Мемлекеттің Орталық банкісі, оның қалыптасуы және дамуы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару кұқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең екілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы нёгізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-тендік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-кол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк акша айналымының кұрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Үлтгық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Үлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Үлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі   Үлттық   банкінің   мекемелері   арқылы   коммерциялық банктердің   кассаларын   толтыру   негізінде   жүреді.   Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Үлттық банктердің мекемелері   аркылы  жүргізеді,   ал   қажет  жағдайда   Үлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Үлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Ұлттық банк — ақша резервтерінен, алтын валюта резерв-терінен, басқа да материалдык құндылықтардан тұратын жеке-ше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне — банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық корын

10 млрд. теңге көлеміңде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар,  мемлекеттен  алынган   негізгі   қорлар  және   Ұлттық   банк   тапқанпайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайыңда Орталық банкінің жұмысын ұйымдабтырудың әр турлі құқықтық формалары бар:

—   оның   капиталының   қалыптасуы    100%   мемлекеттің қаражаты есебінен болатын   унитарлық банк;

—   акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;

—   бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);

—   Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет — жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізь қор -ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты — банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аудары-лады. Үлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Реепубликасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

— Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние-жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыруақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қам-тамасыз етуге көмектесу;

—   банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:

—   елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналыйлн басқару;

—   өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

—    халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;

—   банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;

—   банк ісін бақылау және қадағалау;                     ,

—   елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;

—   ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;

—   валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.                                  

Ұлттық  банктің   несиелік  ресурстары   мыналардың есебінен құралады:

—   меншікті қаражаттары;

—   басқа банктермен тартылған және келісім-шарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;

—   Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

—   мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша босқаражаттарынан.

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйым-дастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады.

Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.

Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқармаболып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына Ұлттық  банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

—   мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;

—   Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;

—   Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;

—   Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;

—   Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін белгілейді;

—   сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;

—   Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;

—   Ұлттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;

—  банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.

Ұлттық банк терағасы Ұлттық банк атынан және сенім-хатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.

Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.

Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.

Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.

Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.

Ұлттық банкінің жедел басқару органы — Директорлар кеңесі (директорат), ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.

Директорат, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Директорат кұрамына — төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарында келесідей (1997 жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.

Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жузеге асырады. Олар филиалдың құқықтарьш пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *