Украиндар мәдениеті.Діни сенімдері

 Украинаның негізгі халқы православиелік негіздегі христиан дінін, бір бөлігі католик дінін ұстанады. 988 ж. Киев князі Владимир христиандықты ресми түрде қабылдап, Киев Русінің халқын шоқындырған. 1596 ж. Украина мен Белоруссия аумағындағы православиелік шіркеуге келісімді Брест шіркеу униясы жарияланды.

XIX–XX ғғ. У.переселендерінің негізгі экономикалық өмірі жер өңдеу, мал шаруашылығы болды. Ауыл халқының бір бөлігі теріден етік, тондар тігу, құмыра жасау, икон жазу, бөшке жасау, шарап жасау және т.б сияқты кәсіптермен және қолөнермен айналысқан. У–дың дәстүрлі тұрғын үйі едәуір көші–қон үдерістеріне қарамастан әлемнің түрлі аймақтарында 20 ғ. ортасына дейін өзінің этнографиялық ерекшеліктерін сақтап қалды. Ол Украинаға тән төмен ұзындау келген, жер немесе саз балшықты едені бар, қабырғасы төрт еңісті шатыры бар хаталар. Қабырғалары қосымша материал: орман ағаштарынан, қаңқадан, тас пен саманнан жасалған. Қабырғаларды қышпен сылап, әктеу дәстүрі сақталып қалған. Үйдің ішінің жобасы: үй ортасында үлкен пеш (вариста), бұдан қиғаштап қызыл немесе алдыңғы бұрыш (покут), жаны мен қабырға бойында бекітілген кең лавкалар орналастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *