Қазақ тілі пәнінен үйде оқытылатын
2-інші «А» сынып оқушысы
Серік Аида үшін сабақ
Мұғалімі: Мукатаева А.Н.
2013-2014 оқу жылы
Пән: қазақ тілі
Сынып: 2-інші «А»
Үйде оқытылатын оқушы: Серік Аида
Өткізген уақыты: 13.01.2014 ж.
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Мақсаты:
Білімділік: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру, сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру, сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету, сөздік қорларын арттыру.
Дамытушылық: сөздік қорын арттыру,дұрыс жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: тиянақтылыққа, ұқыпқылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: дидактикалық материал, сөздер, оқулық, дәптер.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, салыстыру, жеке оқушымен жұмыс, өз бетінше жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланысы: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа тақырып.
Тақтаға бірнеше сурет ілінеді.Оқушылар сол заттардың атауларын айтады. Осы заттар туралы әңгімелейді, осы арқылы әр сөздің мағынасы болатынына көздері жетеді.Сөздер жазылған карточкамен жұмыс жүргізуге болады.Сөздерді мағынасына қарай топтау ұсынылады.мысалы, түсі бойынша; заттың атауын білдіретін сөздер, қимылды білдіретін сөздер, заттың санын білдіретін сөздер, т.б.
4.Оқулықпен жұмыс.
1- жаттығу.Суреттерде бейнеленген заттарды ата.
Осы заттар туралы әңгімелеп жаз.
Сөздер дыбыстардын құралады және әр сөздің мағынасы болады.
2- жаттығу. Көп нүктенің орнына мағынасына қарай тиісті сөзді тауып жаз.
Әкесі . . . үнмен сөйледі.Астанада . . . үйлер көп. Қамыс . . . жерде өседі.Қамыстың . . . түрі бар.
Керекті сөздер: әдемі, екі жүз елу, ылғалды, қатқыл.
3- жаттығу. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап.
Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
Өзі кірді ашады,
Суға салсам қашады.
Жар, кірді ашады сөздерінің мағыналарын қалай түсінесің?
жаттығу. Берілген сөздер- жемістердің, үй жануарларының, түр-түстің,сандардың атаулары. Соларды топтап жаз.
Үлгі: жемістер: өрік, алма, шие, алмұрт.
Жылқы, өрік, қызыл, он бес, ит, секскен, қоңыр ала, алма, жүз он бес, шие, сиыр, сары, алмұрт, қой, ақ, бес жүз.
Қай топтағы сөздер заттың түрін, түсін білдіреді?
жаттығу.Сөйлемдерді оқы.Қарамен жазылған сөздердің мағыналарын түсіндір.
Үсеннің әкесі елге қадірлі болды.Ернар шалғымен шөп шапты.Назым апасына қолғабыс жасады.Елімізде кәсіпркерлер көп.
6. Бағалау.
7.Үйге тапсырма. 4- жаттығу