ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР–Қазақстандағы ұлттық мәдени орталықтардың үш статусы болады. Олар республикалық, облыстық, аудандық болып үшке бөлінеді. Республикалық ұлттық мәдени орталықтардың бүгінгі таңда Әділет министрлігіне нақты тіркелген саны – 28. Бұл орт.–дың облыста, ауданда өздерінің филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық мәдени орталықтардың жергілікті әділет басқармаларына заңды тіркелгендері де, тіркелмегендері де болады. Осы реттен келгенде, еліміздегі ұ. м. о–дың жалпы саны 820–дан асады. Бұл – тіркелген–тіркелмегендерінің барлығын қосып есептегендегі көрсеткіш. Мысалы, республикалық, облыстық ұ. м. о. заңды түрде тіркеліп жұмыс істесе, аудандық орталықтар тіркелмейді, оларды жергілікті әкімшілік өздері бақылайды. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында мұндай этномәдени орталықтар өте көп. Себебі онда қазақтар аз да, өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған. Олардың әрқайсысы сол жерде топтасып, ансамбль құрып, этномәдени орталық ретінде бірлесіп жұмыс жасайды.

Ұ.м.о.өз диаспораларының білім–ғылым, мәдени және рухани мәселелеріне белсене араласады. Жүзден аса ұлттық мектептерде балалар білім алса, 15 тілде өнім шығаратын 35 баспа бар. Жылына этникалық топтардың тілінде ондаған кітаптар шығады. Наурыз, Масленница, Рождество, тағы басқа халықтық мейрамдар дәстүрлі тойланады. Осының бәрі сан ұлттың ауызбірлігі арқасында жүзеге асуда. Ал оның нақты шараларын Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзеге асырып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *