Теледидар

телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеуді радио сигналдарын күшейту мен түрлендіріп арналған теле, радиоқабылдағыш.Т түрлі түсті, ақ–қара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Т–дың негізгі ерекшелігі бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын бір уақытта күшейту және түрлендіру Т әдетте супергетеродинді сұлба бойынша құрастырылады. Оның нұсқалары сүйемелдеуші дыбыс сигналдарын күшейту және бөлу әдістері бойынша бөлінеді. ХХ ғасырдың соңында ертеден қолданылып келген кинескопты Т–лардың орнын сұйық кристалды, плазмалы Т–лар басты. Сұйық кристалды Т. кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы Т–дың ең озық түрі болып саналады.

Телевизиялық хабардарлың арнайы ерекшеліктерінің (информацияның жан–жақтылығы, және көрнекілігі, кез келген шалғай қашықтан хабар көрсетуі, уақиғаға «араласып кетуі» әсерінің және көріністің өзгеруі) болуы әсіресе организмі мен жеке басы әлі қалыптасып бітпеген жасөспірімдерге және балаларға сезімдік және психологиялық үлкен әсер етеді. Егер Т. хабарларды талғамастан немесе бәрін түгелдей (кейбіреулер көп жағдайда осылай істейді), отбасы мүшелерінің құрамын, жас ерекшеліктерін, білім дәрежесін, денсаулық жағдайын, сонымен бірге отбасыныңның пәтер жағдайын ескермей көре бергеннің пайдасынан гөрі зияны көп, оқуға және өз бетінше кітап оқуға кедергі жасайды, спортпен шұғылдану және таза ауада болу уақытын азайтады, тынығу уақытын кемітеді және адамның жүйке жүйесіне өте көп күш түсіреді. Балаларға ерекше «телевизиялық режим» орнату керек. Дәрігерлердің жүргізген арнайы зерттеулері 14 жасқа толмаған оқушылардың күніне көретін телевизиялық хабарларының ұзақтығы 1 сағаттан аспауы керек екенін көрсетеді. Ересек оқушылар хабарларды үзіліссіз 2 сағаттан артық көрмегені жөн. Т–ды жұмыс және демалыс режимдерін бұзбай, отбасы мүшелерінің ұнататын және талап–тілегіне сай келетін, олардың барлығына пайдасы бар хабарларды алдын–ала таңдап алып, дұрыс пайдалану қажет. Апталық бюллетендерде, орталық және жергілікті газеттерде жарияланатын Т. хабарлар бағдарламасын пайдалана отырып өз отбасыңыздың көретін телевизиялық жоспарларын жоспарлап, белгілеп қойғандарыңыз жөн. Т. хабарларды ала көлеңке жарақта көрген дұрыс, себебі кескіннің айқындылығы мен бөлменің қараңғылығының арасындағы айырмашылық алшақ болғанда көз тез талады. Экраны үлкен телевизорды 2—3 метрдей қашықтықта отырып көрген дұрыс, себебі бұдан жақын отырған кезде экраннан көрінетін кескіннің айқындылығы нашарлап, көз талады. Т. экранының ортасы отырған адамның көз деңгейінің биіктігіндей болуы қажет. Т–ды жатып көруге болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *