Өндірістік кәсіпорындардың 1000 В-тан жоғары кернеулі желілерін бөлу

Тәжірибеде жоғарғы кернеулі тораптарда қысқа тұйықталуды есептеу салыстырмалы бірлікке әкеледі. Бірақта осы мәндердің барлығы базистік кернеуге және базистік қуатқа әкеледі.

Базистік кернеуге келесі номиналды кернеулер келеді: UН = 0,23; 0,4; 0,69; 3,15; 6,3; 10,5; 20; 37; 115; 230 кВ.

Sб — базистік қуаттың орнына система қуатын қабылдаймыз, электрстанциядағы генераторлардың суммалық номиналды қуаты немесе ыңғайлы сан мәндері (100,200….1000 МВА).

Базистік тоқ келесі формула бойынша анықталады:

Салыстырмалы бірліктегі активті және реактивті кедергілері берілген кедергідегі номиналды тоқтың номиналды кернеуге қатынасының өзара кернеулерінің түсуімен сипатталады:

Салыстырмалы бірлікте электржабдықтау жүйесінде кедергі элементтері берілген:

1. Қорек көзінің салыстырмалы кедергісі:

2. Қоректенетін желінің салыстырмалы кедергісі

мүндағы: Uср.н — х0, желінің орташа номиналды кернеуі;

ℓ — меншікті кедергісі және желінің ұзындығы.

3. Трансформатордың салыстырмалы кедергісі

 ;

 ,

мұндағы: SН.ТР — трансформатордың номиналды қуаты.

РК.З — трансформатордың мыс шығыны, т.с.с қысқа тұйықталу қуаты, кВт.

4. Реактордың салыстырмалы кедергісінің формуласы:

 ;

мұндағы: IН.Р — реактордың номиналды тоғы.

Электржабдықтау жүйесіндегі элементтердің кедергілері қысқа тұйықталу режиміндегі қысқа тұйықталу тоғын анықтағанда 1000 В жоғары қондырғыларда элементтердің индуктивті кедергілерін ескереді. Осы элементтерге генераторлар, компенсаторлар, электрқозғалтқыштар, күштік трансформаторлар, реакторлар, әуелік және кабельдік желілер жатады.

Аталған элементтердің аетивті кедергілері ереже бойынша ескермейді, бірақта қысқа тұйықталу тоғын анықтаған жағдайда әуелік және кабельдік желісі ұзын болған жағдайда ескеріледі. Қысқа тұйықталу кезіндегі активті кедергінің суммасын ескерген жөн: қысқа тұйықталуда (КЗ) ( ), егерде ол үштен бір бөлігінен индуктивті кедергілердің суммасынан жоғарғы болғанда қысқа тұйықталу тізбегінде ( ).

Қысқа тұйықталу тізбегін есептеген кезінде төменде берілген электржабдықтау жүйесіндегі элементтер кедергісі қабылданады.

1. Синхронды генераторлар, компенсаторлар, қозғалтқыштар:

Бастапқы момент үшін қысқа тұйықталу (КЗ) х»d синхронды машинаның индуктивті кедергісі деп қабылданады. х»d мәні әртүрлі машина үшін каталогтан алуға болады. (приложние 13 қараңыздар). Мұндай мәндер болмаған жағдайда х»d орташа мәнін номиналды қуатымен номиналды кернеу машинасына байланысты қабылдауға болады.

Турбогенераторлар үшін 0,125

Тыныштандыру орамасы бар гидрогенераторлар үшін 0,2

Тыныштандыру орамасы жоқ гидрогенераторлар үшін 0,27

Синхронды компенсаторлар үшін 0,16

Синхронды қозғалтқыштар үшін 0,2

Салыстырмалы бірліктегі система кедергісі төмендегідей өрнекпен анықталады:

2. Күштік трансформаторлары:

Күштік трансформатордың индуктивті кедергісі қысқа тұйықталу кернеуімен беріледі ик%. ик% мәні номиналды жүктемеде трансформатордағы кернеудің құлауына тең болғандықтан, сондықтан да салыстырмалы кедергі түсінігінен қорытындылай ик% = zT % активті кедергісін ескермейді.

ик % = хТ % күштік трансформаторда ик% мәнін каталог бойынша қабылдайды. (практ. 12 қараңыз).

Екі орамалы трансформаторлар үшін цк%=5,5 14%, үш орамалы трансформаторлар үшін ик% мәні әр жұп орамаларға беріледі: ик I – I I %, ик I -I I I %, ик I I – I I I % , және де оларды трансформатордың номиналды қуатына жатқызады.

Салыстырмалы бірліктегі екі орамалы трансформатор кедергісі төмендегідей өрнекпен анықталады:

     .

Үш орамалы трансформатордың әр орамасындағы индуктивті кедергісі:

3. Реакторлар:

Салыстырмалы бірліктегі реактор кедергісі төмендегідей анықталады:

Реактордың индуктивті кедергісі Ом немесе процентпен беріледі (приложения 18,19 қараңыз). Егер индуктивті кедергі процентпен берілген жағдайда, есептеген кезде реактордың номиналды кернеуі мен тоғын ескерген жөн. Екі еселенген реакторлар үшін коэффициент байланысының кс мәнін білген жөн.

Көп қолданылатын реакторлардың мәндері xP = 3 10 %; хP = 0,1 0,5 Ом. Екі еселенген реакторлардың индуктивті кедергісі бір тармақ үшін 0,14-0,5 Ом. Екі тармақ үшін екі еселенген реактордың индуктивті кедергісі 0,4-1,7 Ом; kc 0,5.

4. Әуелік және кабельдік желілері:

Салыстырмалы бірліктегі желілік кедергі

5. Асинхронды қозғалтқыштар:

Асинхронды қозғалтқыштағы қысқа тұйықталуды есептеу үшін мына мәндерді білген жөн:

— Қозғалтқыштың номиналды қуаты мен кернеу;

— Қозғалтқыштың номиналды жылдамдығы;

— Іске қосу тогының қысқашылығы.

Фазалық немесе қысқа тұйықталу роторы бар асинхронды қозғалтқыштың жоғарыда аталған параметрлердің мәні каталогтың анықтамасынан алынады. Қысқа тұйықталу тізбегіндегі нәтижелік кедергіні және есептік тәсімді анықтау. Қысқа тұйықталу тоғын (ТКЗ) есептеу кезінде қондырғылардың бір желілі тәсімі қолданылады. Ол есептік деп аталады.

Есептеу кезінде параметр элементтері көрсетіледі. Қысқа тұйықталу нүктесі үшін түрлендіру тәсімінде барлық элементтер электрлікпен байланысқан. Қысқа тұйықталу тізбегіндегі нәтижелік кедергілер салыстырмалы бірлікте анықталады.

Салыстырмалы бірлікте нәтижелік кедергіні анықтау (Ом). Электр жабдықтау жүйесі бірнеше сатылы кернеулерге ие және де бір бірімен трансформаторлар арқылы байланысқан және де қысқа тұйықталу тізбегіндегі барлық электр кедергілері сол базистік кернеуге әкелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *