Домбыра күйлері


Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылының
Саз мектебі филиалының домбыра сыныбының мұғалімі: Кульжамбекова Гульжан Абылкановна

Тақырыбы: Домбыра күйлері

Домбыра – қазақ халқының жан сезімі, жан серігі. Домбыра – халық даналығы.ол халқымыздың өмір тәжірибесімен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным – сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Күйлер ұрпақ арасындағы сабақтастықтың негізгі факторы болып, уақытаралық қатынастың негізгі құралына айналды.
Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырымен тамырлас. Тарихта хатқа түспеген талай беттерін паш етіп, халқымыздың тарихнамасына айналды.
Қазіргі кездері археологиялық олжалар домбырашылық дәстүрдің тамыры тым әріде жатқанын пайымдайды. Бұған Хорезмде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған қос ішекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың күйдірілген саздан жасалған бейнелері куә. Ғалымдар осыдан кемінде 2мың жыл бұрынғы бұл бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырға көшпелілер арасында ең кең тараған аспаптың бірі болғандығындәлелдейді. Домбыра дәстүрінің көнелілігіне күні бүгінге дейін сақталып келген аңыз- күйлер айғақ бола алады. Түп тамыры терең архаикалық салт-санамен ұштасқан бұл күйлерде бағзы замандағы мифологиялық наным- сенімдердің сілемелері сақталған.
Халқымыздың көшпелі тұрмыс- тіршілігінің ерекшелігіне байланысты өнеріміз ғасырлар бойы тек қана жеке орындаушылық формада дамыды. Ол әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкіндік туғызды. Аты аңызға айналған Кербұғы, Асан Қайғы, Қарт Ноғай сияқты оның ең таңдаулы өкілдерінің есімдері біздің заманымызға да жетті.Оның күйлері халқымыздың басынан өткерген қиын өткел, қилы кезеңдерін бейнелеп, халық тарихы туралы сыр шертеді.Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда өзінің шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген профессионал күйші- композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші- композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен оқшауланып, өнерімізде жарқын қалдырды.
Домбыра өнерінде батысқазақстандық төкпе және шығыс қазақстандық шертпе тәрізді екі аспаптық дәстүр қалыптасты. Бұл екі дәстүр бір- бірінен композициялық құрылысы, ойнау техникасы музыкалық тілі жағынан айырықшаланып дараланды.
Батыс Қазақстан күйлері негізінен шиеленіскен тартысты оқиғаларға құрылады. Терең философиялық толғанысқа толы бұл күйлерде қуатты әрі толық қанды образдар жасалады. Төкпе күйлердің шертпе күйлерден айырмашылығы – оның бас буын, орта буын, кіші саға, үлкен саға болып келетін нақтыланған формасы бар. Және бұл дәстүрдегітағы бір ерекшелік –оң қол қағысында. Қағыстар оң қолдың сермей соғуымен орындалып, қара қағыс, ілме қағыс, бөгеме қағыс сияқты сан түрге бөлінеді.
Шығысқазақстандық шертпе дәстүрінің ерекшеліктеріне күйлерінің ән тектес әуенді, сазды және жұмсақ нәзік үнді болып келуін, саусақ басымен шертіп тарту әдістерін жатқызуға болады. Олардың мазмұнына психологиялық суреттемелер, терең толғаныстар, әйелдердің нәзік бейнелері тән.
Домбыра өнері бұл күнде өз жалғасын тауып, дамып, өркендеп отыр.Өмірдің, тұрмыс- тіршіліктің жаңғыруына байланысты орындаушылық дәстүр мен оның функциялары да қазіргі уақытта өзгеріске ұшарады. Алайда, домбыра күйлері бұдан жүздеген жыл бұрынғыдай халықтың рухани серігі болып, оның көңіл күйін, жас ұрпақтың болашағына деген толғаныстан, арманы мен бақытына деген сенімін сақтап келеді.
Көне аңыз- күйлер
Халықтың өткені, тұрмыс- тіршілігі, болмыс- бітімі мен ой-арманы туралы небір сүбелі деректерді көне аңыз –күйлерден танып білуге болады.Олардың аққудың сұңқылы, нардың боздауы, құланның дүбірі, жорғаның жүрісі сияқты небір суреттерді көз алдыңа әкеледі.
Бұл күйлердің күмбірлеген сырлы сазымен бірге егіздің сыңарындай болып ауызша айтылатын терең мағыналы аңыз әңгімелері бар. Олар музыкадан бөлінбейтін біртұтас синкретикалық форманы құрайды. Ал күй сарындары болса аңызда айтылған оқиғаны бейнелейтін шағын эпизоттардан немесе формасы жағынан кішігірім күйлер тобынан құралады. Күй формасы шағын әуендік формуланы қайталап орындау арқылы қалыптасқан. Күйлер теріс бұрауда орындалып, көбінесе бурдонды екі дауыс болып келеді.
Аңыз – күйлерінің ең көне үлгілеріне аң – құстардың атымен аталатын, сонымен қатар, аң аулауда болған сәтсіздіктер мен жан-жануарлар туралы күйлерді жатқызуға болады. Мәселен, «Аққу», «Қаз»,»Нар» сияқты күйлер халқымыздың жан-жануарларды киелі санаған тотемдік ой- сенімдеріне байланысты туған. Сол сияқты «Ақсақ қыз», «Ақсақ құлан», «Ақсақ аю», «Ақсақ киік», «Ақсақ қой» атты күйлер халық ұғымындағы ақсақ аруақтар культімен тығыз байланыста екенін байқауға болады. «Қос келіншектің зары», «Жетім қыз», «Ботасы суға кеткен інгеннің зары» сияқты жоқтау күйлерде қазақтың өзен суларының екі дүниені бөліп тұратындығы жайындағы ескі діни ұғым- түсінігі сақталған. «Аңшының зары», «Бөкен жарғақ» атты күйлерге де тотемдік наным – сенім арқау болған. Бұл шығармаларда аң аулаудың қасиетті заңдылығын бұзғаны үшін бақытсыздыққа ұшыраған мергендер туралы баяндалады.
Жоғарыда аталған күйлердің шығу тегі өнердің әлеуметтік функцияларының бірі тұрмыстық маия болған тарихи кезеңдерді қамтиды. Бізге жеткен көне күйлердің сырлы саздарында магиялық қасиеттердің кейбір жұрнақтары сақталған.
Уақыт өткен сайын ескі діни наным сенімдер де ұмыт бола бастады. Қазіргі уақытта аңыз- күйлердің көпшілігі ертегі – әңгіме тәрізді болып қалды. Алайда, уақыт сағымының құрдымына кеткен өткен ғасырлардың сырлы үні біздің заманымызға сақтап жеткізген осы аңыз- күйлер екенін ешқашан естен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *