Санитарлық эпидемиялық режим. Дезинфекция

Санитария (лат. sanіtas — денсаулық) — санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы шараларды белгілеп, оны жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласы. Санитария қала, елді мекендердің тазалығын зерттеп, нақты гигиен. шаралар белгілейді, жұқпалы ауруларға қарсы күрес жүргізілуін бақылайды. 1960 жылдан кейін Санитария терминінің орнына санитарлық-эпидемиологиялық қызмет деген ұғым қолданылады. Бұл — мемл. сан. бақылау жасап, індетке қарсы шаралар жүйесін жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Сан.-эпидемиол. қызмет құрамына санитарлық-эпидемиологиялық ст., сан. ағарту үйі, ғылыми-зертттеу институттары, биологиялық препараттар өндіретін мекемелер кіреді

Профилактика (көне грекше: prophylaktikos — алдын алу). Жалпы аурулардың алдын алуымен бірге, жалпы денсаулықтың нығайтуға бағытталған сақтандыру шараларының жүйесі.

Эпидемиология” (эпидемия және грек. logos – ілім) – жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология – жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология – белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді. Эпидемиология микробиология, гигиена, паразитология, иммунология, жұқпалы аурулар клиникасы, т.б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларға күрес шаралары тәжірибелерінің қорытындысы ретінде Эпидемиология көне заманнан бері белгілі. Мыс., б.з.б. 1000 ж. Қытайда шешек ауруларына қарсы егу әдісі қолданылған, Үндістанда індетке қарсы санитарлық заң болған. Қазақ жерінде ғұлама ғалым, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешек ауруларына қарсы вакцина егуді осыдан 500 жыл бұрын пайдаланған. Ал Шығыс Азия елдерінде алапес ауруларының жұқпалы екенін біліп, ондай науқастарды оқшаулап, арнайы “алапес үйіне” қамаған. Ертедегі Римде өлікті қала ішіне жерлеуге рұқсат етілмеген. Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштар тудыратыны туралы алғаш рет Гиппократтың еңбектерінде айтылған. Қайта өркендеу дәуірінде жұқпалы аурулар туралы ғыл. негіз қалыптаса бастады. Осы кезде Эпидемиологияның дамуына үлкен үлес қосқан италиялық ғалым Дж. Фракастро (1478 – 1553) болды. Ол ауру тарататын микроорганизмдерді зерттеді. Ағылшын дәрігері Т.Сиденхем (1624 – 89) скарлатина, хорея, подагра, т.б. жұқпалы ауруларына алғаш ғыл. сипаттама берді. Оны “ағылшын Гиппократы” деп атайды. 18 ғ-да орыс дәрігері Д.С. Самойлович (Сущинский) (1744 – 1805) оба індетімен күресу тәжірибесі негізінде Ресейде Эпидемиологияның негізін салды. 19 ғ-дың 2-жартысында микробиологияда ашылған жаңалықтарға байланысты белгілі ғалымдар Л.Пастер, Р.Кох, И.И. Мечников, Д.И. Ивановский, Н.А. Семашко, А.Н. Сысин, К.И. Скрябин, Д.К. Заболотныйдың, т.б. еңбектерінің нәтижесінде көптеген індеттердің микробтары табылды. Қазақстанда 1925 ж. Қызылорда бактериол. лаб. ашылды. 1940 ж. осы лаб-ның негізінде Алматы қаласында Эпидемиология және микробиология ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) ашылып, республикада Э Эпидемиология саласындағы зерттеулер қолға алынды. Сондай-ақ Эпидемиология мәселелерімен Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, республикадағы мед. ун-ттер мен академиялардың кафедралары сан.-эпидемиол. ст-салар шұғылданады. Жедел өтетін ішек індеттері зерттеліп, оларға, т.б. жұқпалы ауруларға (шешек, күл, скарлатина) қарсы бактериялық препараттар шығарыла бастады, дизентерияның себептері мен эпидемиол. ерекшеліктері анықталды. Эпидемиология саласында көрнекті ғалымдар Х.Ж. Жұматов, И.Қарағұлов, Н.Д. Беклемишов, М.А. Айқымбаев, І.А. Макиров, Н.И. Киреев, Е.Х. Шұратов, Н.Ж. Жайықбаев, т.б. көп еңбек сіңірді. С. Әміреев, І. Құдайбергенұлы

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет (Санитарно- эпидемиологическая служба) — санитариялық-профилактикалық және эпидемиологияға қарсы шараларды жасайтын және орындайтын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер жүйесі.[

Залалсыздандыру, дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандыру – жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шарушылығында – қораларды, көң-қоқысты тазалап отыру, дәнді дақылдарды күнге кептіріп алу, т.б.

Қолдану мақсатына қарай залалсыздандыру екі түрге ажыратылады: сақтық (профилактикалық) залалсыздандыру және ошақтық залалсыздандыру (күнделікті немесе ағымдық және қорытынды).

• Сақтық залалсыздандыру – алдын-ала тағамдық өнімдерді дайындайтын және сақтайтын жерлерді, малдан алынатын шикізат немесе тағамдық заттар сақтайтын мекемелерді, мал қораларын, астық қоймаларын, емхана және ауруханаларды, әжетханалар мен қоқыс жинайтын орындарды арнайы тәсілдер қолданып өңдеу.

• Ошақтық залалсыздандыру – ауырған адам мен малдың қасында болып, олар сауығып кеткенге дейін күнделікті бақылау жүргізіп отыру, ауруды емдеуге алып кете салысымен және аурудан жазылып кеткеннен кейін немесе ауру (адам не мал) өліп қалғаннан кейін бірден (көп кешікпей) ауру орнын толық өңдеуден өткізу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *