АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықтарды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Кәсіби қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, студенттердің сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту, диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой- өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуға болады.
Кілт сөздер: ақпараттық технология, оқытудың жаңа технологиясы, проблемалық дәріс, семинар-диспут, дидактикалық ойын, кәсіби қазақ тілі.
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен өзге тілде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Қазақ тілін үйретуші оқытушылар жақсы жетістікке жету үшін қазақ тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құрулары қажет. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану, ғаламтор арқылы жұмыс жасату, пәнге қатысты түрлі тапсырмаларды компьютерден орындату студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды.
Білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде ғаламторды тиімді пайдалану және қолдану қазіргі талапқа сай болып тұр. Атап айтсақ, білім алушылардың өз бетімен ізденісі, пәндерге деген қызығушылықты арттырады және оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызады. Инновациялық білім беру – білім сапасын жаксартудың негізгі тетігі. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар үстемдік құрған дәуірде таптырмас көмекші құрал міндетін атқара алатын ақпараттың жаңа түрі ол – ғаламтор. Қазіргі кезде әрбір Қазақстандық ғаламтор желісін тиімді пайдалануда. Ғаламторды пайдаланып Онлайн сабақ жүргізу де жүзеге асырылуда.
«Ғаламтор» деген термин ағылшынның «internationalliet» деген сөзінен шыққан,
«халықаралық байланыс» деген мағынаны береді. Ғаламтор жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, қазақ тілі сабағында ғаламторға қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беретіні анық. Бұндай әдістер тіл үйренушілердің, студенттердің қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқытушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.
Жалпы қазақ тілін оқытуда ғаламтордың беретін мүмкіндіктері мен қызметтеріне тоқталатын болсақ, мәселен, студенттер ғаламтор тораптарында берілетін тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына – телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламалар тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар.
Ғаламтор тіл үйренушілерге жазба мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Тілді үйретуде оқытушылар ғаламторды пайдалануарқылы тілді үйренушілердің ойлану дәрежесіне, материалды қабылдау ерекшелігіне байланысты әрбір студент үшін жеке-жеке компьютерде бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс жасауына болады.
Сондай-ақ сабақ барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Сабақ барысында ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, әрі баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Мақалада С.Демирель атындағы университеттің инженер факультетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мен «Ақпараттық жүйелер» бөлімінің 3- курс студенттері «Кәсіби қазақ тілі» сабағында қолданылған кейбір ойын түрлерінен үзінділер келтірілген және берілген ойындарда сабақ барысында ғаламторды пайдаланудың тәсілдері айтылған.
Жарнама құрастыру ойыны. Бұл ойынды «Дербес компьютер» немесе «Дербес компьютердің негізгі құрылғылары» туралы тақырыпты өткеннен кейін қорытынды сабақ ретінде ойнатқан тиімді. Ойынға оқытушы алдын ала тауар атауларын жазып қойған парақшаларды дайындап келуі керек. Студенттер шағын топқа бөлінеді, топ басшылары заттың аты жазылып қойған қағазды таңдап алады. Ойында студенттер шағын топтарға бөлініп, тауар жарнамалау ісімен айналысады. Топ мүшелері осы аталған затқа жарнама (мәтін, ұран, плакат, т.б., егер үйге берілетін болса видео да жасағандары дұрыс) құрастырып, оны қалайша қолдануға болатындығын, артықшылығын жарнамалауы қажет (5- 6 минут). Студенттер сабақ барысында жарнамаға қатысты бар материалдарды ғаламтордан алады.
Жарнамалау кезінде студенттердің ойды жеткізу шеберлігіне, тіл тазалығына, сөйлеу мәнеріне баса назар аударғанымыз жөн. Жарнаманы төмендегідей тәртіппен келтірген дұрыс:
1. Тауардың сипаттары;
2. Тауардың артықшылығы;
3. Тауарды тұтынудың пайдасы.
Осы ойынды керісінше, өзін-өзі жарнамалау деп те қолдануға болады. Бұл ойын рөлдік ойынға жатады. Бірнеше студент белгілі бір компанияның, мысалы, «Microsoft»,
«Google»,«Facebook» қызметкерлері рөліне бөлінеді. Компания басшыларына жақсы, тәжірибелі қызметкер алуы, олармен тікелей сұхбат құрулары керек. Жаңа маман жұмысқа
қабылдануы үшін барлық күшін салып, сұрақтарға толық әрі ұтымды жауап беруге тырысады. Басшылардың бір бөлігі маманды жұмысқа алуға ниет білдірсе, қалғандары оның кандидатурасына қарсы. Болашақ қызметкер осы қарсы пікірді қайткенде де жоюға және жұмысқа қабылдануға бар мүмкіндігін жасайды. Бұл – студенттердің өзін танытуға, елдің алдында өз ойын ашық, нақты жеткізуге және топ алдында қысылмай сөйлеуге мүмкіндік ашатын ойынның бірі. Оқытушы студентті еркін, нақты, тіл тазалығын сақтауын, өз салаларына қатысты термин сөздерді көбірек қолдануын қадағалауы керек.
Осындай топ арқылы жұмыс жасайтын қызықты ойынның тағы бірі – келісімшарт жасау. Студенттер сабақ үстінде үш-төрттен бөлінеді. Оқытушы топ басшыларына алдын ала дайындап әкелген компания аттары және тірек сөздер жазылған қағазды таңдатуы керек. Мысалы, таңдау бойынша бір студент «Facebook» компьютерлік фирмасының басшысы болады. Енді осы топ болашақта шетелдік бір фирмамен бірігіп жұмыс жасауды жоспарлайды (Мәселен, «Apple»). Келісімшарт жасасатын компанияның сауда өкілеттігіне қоңырау шалып немесе кездесу ұйымдастырып ұсынысын хабарлайды. Келесі компания осы ұсынысты қабылдауы және сол компанияға ұсынысы қызықты болуы керек. Тірек сөздер: а) басшы, қызмет, ақпараттық жүйелер, бағыт, ұсыныс; ә) хабарлау, соғу, айналысу, талдау, қабылдау. Бұл ойында студенттердің берілген тірек сөздерді орынды қолдануына және өздерінің ұсынысын ұтымды жеткізуіне баса назар аударамыз. Тірек сөздерді ойынның түріне, ұсынысқа қарай өзгертулер енгізе беруге болады.
Инженер факультеті студенттеріне «Кәсіби қазақ тілін» оқытуда ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолданудың тиімділігі жоғары. Компьютер студентке ақпаратты игеру тұрғысында өз басының жеке біліктері мен дағдыларын дамыту мүмкіншілігін береді. Сонымен бірге, студенттердің үнемі өздері қолданатын әлеуметтік желілерін сабақ барысында қолдандыру студенттердің сабаққа, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ғаламторды практикалық сабақта қолданғанда студенттерге келесі тапсырмалар берген орынды: қарастырылатын мәселе бойынша ғаламтордан қосымша материалдар іздеу және оларды таңдап, бір жүйеге келтіру (классификациялау): ол үшін студент ақпаратты бөлімдер немесе тақырыптар бойынша жіктеуі керек. Осы ғаламтормен байланысты ойынның бір түрі – топтық зерттеу.
Топтық зерттеу (Бірлескен жұмыс) – практикалық сабақта студенттердің бірлесе отырып белгілі бір проблеманы графикалы түрде шешу тәсілі.
Оқытушы тақырып бойынша шешуді талап ететін проблеманы студенттерге ұсынады. Мәселен, «Ғаламтордың пайдасы мен зияны», «Вирус және антивирус бағдарламасы»,
«Компьютерге немесе ғаламторға тәуелділік», «Қазақстандағы ғаламтордың жағдайы» тақырыптарын ұсынуға болады. Студенттер шағын топтарға бөлініп, аталмыш проблеманы шешу жолдарын талқылап, өздерінің шешімін маркерлермен плакатқа түсіреді (15-30 минут ішінде). Студенттер өздігімен сол жерде отырып ақпарат жинастырады, оларды талдап бағалайды. Тапсырманы плакатқа қалай жасау керектігін әр топ өздері таңдайды. Жұмысқа берілген уақыт аяқталғаннан кейін әр топтың спикері шығып, өз жұмыстарын қорғайды. Қорғау соңында топ мүшелері басқа топтың сұрақтарына жауап береді. Жұмыс барысында төмендегідей ережелерді ұстану керек:
— Спикердің қорғауына алдын ала нақты уақыт белгіленуі қажет;
— Спикер сөйлегенде сөзін бөлмеуі керек;
— Студенттер тек сұрақтар ғана қоюлары шарт.
Ғаламторда дұрыс жұмыс жасауды үйрету мақсатымен бір елге немесе бір компанияға саяхат жасату да өте ыңғайлы. Мысалы, инженер факультетіне тақырыпты «Google компаниясына саяхат» деп алайық. Сабақ үстінде ғаламтордан осы тақырыпқа қатысты материал жинауға белгілі уақыт беріледі. Әр студент 4-5-тен бірігіп осы тақырыпта материал жинастыруы оны оқып, мағлұмат алуы керек. Google компаниясының тарихы, жұмысы, қызметкерлері, қазіргі жағдайы және т.б. Уақыт аяқталған соң әр студент төмендегідей кестені толтырады.
Кілт сөз немесе іздеу жүйесі Мақсат Нәтижесі
Осы кесте арқылы ғаламтордан берілген тақырыпқа қатысты қандай кілт сөздер жазды, не мақсатпен және оның нәтижесінде қандай мағлұмат алды. Осы кесте бойынша дәптерлеріне өз жұмысын қысқаша жазып өтеді.
Жұмыс нәтижесі
Ақпарат көзі (сайт) Не туралы Мағлұматтың пайдалылығы
Жоғарыдағы кестені толтыру арқылы студент кейінгі диплом жұмысына да мағлұмат жинауды оны қалай жинақтауды үйренеді. Берілген кестеде біріншіге нақты мағлұмат алған сайтты, екіншіге ол жерде компания туралы қандай ақпараттар бар және үшіншіге ол мағлұматтың берілген тақырыпқа қатысты пайдалы жағы қаншалықты, не алуға болады деген сұраққа толық жауап жазады.
Жұмыс соңында әр топ берілген тақырып бойынша «топтастыру әдісін»жасайды.
Жұмыс аяқталған соң әр топтың студенттері жеке-жеке шығып, өз жасаған жұмыстарын қорғайды.
Осы тақырып бойынша үйге слайд жасап келуге тапсырма берген де дұрыс, ол әр оқытушының өз қалауына байланысты.
Келесі сабақта осы өткен тақырыппен байланыстырып, Google мен Mail-ru компанияларына салыстырмалы жұмыс жасатуға да болады. Бұл жолы да алдыңғы сабақтағыдай ғаламторды толық қолданады, осы ғаламтордан алған мәлімет бойынша екі компанияның ұқсастығын, ерекшелігін, негізгі жұмысын толық кестеге толтырып шығады.
Google Mail-
ru Ұқсаст
ығы Айырмашы лығы Қазіргі жағдайы
Осы тапсырмалар негізінде студенттер сабақ үстінде ғаламтор арқылы бір-бір ойындар ұйымдастыруына да болады немесе оқытушының өзі де алдын-ала өтетін тақырыбы бойынша «Кахут» әдісі бойынша тесттер дайындап келіп, сол жерде орындатса мұның өзі білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Бағдарлама тілі туралы өткен кезде студенттерді топқа бөліп, «Бағдарламашы мен журналист арасындағы сұқбат» немесе «Бағдарлама тілінің авторы мен журналист арасындағы сұқбат» деген тақырып беріп, сол бойынша жұмыс жасату да студенттерге өте тиімді әдістің бірі. Студенттер, әрине, барлық материалды ғаламтор арқылы қарайды және өздерін белгілі бір маман иесі ретінде сезінеді. Мұндай әдістің студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға әсері көбірек.
Осы ойынға ұқсас кейбір кездері студенттерді тікелей эфирге шақыру ойынын жасауға да болады. Бұл ойында ғаламтор қолданылмағанымен, студенттер белсене атсалысады. Ойынның шарты: Оқытушы өзі жүргізуші рөліне еніп «Сәлеметсіздер ме! Бұл «Сырласу» айдары. Бүгінгі тікелей эфирге келіп отырған қонағымыз – Қазақстанның белгілі бағдарламашысы Абнасырова Райхан (студенттің аты-жөнін толық өзіңіз атайсыз)». Студент ортаға шығады. Жеке амандасып алып, ол туралы қысқаша мәлімет бересіз. «Ал енді бағдарламалау тіліне немесе есептеу техникасына қатысты мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса белгілі маман иесіне қоңырау шалып, сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады» деп, әр ортаға шыққан студентке үш сұрақтан қойдыртасыз. Талап: қоңырау шалған адам да, қоңырауға жауап берген студент те өздерін тікелей эфирде отырған сияқты ұстаулары қажет және әр сөйлеу мәнеріне, варваризм сөздерді қолданбауына және компьютерге қатысты терминдердің аудармасын дұрыс айтуға баса назар аударғаныңыз жөн. Сұрақтардың ретіне келер болсақ, мысал ретінде: «Егер Сіз жасөспірім балаларды еңбекқорлыққа үйрететін, ой- өрісін дамытатын ойын жасар болсаңыз, қандай ойын жасар едіңіз?», «Мен бағдарламалау тіліне қатты қызығамын, болашақта сіз сияқты мықты маман болу үшін не істеуім керек?»,
«Менің қызым бағдарламашы болсам деп үнемі айтып отырады, қалай ойлайсыз, қыз балаға бағдарламашы болу қиын ба?». Сұрақтарға қалай жауап беру тікелей эфирде отырған студенттің өзіне байланысты. Қалай болғанда да өзін еркін ұстауына баса назар аударыңыз. Мысал ретінде, бір-екі сұрақты өзіңіз қойып, ары қарай студенттерге ретімен қойдыра беруге болады. Бұл ойын сұрақ қоюшыға да, сұраққа жауап беретін студентке де қызық.
Сабақ барысында сабақты қызықты қылу үшін рөлдік ойындарды түрліше өзгерте беруге де болады. Сұрақты да және мамандардың да рөлін түрліше ауыстыра беруге болады. Мысалы, екі-үш студентпсихолог маман рөлін алды және олар тікелей эфирде отыр. Бір адам психолог маманға қоңырау шалып, төмендегідей сұрақ қойды: «Сәлеметсіз бе?! Менің психолог-дәрігерге қоятын сұрағым: Жасөспірім балалар – компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет, адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар?» Берілген сұраққа отырған мамандар нақты, дәлелді және толық жауап берулері керек.
«Кәсіби қазақ тілін» ойын арқылы өту барысында норма мәселесіне басты назар аударылады, өйткені қазіргі тіл бұрмалаушылықтың барлығы осы тілдік норманы сақтамағандықтан орын алып отырғаны айдан анық. Кез келген тіл сияқты қазақ тілінің де орфоэпиялық, орфографиялық нормалары бар, олардың сақталмауы тек жазылған нәрсені ғана дұрыс түсінуге әкелері хақ. Бұл ретте біз проф. А.Салқынбайдың «Байыптап бағамдағанға қазіргі қоғамдағы дерт – ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс сөйлей алмау, сөйлеу интонациясын бұзу, баламасы бола тұрып, қасақана өзге тілдің бірліктерін жамау, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін бұзу» [6] деген пікірін толық қостай отырып, осы індеттің алдын алу жолын жасағанымыз жөн.
Ғаламтор қорларын пайдалана отырып оқытуды жаңа педагогикалық технологияларға жатқызуға болады. Ғаламтордың ең басты ерекшелігі жаңа ақпараттар алуда(мысалы жаңа оқиғалар, атақты адамдар, компаниялар туралы қызықты деректер және әр тақырып бойынша оқу-бағдарламалық бейнероликтер, аубиожазбалар) материалдың көптігі.
Тілді меңгеруде де ғаламторды пайдалану оқытушы мен тіл үйренушілердің ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, білім алушылардың тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына зор әсерін тигізеді.
Оқытушы – ақпараттанушы емес, білім алушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушыдан ақпараттық құзырлықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, студенттерді қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Әдебиеттер:
1 Асмус Н.Г. Лингвистические особенности виртуального коммуникативного пространства. – Челябинск: Челябинский ГУ, 2005. – 265 с.
2 Аврамова А.Г. Лингвистические особенности электронного общения: на мат.французского, английского и русского языков. – Москва, 2005.
3 Ерменбаева Л. Қазақ тілін технологиялары арқылы оқыту өзектілігі. ҚМЭБИ.
4 Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения. – М. 2001.
5 Фёдорова Г.И. Компьютеры и Интернет в обучении иностранным языкам. // Учитель. – 2003.-№ 1.
6 Салқынбай А. Сөйлеу тіліміздің тазалығы қандай? Ана тілі. – 2010. – №19.
Главной задачей процесса обучения является организация обучаемыми активных действий. Благодаря активным действиям обучаемые сами осваивают изучаемый материал. Используя интерактивные методы, обучаемые учатся правильно высказывать свои мысли, доказывать свою точку зрения, вести диалог, слушать других, уважать и прислушиваться к мнению других.
Интерактивные методы реализуются благодаря различным видам методов и упражнений. В данной работе мы остановились на различных играх, которые мы активно используем в процессе обучения. Благодаря этим играм, обучающиеся учатся чувствовать себя свободно в аудитории, выражать мнение, каждый готов стать частью единой группы для выполнения сложной коллективной работы. Особенности современного времени требуют активное применение интерактивных методов обучения.
The main goal of studying process is organization of active actions of students. Students can get educational material themselves by active actions. Using interactive methods students learn to say their thoughts out in a right way, prove their point of view, make dialogues, listen, respect and pay attention to others opinions.
Interactive methods can be realized by different kinds of methods and exercise. In this article we paid our attention to as a kind of interactive technic, which is actively used in studying process. Students learn to feel themselves freely in studying rooms, to express their opinion by these training;everyone is ready to be a part of a whole group, that deals with difficult teamwork. Modern time makes us use interactive methods in studying process.
Абнасырова Райхан