Реле
Жалпы мағлұматтар
Реле — әр түрлі автоматтандырылған жүйелердің ең кең тараған элементі. Реле өзіне сыртқы физикалық факторлар (себепкер шарттар) әрекет еткенде өзінің жағдайын секірмелі түрде өзгертеді де шықпалық шаманың соңғы мәнін алады. Релелерді өздерінің сезінетін физикалық шамалардың түріне орай топтастырылады: электрлік, механикалық, магниттік, жылулық, оптикалық, радиоактивтік, акустикалық, химиялық ж.т.б.
Ауылшаруашылық автоматикасында электрлік релелер кең қолданылады. Электрлік релелердің құрамында мынадай үш функционалдық элементтерді көрсетуге болады: қабылдағыш, аралық, атқарушы.
Қабылдағыш элемент сыртқы бақыланатын параметрін сезінеді де оны реленің әрі қарай жұмыс істеуіне қажет физикалық шамаға түрлендіреді (мысалы, түйіспелік релелерде механикалық күшке түрлендіреді). Сонымен, қабылдағыш элемент электр-магниттік, электр-динамикалық, индукциялық принципті орындалған қозғағыш орган болып шығады.
Аралық элемент (түйіспелік релелерде — серіппе) қабылдағыш элементтен түрлендірілген сигналды алады да оны берілген шамамен салыстырады. Егер ауытқу болса релені іске қосу әмірін қалыптастырады (құрастырады).
Атқарушы элемент (түйіспелер жүйесі) басқарылатын тізбекке әрекет етіп, оның параметрін өзгертеді.
Әр түрлі релелерде басқа да элементтер болуы мүмкін. Мысалы, баяулататын, реттейтін элемент. Олар басқа элементтермен бірге орындалуы мүмкін.
Сыртқы физикалық құбылыстрың әрекетінен өзінің параметрлерін (кедергі, сиымдылық, индуктивтілік немесе ЭҚК) басқарылатын тізбекті көз көретін ажыратпай секірмелі түрде өзгеретін релелер түйіспесіз релелер деп аталады. Мысалы, логикалық элементтер, реле режимінде жұмыс істейтін магнитті күшейткіштер.
Жұмыс істеу принципінің және құрастырылымының әр түрлі болуына қарамастан релелер бірнеше ортақ параметрлермен сипатталады.
Релелердің негізгі параметрлері:
Іске қосылу параметрі – реленің іске қосылатын кезіндегі кірмелік сигналдың ең кіші мәні. Бұл параметр реленің сезгіштігін сипаттайды.
Босату параметрі – реленің бастапқы жағдайына қайтып келетін кезінде кірмелік сигналдың максимал мәні.
Босату параметрлерінің Ротп іске қосылу Рср параметрлеріне қатынаса қайта келу коэффициенті деп аталады.
Электр-магниттік релелерге К(ҚКв)=0,4…0,9,
электрондық релелерге К(ҚКв)=0,98…0,99.
Жұмыс параметрі (Рр) – реле ұзақ уақыт бойы номинал жұмыс режимде болатын кездегі кірмелік параметрдің ең үлкен мәні.
Іске қосылудағы қор коэффициенті – жұмыс параметрінің іске қосылу параметріне қатынасы.
Бостаудағы қор коэффициенті – босату параметрінің жұмыс параметріне қатынасы.
Іске қосылу уақыты τср – қабылдағыш элементке сигналдың берілу моментінен басқарылатын тізбекте сигналдың пайда болу моментіне дейінгі уақыт.
Осы параметрдің мәніне орай релелерді былай бөледі:
— инерциясыз τср (τі.қ)<0,001с;
— тез әрекет ететін τср (τі.қ)<0,05с;
— әдеттегідей τср (τі.қ)<0,05…0,15с;
— баяу әрекет ететін τср (τі.қ)<0,15…1,0с;
— уақытты ұтау релесі τср (τі.қ)>1,0с.
Босату уақыты τб (τотп) – сигналды алу моментінен түйіспелердің басқару тізбегіне әрекет етуі тоқталған моментке дейінгі уақыт.
Қызмет ету мерзімі – реленің іске қосылуының шекті мүмкіндік саны (103…107).
Реленің сенімділігі негізінде түйспелермен анықталады. Түйіспелер токтың, кернеудің, қуаттың шекті мәндерімен және іске қосылу санымен сипатталады.
Автоматикада электр-магниттік реле кең пайдаланады.