13.Сотта өкілдік ету. Сотта өкілдік етудің жəне соттағы өкілдің түсінігі. Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу

      1. Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды.

      2. Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде əрекет ететін олардың басшылары жəне (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын немесе өкілеттігін куəландыратын құжаттарды ұсынады. 1.1.Тапсырма бойынша өкілдік ету

      1. Мына тұлғалар:

      1) адвокаттар;

      2) заңды тұлғалардың істері бойынша – осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік органдардың жəне олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша – осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;

      3) кəсіптік одақтардың – құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кəсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша уəкілетті өкілдері;

      4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уəкілетті өкілдері;

      5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;

      6) іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар

басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.

      2. Өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады.

      3. Адвокат ордерге сəйкес өкілдік жанында, осы Кодекстің 60-бабында санамаланған əрекеттерді қоспағанда, қажетті процестік əрекеттерді жасауға құқылы. Олардың əрқайсысын жасауға құқығы сенімхатта көрсетілуге тиіс. 1.2.Заңды өкілдер

      1. Əрекетке қабілетсіз азаматтардың, кəмелетке толмағандардың жəне сот тəртібімен əрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, патронат тəрбиешілері немесе оларды алмастыратын басқа да тұлғалар қорғайды, олар сотқа өздерінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттарды ұсынады.

      2. Хабарсыз кетті деп белгіленген тəртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша хабарсыз кеткен азаматтың мүлкіне қорғаншылықты жүзеге асыратын тұлға оның өкілі ретінде əрекет етеді.

      3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп заңда белгіленген тəртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны əлі ешкім қабылдамаса, мұрагерлік мүлік өзіне сенімгерлік басқаруға берілген тұлға мұрагердің өкілі ретінде əрекет етеді.

      4. Заңды өкілдер өкілдік берушілерге жасау құқығы тиесілі барлық процестік əрекеттерді заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді басқа өкілге тапсыра алады.

      Кəмелетке толмағанның, сот тəртібімен əрекетке қабілетсіз деп танылған адамның не сот тəртібімен хабарсыз кетті деп танылған адамның заңды өкілі қорғаншылыққа алынған адамның мүлкі олардың нысанасы болып табылатын даулар бойынша істерді қарау кезінде өзі өкілі болып отырған адамның мүддесінде барлық процестік əрекеттерді жасайды.

      Кəмелетке толмағанның, əрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамның заңды өкілі шектелген құқықтар көлемінен туындайтын міндеттемелер нысанасы болып табылатын істерді қарау кезінде осы адамның мүддесінде барлық процестік əрекеттерді өз бетінше жасайды. Басқа даулар бойынша əрекет қабілеті шектеулі тұлға процестік əрекеттерді жасайды жəне процестік міндеттерді өз бетінше атқарады.

      5. Заңды өкілдер жəне тапсырма бойынша өкілдер процестік əрекеттерді өз мүдделерінде немесе өздері өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қарамастан жасауға құқылы емес.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *