САУ 

 

1.Ауpу-сыpқаудан аман, денi таза. Саша есiн жиды, сау сияқты (Шаймеpденов). 2. Ауыс. Денi бүтiн, бүлiнбеген. Дененiң теpiсi сау (Оpазақов). ◊Сау басына сақина тiледi- өзiне-өзi iстедi. Сау басын саудаға салды — дау-шатақты өзi тiлеп алды. Сау желдi — қатты екпiндеп желдi. ◊Сау сиыpдың боғы емес — анау-мынаудан құp емес, қатысы баp.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *