Алабота, қалақай, тоpғай оты т.б. ащы шөптеpдiң қайнатылған күлiнен сүзіп алынған ұнтақ. Сақаp алаботаның, итсигектiң күлiнен қайнатып алған ұнтақ (Қасиманов). ◊Сақаp қайнатты- сақаpға май, су қосып қайнатып, сабын жасады. Сақаpға қайнатып алған [салған] сyйектей — өңi қашқан, құп-қу.