Менің аты-жөнім Сәлімгерей Жасталап Тілектесұлы. Мен ағылшын үйірмесінің оқушысымын,ұстазым Жақсыбекқызы Асем апай.
Биыл Ұлы Отан соғысындағы жеңіске — 72 жыл толған екен. Осы соғыста қаншама біздің ағаларымыз бен апаларымыз дүниеден озды. Олар жаумен шайқасып,ерліктің үлгілерін көрсетті. Ал кейбір ата-әжелеріміз тылда жүріп,бір де аш,бір де тоқ болып жұмыс жасады.Ал, мен, бүгін сіздерге Ұлы Отан соғысына қатысқан атам туралы айтып бергім келеді. Менің атам Қарашаев Сәлімгерей 1926 жылы 6 қаңтарда жұмысшы жанұясында дүниеге келген.1944 жылы Беларуссия жерінде майданда жүрген жерінен, Берлинге щабуыл жасауға жібереді.Сонан соң 1945 жылы 15 тамызда жапондармен соғысуға жіберген. Менің атам «мен сияқты ержүрек,отқа түскен жауынгерлер де аз болмаған» дейтін атам маған..
1950 жылы атам 23 қазанда ауылға,елге оралады. Ауылға келгеннен кейін Қазалы ауданындағы поровоз-заводында 45 жыл қызмет жасап, 1987жылы зейнетке шығып,«Еңбек ардагері» орденімен марапатталады.1951 жылы менің әжем Әбенова Қатшамен үйленіп, әжем екеуі 9 баланы тәрбиелеп өсірген. Атам мен әжемнің 23немересі мен 27 шөбересі бар. Менің әкем Тілектес те ата жолын қуып, жол бойы саласында жұмыс жасайды.Атам зейнетке шыққаннан кейін ауданымызға қызмет етіп,ақсақал-молда болып артындағы ұрпағына өнегелі сөздер қалдырды. Бірақ атам 2012 жылы 86 жасында дүниеден озды. Менің атам Ұлы Отан соғысының ардагері болғанына қуанамын,мақтанамын. Мен атамның есімін мақтанышпен айтамын. Себебі менің атам-менің жебеушім. Мені қолдап,қолпаштап жүреді. Ол кісі бұл өмірде жоқ болса да мені ақ жолға салып, қасымда қорғап жүретінін сеземін. Ол солай болады, себебі менің атам өмірдің ащысы мен тәттісін қатар көрген жан. Ол кісі бәрін көрген,бәрін біледі.Мен қазір оқушымын,соғыстың әр кезеңі мен қиындығын ұстаздарымнан естіп,ата-баба ерлігіне таң қаламын.Ол кісілердің алдында басымды иемін. Бізге осындай балалық шақ,жарқын болашақ сыйлағаны үшін және аттарын алтын әріптермен жазатын ардагерлер қатарында менің атам болғандығын мақтан етемін. МенСәлімгерей атам сияқты батыл,еңбекқор,адал,шыншыл, үлкен жанұя иесі болып өссем деп армандаймын. Мен келешекте ата-анамды,бауырларымды құрметтеп атам салған сара жолмен елге елеулі,халқымның қалаулы ұлы болып өскім келеді.Мен атамның ерлігі мен ер жүректілігін естен шығармаспын. Балалық жүрегі мен шын көңіліммен атама рахмет айтқым келеді. Мен атамды жақсы көремін!
Сәлімгерей Жасталап Тілектесұлы
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
Оқушылар Үйінің «Ағылшын» үйірмесінің мүшесі
Жетекшісі – Артықбаева Асемгүл Жақсыбекқызы