Полиэтилен изоляциясының қызу тұрақтылығы.

Бұл кернеу класының көптеген кабельдер конструкциясында электрөткізгіш экран сыртынан мыс немесе алюминь ленталарынан металды экран, немесе ПВХ қабаты немесе полиэтилентерефталантты ленталарынан тұратын ленталар орамасы комбинациясын құрайтын фольганы орналастырады. Кабельдерді дымқылдан, механикалық бүлінуден сақтау үшін пластмассалы немесе қорғасынды қабат қолданылады.

10…35кВ кернеудегі күш беретін кабельдер, әдетте бір желілі және үш желілі тігінделген полиэтиленмен шығарылады. Көбінесе бір желілі кабельдер қолданылады, олар үлкен құрылысты ұзындықта жеткізіледі, яғни оларды монтаж және эксплуатация (жөндеу) кезінде қолдану оңай.

Пластмассалы изоляция кабельдері үшін электр өрісінің ұзақты шектік жұмыс кернеулігі 8.8…9,5 МВ/м тең. Нәтижесінде 110 кВ кернеуі үшін изоляцияның радиалды қалыңдығы 12 мм, 220 кВ кернеуі үшін – 23 мм қамтамасыз етеді. Мұндай кабельдің желісіндегі ұзақтық жұмыс температурасы 900С аспауы тиіс, жүктеме кезіндегі шектік температура – 1300С. Қысқа тұйықталу режимінде шектік температура 2500С құрайды. Тігінделген полиэтиленмен жасалған электрөткізгіш экранының қалыңдығы – 1,15…1,25 мм. Электрөткізгіш экран сыртынан изоляция бойыменен 0,25 мм қалыңдықта гофрирленген мыс лентасынан экран салынады. 2,8 мм қалыңдықтағы сыртқы қабық полиэтиленнен ПВХ пластикатынан немесе өздік өшетін полиэтиленнен орындалады.

110 және 220 кВ кернеуіндегі барлық кабельдер конструкциясы бойлық және радиалды герметизация элементтерінен тұруы тиіс, кабельге ылғалдылықтың енуі оның жұмыс мерзімін қысқартады.

Жоғары вольтты кабельдердің белгіленуі:

 — полиэтиленнен жасалған пластмассалы қабықтан;

— металды немесе металлопластмассалық ленталардан тұратын көп қабатты;

— түгел металды қабықтан қолданумен қамтамасыз етіледі.

Егер радиалды тосқауыл зақымданса, онда кабельдің бойлық герметизациясы үлкен мәнге ие болады. Бойлық герметизация желі бойынша бәрінен бұрын конструкциясы бойынша қамтамасыз етіледі, яғни алюминь желісін немесе оралған өзекше сыртынан аралас алюминиймен аралас бүтін желіні қолданумен.

Полиэтиленді изоляциясы бар кабельдің конструкциясы 2.6 суретте көрсетілген.

Пластмассалы изоляциясы бар кабельдер келесі түрде маркіленеді.

ПвВ – мыс желілі, ПВХ пластикатынан жасалған қабық пен вулканизацияланған полиэтилен мен қапталған изоляциялы кабель. Өндірістік орындарда салу үшін қолданылады. Жоғары ылғалды топырақ немесе дымқыл орындарға салынса герметизацияланады;

ПвПп – вулканизацияланған полиэтиленнен жасалған изоляция, полиэтиленді қабығы бар және бойлық герметизациялы экраны бар мыс желілі кабель;

АПвПу – қабығы бар полиэтиленді изоляциясы бар алюминийді ток өткізгіштік желілері бар кабель. Күрделі аймақтың трассаларында салу кезінде қолданылады.

Сурет 3.5. Полиэтиленді изоляциясы бар жоғары вольтта кабельдің конструкциясы:

1-токөткізгіш мыс желісі; 2-желі бойымен жартылай өткізгіш қабат; 3-изоляция; 4-изоляция бойымен жартылай өткізгіш қабат; 5-суда ісінетін жартылай өткізгіш лента; 8-суда ісінетін лента; 9-полиэтиленнен қабат.

Резинді изоляциясы бар төмен және орташа кернеудегі күш беретін кабельдер. Резиналы изоляциясы бар күш беретін кабельдерт электр жүйелерінде стационарлы түрде жүргізу үшін арналған, сонымен қатар 660В ауыспалы немесе 1000В тұрақты кернеуде және 3,6 және 10кВ ауыспалы және тұрақты кернеулерінде электр энергиясын трассаларда өткізіп және тарату үшін арналған.

Мұндай кабельдер мыс және алюминь желілі болуы мүмкін. Олардың токөткізгіш желілеріне резиналы изоляция қойып, бұрайды. Резиналы изоляцияны ылғал, жарық химиялық белсенді орта мен механикалық әсерлерден қорғау үшін бұралған желілердің сыртынан қорғасыннан қабық, ПВХ пластикатын немесе поликлезопренді каучук негізінде резина салады. Резинаның физико-механикалық және электроқшаулағыштық қасиеттері пластмассаға іс-жүзінде орнын береді. Сонымен қатар, изоляциялы резиналардың уақыт өте келе едәуір дәрежеде созылымдығы және басқа да физико-механикалық, электроқшаулағыштық қасиеттері төмендейді.

Резиналы оқшаулағыштың ескіруі жоғары температураның, жарық, одан, агрессивті орталардың әсерінен болады және резинадағы каучуктың тотықтырғыш деструкциясына әкеліп соқтырады, сонымен қатар резиналы қоспалардың бөлек ингредиенттерінің изоляциядан миграциясын тударады. Кабельді резиналардың қасиетін жақсарту үшін, каучуктардың әр түрлі комбинацияларын қолданып, резиналы қоспаларға ескіруге қарсы қоспалар, жұмсартқыштар, толтырғыштар және т.б қолдануға болады. Айтылған кемшіліктерге қарамастан резина кабель өндірісінде иілгіштік қасиетінің жақсы болуына және жоғары температураға шыдамдылығына қарай кеңінен қолданылады. Изоляция және кабық ретінде резина күш беретін кабельдерден басқа геофизикалық жұмыстар, рентген, шахта, кеме, қондырғылық сымдар кабельдеріне қолданылады.

Жоғары вольтты монтажды кабельдер мен резиналы оқшаулағыш өткізгіштер радиоэлектронды аппаратураның жоғары вольтты тізбек монтажы үшін арналған.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *