Енді келтірілген трансформатордың электрлік теңдеуінің өрнегі қабылданған ұйғарым бойынша мұндай жүйе түрінде жазылады.
U 1 = -Е1 + І1 R1 + І1 j Х1 ;
U 2 1= Е11 – І2 1 R21 – І2 1 j Х21;
І=І1+І2 (1.34)
(1.34) теңдеу жүйесінің графикалық шешімі, келтірілген трансформатордың кернеуінің, тоғының және ЭҚК–нің векторлық диаграммасын тұрғызуға мүмкіндік береді.
Трансформатордың көрсетілген эквивалентті электр сұлбасында: Е1 мен Е2 трансформатордың бірінші орамасы мен келтірілген екінші орамасындағы ЭҚК; R1 мен R2 ретіне қарай трансформатордың бірінші орамасы мен келтірілген екінші орамасындағы Омдық кедергілері: Х1 мен Х2–трансформаторлардың бірінші орамасы мен келтірілген екінші орамасында индуктивті шашырау кедергісі: Z =Rcm + j Xм магниттену тізбегінің кедергісі: тәжрибеде R1 мен R21 << Rcm , ал х 1 мен х21<<хм Кирхгоф заңы бойынша трансформатордың эквивалентті ауыстырма сұлбасы үшін кейбір ауытқуларда ескеріп, мынадай теңдеу жүйесін құрады:
U1 = — Е1 + І1 (R1 + j х 1);
U 2 = Е2 – І21 (R21 + j х 21);
І = І 1 + І2
1.5-сурет. Келтірілген кернеу трансформаторының: а – жүктемесіз жұмыс; б – қысқа тұйықталу; в – активті индуктивті жүктеме тәртібіндегі векторлық-топографиялық диаграммасы.