Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту

      1. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын төтенше жағдайларды жоюға тарту:

      аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары қызмет көрсететiн объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жоспарларына сәйкес;

      басқа объектiлер мен аумақтарда төтенше жағдайларды жою кезiндегi өзара iс-қимыл жоспарларына сәйкес;

      төтенше жағдайлардың пайда болуы мен өрiстеуi кезiндегi iс-қимылдардың белгiленген тәртiбiмен;

      аумағында төтенше жағдайлар қалыптасқан немесе өкiлеттiгiне аталған төтенше жағдайларды жою жатқызылған уәкілетті органның, ұйымдардың сұрау салуы негiзiнде, төтенше жағдайларды жою басшыларының сұрау салуы негiзiнде не аталған органдардың және төтенше жағдайларды жою басшыларымен келiсiм бойынша — аталған авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметiне басшылықты жүзеге асыратын не соған Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өкiлеттiгi бар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

      Суда құтқару қызметтерін төтенше жағдайларды жоюға тартуды төтенше жағдайларды жою басшысы жүзеге асырады.

      2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын соған уәкiлеттi лауазымды адамдардың шешiмi бойынша төтенше жағдайларды жоюға тарту объектiлер мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалуының Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген деңгейiн қамтамасыз ететiн шаралардың мiндеттi түрде қолданылуымен қатар жүргiзiлуге тиiс.

      3. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының жеке құрамын, көлiк және техникалық құралдарын олардың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi негiзгi мiндеттерiмен байланысы жоқ жұмыстарды орындау үшiн тартуға болмайды.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *