Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiн атаңыз:

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiн атаңыз:

 [+]адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау;

39,Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың ұғымы:

 [+]жеке адамның Әкімшілік Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады;

40,Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау:

 [+]егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

41,Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау:

[+] егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады;

42,Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:

 [+] ақыл-есi дұрыс, Әкімшілік кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;

43,Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:

  [+]заңды тұлға.

44,Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасы:

 [+]әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс;

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *