Жаман қарғыс тілеме

Қарғысың қара басыңа,

Ырбандама жасыма,

Сен тілеген қарғысың,

Айналып келер басыңа!

 

Жаман қарғыс тілеме,

Орынсыз ешқашан да сөйлеме!

Жақсы тілек, жақсы ой,

Саған да тиерін біліп қой!

 

Жақсы жауап болмаса,

Үнсіздік алтынмен тең!

Орынсыз сен сөйлесең,

Наданның ісімен тең!

 

Жақсы сөз сөйле, не үндеме!

Жақсы тілек тіле не ет тәубе!

Әр сөзің жан дүниеңнің айнасы,

Ал сенің жаның керемет пе?

 

Автор: Абдраманов Арсланбек ©

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *