Еңбек шарты бойынша жүктелген мiндеттердiң орындалмауына, төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде азаматтардың денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтiрiлуіне, табиғи ортаға, материалдық және мәдени қазыналарға залал тигiзiлуiне кiнәлi авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жұмыстарының басшылары және құтқарушылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2007.05.15 № 253 Заңымен.