына тарады.
Жаңалықты қолдануға қатысты шешім қабылдаудаүш жағдай болуы мүмкін. Олар мыналар:
— уақытша қабылданған жаңалықтың бейнеленуі (мысалы, 1994 ж. Белорустағы биліктің парламенттік типінің президенттік типке ауыстырылуы);
— бұрынғы құрылымдар мен қатынастарды ығыстыруға орай жаңа типті құрылымдар мен қатынастарды толықтай қабылдау (мысалы, Белоруста «президенттік вертикал» деп аталғанның құрылуы жəне оның барлық жеріне тарауы, олардың арасында қатынастың тарауы);
— бұрын болған мінез-құлық пен қазіргі мінез-құлықтың жаңа құндылықтары, нормалары, нəсілдер арасындағы қарама-қайшылықтың тұрақсыздығы, мысалға Белоруста, Ресейде, ТМД басқа да елдерінде мемлекет бəріне көмектесуі керек деген кеңестік өткенді жəне патерналистік иллюзияны аңсайтын халықтың үлкен топтарының сақталуын айтуға болады.
Соңғысы өзге əлеуметтік топтарда нарықтық стратегия мінез-құлқы кеңінен тарағанына қарамастан (кəсіпкерлерді, фермерлерді, «челноктар» деп аталатындарды ерекшелейтін) үлкен жастағы адамдар мен зейнеткерлер үшін тəн. Мұндай жағдай, əдетте, қоғам дамуының өтпелі кезеңі үшін қоғамда жүріп жатқан əлеуметтік-саяси өзгерістер əртүрлі бағыттылығымен сипатталатын, соның салдарынан, дəстүрлі де, оны алмастыруға келе жатқан да (сондай-ақ оларды қолдаушылар) айтарлықтай басымдыққа жете алмайды.
Осылайша, инновация ойлап табу сияқты бір мезеттік акт емес, керісінше ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін білімнің, бірқатар жаңа элементтердің кумулятивтік бір ізділігі. Демек инновация негізделетін мəдени элементтердің саны көп болған сайын, жаңа ашулар мен ойлап табулардың жиілігі де соғұрлым жоғары болады екен[7]. Мысалы, шыныны ойлап табу линзаны жасауға, көйлектерге əшекейлер, бокалдар, терезе əйнектерін, зертхана жəне рентген трубкаларын, электр шамын, радио жəне теледидар лампыла-рын, айнаны жəне т.б. көптеген заттарды жасауға түрткі болды. Линзалар өз кезегінде көзілдіріктердің, үлкейтіп көрсететін əйнектердің, телескоптардың, фотокамералардың, фонариктердің жəне т.с.с. пайда болуына ықпал етті. Мұндай типтің дамуы негізіне экспоненциалдық қағидат алынған, – мəдени базаның кеңеюіне орай жаңа ойлап табулардың геометриялық прогрессиямен өсу үрдісінің мүмкіндігі үлкен.
Жоғарыда айтылғандармен қатар, шартты түрде идеялық-саяси деп аталаты факторлардың топтары бар. Мысалы, идеялар прогрессі жəне идеялардың ауысымы. Идеялардың ауысуы таза интеллектуалдық үдеріс емес. Əлеуметтік-саяси өзгерістердің факторы ретінде қарастырылатын ол жаңа əлеуметтік-саяси қозғалыстардың пайда болуымен қосақтаса жүреді. Əлеуметтік-саяси қозғалыстар жеке басында сирек кездесетін сапалардың арқасында бұқара халықты əлеуметтік-саяси қарсылық көрсету акциясына жұмылдыруға қабілетті, қоғамда орнаған тəртіпті шайқалтуға жəне революциялық өзгерістерге əкеп соқтыруға қабілетті харизматикалық көшбасшыларды тудырады.
Қоғамдарда жүріп жатқан саяси үдерістер, сондай-ақ өз бетінше əлеуметтік-саяси өзгерістердің факторы бола алады. Саяси революциялардың соңғы теорияларына сəйкес мемлекеттік аппараттың болуы жəне мемлекетаралық қатынастардың табиғаты революцияны қалыптастыруға қабілетті факторлар болып табылады. Қоғам заңды, тəртіпті жəне азаматтық тұтастығын қолдау сияқты өзінің негізгі функциялары орындауға қабілетсіз болғанда ғана революционерлердің əрекетінің табысқа жетуге мүмкіндігі бар.
Суреттелген əрбір факторлар басқаларының ықпалына түседі жəне өзі де оларға əсер етеді. Түсіндіруші теориялар кездестіретін қиыншылықтар олардың өз кемшіліктерімен – детерминизмге жəне редукционизмге байланысты: олар факторлардың өзара əрекеттерінің алуан түрлігін бір ғана анықтаушы факторға тиісті деді. Сонымен қатар, əлеуметтік-саяси үдерістер бір-бірімен соншалықты өзара байланысқан, оларды жеке бөліп қарастыру қателік болып саналады. Мысалы, экономикалық жəне саяси үдерістердің арасында, экономикалық жəне технологиялық үдерістердің арасында анық шекара жоқ. Технологиялық өзгерістер өз бетінше мəдени өзгерістердің ерекше типі ретінде қарастырылуы мүмкін. Əртүрлі əлеуметтік-саяси үдерістер арасындағы себеп-салдар байланысы өзгеріске түсіп тұрады жəне оларды түбегейлі схемаға түсіру мүмкін емес.
Сондықтан əлеуметтік-саяси өзгерістердің қандай да болмасын себеп-салдарларын түсіндіру мүмкіндігі шектеулі. Теориялық түсіндірудің ортақ тəсілі осындай өзгерістердің əрекет етуші механизмдерінің моделін құруда жатыр.
Соңғы екі-үш жүзжылдықта идеология əлемінің əртүрлі елдеріндегі əлеуметтік-саяси өзгерістердің мəнді факторына айналған. Идеологиялық доктриналар, идеалдар, бағдарламалар қоғамның барлық салаларындағы тіршілік əрекетті түбегейлі қайта құруды жүзеге асыратын көптеген саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар басшылыққа алатын əрекет етудің бағдарламасы, серпілісі болып табылады. Əлем тарихында XVІІІ ғ. Ұлы француз революциясы, ХVІІІғ. Құрама Штаттардың тəуелсіздік пен өзін-өзі билеуі үшін күресі, ХІХ ғ. 70 жж. Париж коммунасы, 1917 ж. Ресейдегі қазан революциясы, ХХ ғ. 40 жылдардың соңындағы Қытай революциясы жəне т.б. аса маңызды құбылыстар болып қалды. Олардың бəрі белгілі бір идеологиялық қағидаттарды жəне құндылықтарды (Либералды-буржуазиялық, маркстіклениндік, маоистік) жүзеге асыру үшін болған күрестер деп есептеу қабылданған.
Алайда тек дүниежүзілік тарихи маңызды əлеуметтік революциялар ғана емес, сонымен қатар, əлеуметтік-экономикалық жəне саяси себептер ықпал еткен барлық əлеуметтік-саяси өзгерістердің идеологиялық сипаты бар. Өзгерістер неғұрлым ірі, іргелі, терең жасалса, онда идеологияның рөлінің соғұрлым айқындығын есте ұстау қажет. Бұл кездейсоқ емес. Идеология белгілі бір идеялар мен түсініктердің жиынтығы, ол таптардың, бүкіл қоғамның мүдделерін білдіреді, сол мүдделерді əлеуметтік-саяси шынайылық тұрғысынан түсіндіреді жəне əрекет ету үшін (мінез-құлық) директиваларды (бағдарламалар) құрайды.
Өзінің мəні, анықтамасы бойынша идеология əлеуметтік-саяси өзгерістерге қатысты бейтарап, «немқұрайлы» бола алмайды. Идеологияның көмегімен əлеуметтік топтар жəне таптар осындай өзгерістерді талап етеді, немесе оған қарсылық көрсетеді. Алайда идеологияның əлеуметтік-саяси өзгерістердегі бұл рөлі айқын көріне бермейді. Ол қоғамда аса ірі, терең жəне іргелі өзгерістерді жүзеге асырғанда байқалады[8], ал салыстырмалы түрде ұсақ, таяз өзгерістер жүзеге асқанда оның байқалуы шамалы.
Əлеуметтік-саяси жəне экономикалық қайта құрулардың идеологиялық сипатын мойындауда ешқандай жамандық жоқ. Өйткені əлеуметті-саяси өзгерістердің бұл типтері субъектілердің мұндай өзгерістердің фактісін мойындауына, мойындамауына қарамастан əркезде қандайда бір идеологиялық сипатта болады. Негізгі практикалық жəне теориялық мəселе тіптен басқа тұрғыдан қойылып отыр. Саяси күрес үдерісінде жəне кез келген саяси ойында, əрдайым əлеуметтік-экономикалық қайта құрулар кезеңі қатар жүретін, партикулярлы идеология деп аталатын, яғни халықтың көпшілігінің мүддесін емес, шағын топтың мүддесін білдіретін идеология басымдық алады. Шағын топтың мүддесі өзімшілдік немесе пайдакүнемдік болуы мүмкін. Осыдан келіп осы топтармен жəне қоғамның қалғанхалқының арасында жанжал туындайды, ал идеология, əлеуметтік жəне саяси салаларда көрінеді. Жанжалдың өткірлігі сондай дəрежеге жетеді оны күштеу тəсілдерімен шешуге еліктіру пайда болады[9]. Міне, сондықтан əлеуметтіксаяси өзгерістер мен қайта құрулардың талқыланған, зерттелген бағдарламасы халықтың үлкен жіктері мен топтарының түпкі мүдделеріне негізделуі тиіс, жалпы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа алуы керек, партикулярлық, тар партиялық идеологияның арбап-алдауына берілмеуі қажет. Идеялы халықтың айтарлықтай көпшілігін, шоғырландыратын, рухтандыратын перспективалық жалпы ұлттық бағдарламаны жəне шынайылықты қатаң ғылыми, объективтік талдауға негіздеген, оның əлеуметтікпсихологиялық, саяси, мəдени, рухани ерекшеліктерін ескерген нақты жете зерттеулермен біріктірудің тəсілдері мен формаларын табу маңызды.
Тарихи тəжірибе əлеуметтік-саяси өзгерістер факторларының пісіп-жетілген əлеуеттік-саяси мəселелерді, экономикалық, саяси жəне рухани үдерістердің интенсификациясын, халықтың айтарлықтай бөлігінің арттыруды тиімді шешуге, қоғамдағы қайта құруларды жеделдетуге ықпалын тигізетінін көрсетті.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардан дамудың алғышарттары болып табылатын əлеуметтік-саяси өзгерістердің факторлары қоғамның барлық құрылымына бойлай енеді деген қорытынды жасауға болады. Бір-бірімен өзара əрекеттесе отырып, олар бірін-бірі детерминдендіреді, бір өзгерістер басқаларын туындатады, олардың жинақталуы бастапқыда көзге түспейтін, бірақ кейін келе келе мəнді қайта құруларға əкеледі. Сондықтан олар əлеуметтік-саяси даму үдерісін жүзеге асыратын негіз болып саналады, соңғыны ұсақ, тіптен көзге түспейтін өзгерістерді абстракциялаусыз түсіну жəне түсіндіру мүмкін емес. Мұндай ұсақ өзгерістер, судың шымырлануы сияқты, тереңдегі ағыстарды білдіреді, маңызды қоғамдық өзгерістер туралы сигнал береді. Маман осы сигналдарды сезіп, байқауы тиіс жəне дамудағы оқиғаның барысын алдын-ала көре білуі керек.
4. Əлеуметтік-саяси өзгерістер жағдайындағы қоғамның тұрақтылығы
Қоғамның тұрақтылығы мəселесі біздер үшін тек ғылыми, академиялық қана маңызды емес. Қазіргі Қазақстан қоғамының экономикалық, саяси, əлеуметтік өмірін тұрақтандыруды қазақстандықтар көптеген жылдар бойы күтіп үміттенуде. Мұндай жағдайда қоғамның тұрақтылығына, адамдардың өз болашағына, əлеуметтік-саяси жүйелер мен құрылымдардың өзгермейтіндігіне сенім пайда болады. Кезкелген өзгеріс адамдардың материалдық жағдайын, олардың əл-ауқатын нашарлатуға əкеледі, сөйтіп қоғамның бүкіл тұрақтылығыныңнегізін бұзады деген түсінікті қалыптастырады.
Əлеуметтік-саяси тұрақтылық пен əлеуметтік-саяси өзгерістің ғылыми əлеуметтік-саяси ілім тұрғысынан арақатынасы қандай? Бір қарағанда оларды бірін-бірі туындатушы деп санауға бола ма? Шындығында əлеуметтік-саяси тұрақтылық əлеуметтік-саяси жүйелер мен қатынастардың өзгермейтінділігінің, қозғалмайтындығының синонимі емес. Қоғамдағы мұндай қозғалыссыздық, əдетте тұрақсыздық, ерте ме, кеш пе тұрақсыздыққа, əлеуметтік-саяси шиеленіске, нəтижесінде тұрақсыздыққа əкеп соқтыратын тоқыраудың белгісі болып саналады. Бұрынғы КСРО, мысалы, ұзақ уақыт бойы, əсіресе, ХХ ғ. 60-70 жж. үкімет көптеген тауарлар мен қызмет көрсетудің бөлшек сауда бағасын тұрақты, қозғалыссыз ұстап тұруға тырысты. Алайда бұл бағалар түптеп келгенде осы тауарларды өндіруге кеткен еңбек пен шикізат материалдарының жəне қызмет көрсету еңбегінің шығындарына тіптен сəйкес келмеді. Өз кезегінде мұндай жағдай тауар өндіру мен қызмет көрсетудің тиімсіздігіне əкеп соқты. Нəтижесінде өндіріс құлдырай бастады, ғылыми-техникалық прогресс баяулады, тоқырау саласы кеңейе түсті, əлеуметтік-саяси шиеленіс артты.
Қайсыбір құрылымдардың, институттардың, үдерістердің өзгеріссіздігі олардың мүлдем тұрақтылығын білдірмейді, шиеленістің, жанжалдың элементтерінің барлығын білдіретіні жайында басқа да көптеген мысалдар келтіруге болады.
Əлеуметтік-саяси тұрақтылық ғылыми-саясаттанулық мағынада – бұл қоғамның белгілі бір тұрақтылығы шеңберінде əлеуметтік-саяси құрылымдарды, үдерістерді жəне қатынастарды ұдайы өндіру. Мұндай ұдайы өндіру өткен сатыларды жəй ғана қайталау емес, керісінше ол өзіне қажетті өзгеріс элементтерін қосуымен ерекшеленеді.
Тұрақты қоғам – бұл дамуышы, сонымен бірге, өзінің тұрақтылығын сақтайтын əлеуметтік-саяси өзгерістердің орнықты механизмдері мен үдерістері бар қоғам. Келесі бір жағдайды да есте ұстау маңызды.Авторитарлық жəне тоталитарлық қоғам жүйелерінде де белгілі уақытқа дейін тұрақтылық болуы мүмкін. Алайда көптеген елдердің тарихи тəжірибесі мұндай жүйелердің түбінде «қопарылатынын», əлеуметтік-саяси кикілжіңдердің, жанжалдардың жəне жалпы тұрақсыздықты шоғырландырушы болып қалатынын көрсетті. Сондықтан толық мағынадағы тұрақты қоғам – бұл демократиялық қоғам.
Осылайша, қоғамдағы тұрақтылық өзгеріссіздіктің, қозғалыссыздықтың есебінен іске аспайды, керісінше оған пісіп жетілген əлеуметтік-саяси өзгерістерді дер кезінде жəне керекті жерінде шебер жүзеге асырудың есебінен қол жетеді екен. Əлеуметтік-саяси өзгерістердің əлеуметтік-саяси тұрақтылықтың қажетті жағдайы жəне элементі екенін, сондай-ақ белгілі тұрақсыздықтың, қозғалыстың (сіресіп қалуының болмайтыны сияқты) тұрақтылықты қамтамасыз ететінін айтуымыз керек.
Əртүрлі ғылыми бағыттағы ғалымдардың арасында аса көп тараған, қазіргі кейбір түсініктерге орай, тұрақсыздық бүкіл əлемнің іргелі сипаттамасы болып табылады. Мұндай түсініктерді қоғамға да қатысты айтуға болады. Бұл жерде тұрақсыздық деп əлеуметтік-саяси тəртіпсіздікті, ретсіздікті түсінбеу керек, əлеуметтік-саяси эволюцияның əрбір моментінің аяқталмағандығын, əлеуметтік-саяси болмыстың кезкелген нүктесінде əлеуметтік-саяси өзгерістердің мүмкіндігі мен қажеттігі жəне осы өзгерістердің пайда болу уақытын, орнын жəне нақты бағытталуын алдын ала көре білу түсінілуі қажет.
Қоғамның тұрақтылығы оның тіршілік əрекетінің əртүрлі – экономикалық, əлеуметтік, саяси, құқықтық, адамгершілік, рухани салаларын жасайтын көптеген жиынтығымен қамтамасыз етіледі[10]. Енді солардың кейбіреулерін қарастырайық. Əлеуметтік-саяси тұрақтылық ең алдымен əлеуметтік-саяси бақылау механизмдерінің, яғни əдістер жиынтығының болуын ойластырған, қажетті тəртіпті ұстап тұру мақсатында қоғам солар арқылы адамдардың мінез-құлқына ықпал етуге ұмтылады. Бақылаудың көптеген формалары бар, олардың көпшілігін біздер байқамаймыз. Əрбір қоғамның ерекшелікті бақылау жүйесі болады. Қалай болғанда да, қоғам бақылаудың алуан түріне арқа тұтады. Өзара бақылау оның қарапайым түрі, онда топтың бір мүшесі басқа біреуге оның нашар мінез-құлқы үшін тойтарыс береді. Мұндай бақылау – тікелей жəне өзара делдал (полиция, сот жəне т.б.) болмаған жағдайда іске асырылады. Əлеуметтік-саяси бақылаудың ерекшелікті формасына, сондай-ақ дəстүрлер мен салттар да жатады.
Мысалы, салттар – бұл қандай да бір конституциялық биліктің қатысуынсыз бірте-бірте қалыптасатын белгілі бір міндетті топтық процедуралар. Алайда салттар игеріп, оның адамдарға ықпал ететін зор күшін конституциялық биліктің меңгермегенін айтуымыз керек.
Бақылаудың кейбір басқа да түрлері санкция жүйесімен байланысқан, олардың индивидуалдық қолдамаудан бастап ресми айып төлеу формасындағы жазалау, түрмеге қамау сияқты түрлері бар. Қоғамдардың көпшілігі тармақталған бақылау жүйесіне негізделген, оларда физикалық күш соңғы құрал болып саналады. Қоғамдағы барлық бақылаудың түрлері өзара тығыз байланысқан, егер де оның бірі əлсірейтін болса, екіншісі оны бірден алмастырады.
Əлеуметтік-саяси тұрақтылық факторларының арасынан көптеген зерттеушілер мен саяси қайраткерлер қоғамның əлеуметтік-таптық құрылымына, оның стратификациясына қатысты факторларды маңызды санайды. Солардың ішінде осы қоғамға сəйкес орташа табысы бар, орта көлемді жеке меншікті иеленген орта тап деп аталатындардың қоғамда айтарлықтай көп болуын атап көрсетеді. Мұндай таптың болуы халықтың аса белсенді жіктерін өз жағына тартуға қабілетті центристік саяси күштердің өмір сүруіне жəне нығаюына себепші болады. Жəне керісінше, центристік топтардың ықпалының жеткіліксіздігі, аморфты болуы экстремистік топтардың инициативаның иеленіп кетуіне қызмет етеді, бұл өз кезегінде саяси жəне əлеуметтік шиеленіске əкеледі, саяси күштердің күресін өткірлейді, сөйтіп тұрақсыздық тəуекелін күшейтеді.
Люмпендердің айтарлықтай жігінің болуын зерттеушілер қоғамның əлеуетті тұрақсыздығының қауіпті факторы санайды. Бұл жік, əсіресе, саны артқан жағдайда жəне қылмыстық элементтермен қосылған жағдайда ең тұрақсыздандырушы, қиратушы рөлді атқара алады. Оның қиратушылық əрекеттерінің бағытын алдын ала көре білу мүмкін емес. Сондықтан қоғамды люмпендендіруден, экстремистік саяси күштердің белсенді əрекеттерінен қорғау – оның тұрақтылығы мен тыныштығын сақтаудың маңызды бағыттарының бірі.
Əлеуметтік-саяси тұрақтылық қоғамның саяси жүйесінің ең алдымен мемлекеттің, атқарушы, заң шығарушы жəне сот билігінің тұрақты қалпына айтарлықтай дəрежеде тəуелді болады.
Көп партиялықтың дамуы қоғамды тұрақтандыруды қорғау механизмдерінің бірі бола алады. Əрине партиялар мен билік құрылымдары (парламент, атқарушы билік) арасындағы өзара қатынасты реттейтін қажетті заңнаманың болмауы, жалпы мəдениеттің, əсіресе партияаралық саяси күрес мəдениетінің болмауы немесе оның жеткіліксіздігі жағдайында көп партиялыық қоғамдық өмірді тұрақсыздандырушы факторы қызметін де атқара алады. Бірақ, түптеп келгенде көп партиялық қоғамдық өмірді тұрақсыздандырушы факторы қызметін де атқара алады. Дегенмен, көп партиялық – бұл қоғамның тұрақтылығын қорғау механизмдерінің бірі. Ол ең алдымен қоғамды авториторизм мен диктатураның баса көктеуінен қорғайды. Сол үшін парламент əртүрлі саяси партиялардың, ұйымдасқан саяси топтардың күрес сахнасы болып табылады. Келісім қоғамдық өмірдің факторы ретінде қоғамның саяси тұрақтылығын нығайтуда маңызды рөл атқарады, ол негізгі саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, биліктің барлық бұтақтарының өкілдері арасындағы негізгі құндылық болып саналады. Мұндай келісім, бір жағынан, əлеуметтік топтар мен жіктердің кең жəне масштабты бағыт-бағдарларын бейнелеуді көрсетеді, ал екінші жағынан, өз кезегінде ұқсас бағыт-бағдарлардың нығаюына қолайлы жағдай жасайды, ықпал етеді. Сондықтан қоғамда мұндай бағыт-бағдарлар неғұрлым басым болса, қоғамның өзі соғұрлым тұрақты болады, демократиялық тірегі де мығым болады. Келісімге деген қажеттілік өтпелі кезеңдерде аса айқын байқалады, өйткені қоғамдық келісім шешуші рөл атқара алады жəне шындығында атқарады да[11].
Алайда теорияда, практикада демократиялық келісімді тоталитарлық бірдей ойлаумен ешқашанда ұқсастыруға, араластыруға болмайды. Соңғысы басқаша ойлауға төзбейді, тек басты əрекет етуші адамның, жоғарғы билеушінің ғана (император, диктатор, президент немесе бас хатшы сияқты) ойының шексіз үстемдігіне жол береді. Мұнда пікірдің алуан түрлі болуына жол берілмейді. Демократиялық келісім əртүрлі қоғамдық қозғалыстардың, саяси партиялардың, билік тармақтарының, əлеуметтік топтар мен жіктердің міндетті түрде пікір плюрализмінің жəне түсініктердің болуын ойластырған. Бұл жерде пікірдің көптігі аса дұрыс, тиімді, оптималды шешімді іздестірудің əдісі, тəсілі қызметін атқарады, қарапайым ұрыс-керістің жəне насихаттық пікірталастың қайнар көзі бола алмайды.
Осылайша, əлеуметтік-cаяси өзгерістер жағдайындағы қоғамның тұрақтылығы – бұл өзінің құрылымын жəне қоғамдық өзгерістер үдерісіне бақылау жасау қабілетін сақтай отырып, қоғамның шамалы өзгерістері мен тиімді өмір сүруіне жəне сыртқы жəне ішкі қоршаған ортаның ықпалы мен дамуына мүмкіндік беретін қоғам жүйесінің тұрақты жағдайы, қалпы.
Жоғарыда айтылғандардан келесі қорытындыны шығаруға болады.
Біріншіден, «əлеуметтік-саяси өзгерістер» ұғымы біздер, қазақстандықтар үшін үйреншікті емес, «əлеуметтік-саяси даму» ұғымы дағдылы түсінік. Ол бізде көптеген жылдар бойы қоғамдық ғылымдарда, саясат практикасында таратылып, жайылды. Əрине оның қолданыста болуына құқысы бар, өйткені ол əлеуметтік-саяси нақтылықтың маңызды моменттерін сипаттайды. Бірақ «əлеуметтік-саяси даму» ұғымы тек жақсарту, күрделендіру, жетілдіру жəне т.б. жақтарға бағыты бар əлеуметтік-саяси өзгерістердің белгілі бір түрін ғана сипаттайды. Алайда басқа да көптеген əлеуметтік-саяси өзгерістер қоғамда бар, оларды жетілдірудің өзгерістері деп мойындау мүмкін емес, оған мысалға, пайда болу, қалыптасу, өсу, құлдырау, жойылу, өтпелі кезең, өтпелі жағдай жəне т.б. айтсақ жеткілікті. Бұлар өздерінің мазмұнында жағымды, ұнамсыз мағынаны тікелей алып жүрмейтін түсініктер, олар прогресс жағына қарай да, регресс жағына қарай да бағытталмаған жəй ғана өзгерістер болып саналады.
Осы тұрғыдан алғанда қоғамтануда (саясаттануда) «əлеуметтік-саяси өзгерістер» ұғымын негізгі түсінік ретінде қолдануға басымдық берілген, онда бағалау компоненті жоқ, əлеуметтік-саяси өзгерістердің, олардың бағытталуыларына қарамастан, кең шеңберлі алуан түрін қамту орын алған. Бұл ұғым қайсыбір саладағы əлеуметтік-саяси өзгеріс фактісін белгілейді, кең мағынадағы қозғалу, өзгеру фактісін айқындайды.
Екіншіден, əлеуметтік-саяси өзгерістерді қоғамда жүріп жатқан кез келген жалпы өзгерісер ретінде түсінуге болмайды. Қоғамдық өзгерістерді яғни қоғамның кез келген саласына қатысты – экономикалық, саяси, рухани өзгерістердің жəне тікелей əлеуметтік өзгерістердің арасында айырмашылықтар болуы қажет. Сондықтан біз саясаттанулық мағынада əлеуметтік-саяси өзгерістер туралы айтқанда кез келген салада жүріп жатқан – экономикалық, əлеуметтік,саяси, технологиялық немесе жалпы қоғамдағы кез келген өзгерістерді сөз етіп отырған жоқпыз, тек саясаттанудың пəні болып табылатын саладағы өзгерістер туралы айтып отырмыз. Дəлірек айтқанда бұл əлеуметтік-саяси жүйелердегі, əлеуметтік стратификациядағы, əлеуметтік, саяси үдерістердегі, əлеуметтік, саяси қауымдастықтардағы, институттардағы, ұйымдардағы, олардың өзара əрекеттеріндегі өзгерістер.
Əлеуметтік-саяси өзгерістердің барлық түрлері, моделдері өзара тығыз байланысқан: бір түрдегі немесе моделдегі өзгеріс өзінің соңынан басқа түрлердің немесе моделдердің өзгерістерін тартады, айталық, құрылымдық өзгерістерден кейін функционалдық өзгерістер, мотивациялдықтан кейін процессионалдық жəне т.б. өзгерістер жүреді. Сонымен қатар, нақты əлеуметтік, саяси құбылыстарды талдау барысында өзгерістің бір түрін немесе моделін басқасынан немесе басқаларынан шектеу өте қиын. Соған қарамастан мұны істеуге ұмтылу қажет, өйткені оларды жіктеу əлеуметтік, саяси ақиқатты жəне онда жүріп жатқан нақты қозғалыстарды нақты, анық түсінуге мүмкіндік береді.

1 Садырова М.С. леуметтану: 0зекті мəселелер.-Алматы, 2011.- 62-75 бб.
2Новейший социологический словарь.-Минск,2010.-С.845.
3Араб-Оглы Э.А. Обозримое будущее.Социальные последствия НТР: год 2000.-М.,1986.-С.25.
4 Кондратьев Н.Д. Проблемы экономической динамики.-М., 1989.
5 бсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. Екі томды! . 2-том.-Алматы, 2012.-219-225, 228-229 бб. 6Философскийсловарь.-Киев, 2006.-С.429-430.
7Cадырова М.С. леуметтану: 0зекті мəселелер.-Алматы, 2011.- 247-255 бб.
8Политическая идеология.-Минск, 2012.-С.18.
9Гелей С.Д., Рутар С.М. Полiтологія.-Київ, 2013.-С.158.
10Сергеенко Г.Я. Проблемы современного общества. – СПб., 2012.-С.116.
11Sozialphilosophische, politische und rechtliche Aspecte der Modernisierung Kasachatans.-Berlin, 2012.-S.74-118.

Резюме
В статье рассматриваются актуальные вопросы социально-политических изменений, которые в политической науке еще недостаточно изучены. Вместе с тем уделено внимание и дискуссионнымвопросам.

Summary
In article topical issues of socio-political changes which in political science are still insufficiently studied are considered. At the same time the attention and to debatable questions is paid.



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *