Электр жүктемелердің есептері Дәріс — 3 Тақырып 1. Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесінің әртүрлі деңгейлердегі электр жүктемелерін анықтау

Басты есептік электрлік жүктемелерді анықтауға келесі анықтау әдістерін жатқызған жөн:

1) Анықталған қуаттар және сұраныс коэффициенті;

2) Орташа қуаттары және есептік жүктемелердің орташадан ауытқулары (статистикалық әдіс);

3) Орташа қуаттар және коэффициент формасының жүктемелік графигі;

4) Орташа қуаттар және макасималды коэффициенттері (жүктеме график көрсеткіштерінің реттелген диаграммасының әдісі).

Ал көмекші есептік жүктемелерді анықтау әдістеріне келесі әдісті қолдануға болады:

1) Берілген уақыт аралығында белгілі бір көлемде шығарылатын өнімнің бірлік өніміне кеткені меншікті электр энергия шығыны;

2) Өндірістік аудан бірлігіндегі меншікті жүктемелері.

Ең басты және көмекші есептік жүктемелерді анықтау әдістері, олар келтірілген және эмпирикалық есептік әдістемелері болып табылады. Жоғарда көрсетілген ең басты әдістемелердің соңғы үш әдістері болжау теориясының басты жағдайларын қолданады.

Есептік жүктемелердің нақты әдістерін қарастырып, қолдану орталығын белгілейміз:

1) Сұраныс коэффициенті және анықталған қуаттары бойынша есептік жүктемелерін анықтаймыз:

Қабылдағыштардың бірдей топтық жұмыс режимі бар есептік жүктемелерді келесі жолмен анықталады:

мұндағы, — жоғарыда берілген топтық қабылдағыштардың сұраныс коэффициенті, мәнін арнайы анықтамадан қабылдаймыз.

tg — берілген топтық қабылдағыштардың сәйкес келеді, мәнін арнайы анықтамадан қабылдаймыз.

  мәні қолдану коэффициентіне байланысты қабылдануы мүмкін, ал берілген топтық қабылдағыштар үшін орташа қосылу коэффициенті мына мәнге тең 0,8.

Кс.а. 0,4 0,5 0,6 0,7 0,8 0,9

KИ 0,5 0,6 0,65-0,7 0,75-0,8 0,85-0,9 0,92-0,95

  және мәндерін бөлек цехтар және өндірістер немесе жалпы өндіріс саласында да осылайша арнайы анықтамадан қабылдаймыз.

Электрмен жабдықтау жүйесі түйіндерінің есептік жүктемелері (корпус, цех, өндіріс) берілген түйінге кіретін жеке топтағы қабылдағыштардың есептік жүктемелерінің қосындысымен және максималды жүктемелердің әртүрлі уақыттағы коэффициентіне көбейтіндісі арқылы анықталады:

мұндағы — жеке топ қабылдағыштарындағы есептік активті жүктемелерінің суммасы;

 — жеке топ қабылдағыштарындағы есептік реактивті жүктемелерінің суммасы;

  — жеке топ қабылдағыштарындағы максималды жүктемелердің әртүрлі уақыттағы коэффициенті, өндірістегі электр жабдықтау жүйесіндегі түйіннің орналасуына байланысты коэффициент мәнін 0,85 — 1,0 осы аралықта қабылдаймыз.

2) Орташа қуаттары және график жүктемелері және жүктемелердің коэффициент формасы графигі бойынша есептік жүктемелерді анықтаймыз:

Орташа қуаттары және график жүктемелері коэффициент формасы бойынша есептік жүктемелерді келесі жолмен анықтаймыз:

     (3.1)

       (3.2)

Қарастырылып отырған әдісте есептік жүктемелерді орташа квадратқа тең деп қарастырамыз, Рр = Рск; Qp = Qcк.

Негізінен есептік жүктемелердің орташа квадратқа теңдігі тиімді емес, бірақ-та көптеген жағдайларда орташа квадраттық жүктемелер есептік ретінде қолдануы мүмкін. Максималды орташа жүктемелер принципіне сәйкес ұзақ жүмыс режимді, топтық циклі Тц « 3Т0» болатын топтық қабылдағыштар үшін тиімді.

Ұзақ жұмыс режимі бар топтық қабылдағыштар үшін Кф.а жұмыс режимінің көрсеткішіне және келтірілген қабылдағыштар санына байланысты топтар келесі теңдеумен анықталады:

мұндағы — келтірілген қабылдағыштар саны. Жоғарыдағы теңдіктен шығатыны: электржабдықтау жүйесінің түйіні және басқа тораптардағы үлкен қабылдағыштардың электр энергиялық жүктемелік графигі теңеседі және Р (t) = const ұмтылады. Сондықтан орнатылған режимде қабылдағыштардың саны шексіз өскен кезіндегі ( ) топтық коэффициент формасының графигі КФ.а 1 және сәйкесінше Рск Рсм немесе Рр Рсм, егер топта жүктеменің біртекті топтық графигін бұрмалайтын басқаларымен салыстырғанда қуатты қабылдағыштар болмаса. Егерде, КФ.а мәндері 1,0 — 1,2-ге дейінгі аралықта болғанда, формула (3.1)-(3.2)-мен есептік жүктемелерінің шинадағы төменгі кернеулі цехтық трансформатордың қосалқы станциясындағы, теңестірілген график жүктемесінің шинасын, тарату қосалқы станциясындағы шинасын және цехтық шинапроводын анықтауға қолданылады.

КФ.а мәні көп жағдайда тұрақты болып келеді, егерде цехтағы өнімділік немесе заводтағы шамамен тұрақты болса және берілген өнімділік кезіндегі жүктеме графигінің топтық формасының өзгеруі КФ.а мәндеріне әсер етпейді. Сондықтан да жобаланып жатқан өнеркәсіптің электрмен жабдықтау жүйесінің есептік жүктемелерінің жеке түйіндерінің коэфициенттері электрмен жабдықтау жүйесінің түйіндеріне сәйкес қабылдануы мүмкін.

Тәжірибелі жолмен жүктеме графигінің топтық коэффициент формасын орнату қиын болады, мәндерін тек дәл мәнімен қабылдау қажет КФ.а =1,1-1,2 (КФ.а мәні бұл кезде электржабдықтау жүйесінің төменнен жоғары қарай бағыты бойынша төмендейді).

Аса жүктелген ауысымдағы орташа қуаттары PСМ, QСМ (3.1) формуласы бойынша есептеледі.

Есептік жүктемелерді анықтау төмендегідей жолмен анықталады:

1) Анықталған қуаттардың және пайдалану коэффициентінің берілген мәндері бойынша ;

2) Бірлік өнімдегі меншікті электр энергия шығыны және цех немесе өнеркәсіптегі өнімділігнің берілген мәндері бойынша ;

3) Ауданның бірлік өнімділігінің орташа меншікті жүктемелерінің берілген мәндері бойынша.

Тарату шарты бойынша орташа қуатын счетчиктің активті және реактивті энергия көрсеткіштері бойынша анықтауға болады және орташа жүктемесімен салыстыру қажет.

3.1 Есептік жүктемеерді анықтау бойынша жалпы нұсқау әдстері

Жоғрыда қарастырылған шарттар бойнша есепік жүктемелер келесі нұсқауларды қарасатыруға болады:

1. Бөлек топтық қабылдағыштар және түйін кернеуі 1000 В-ға дейінгі бойынша есептік жүктемелерді анықтау үшін цехтық тораптарда кезектелген диаграммасындағы жүктемелік график көрсеткішінің әдістерін қолданған жөн.

2. Жоғрғы сатылы элетржабдықтау жүйесінің есептік жүктемелерін анықтау үшін есептік әдісі қолданған жөн. Басты қолданулары орташа қуаттары және коэффициенттері Км..а , Кф.а көп жағдайда Км..а , Кф.а мәндері 1,05-1,2.

3. Жоғары сатылы электржабдықтау жүйесінің болжамалы есептеулеріне анықталған қуаттар есептеулер әдісі және Кс..а ал кей жағдайда меншікті электр энергия тұтыну көрсеткіштері.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *