сарайлар

сәулет өнерінің әсем де салтанатты, бірін–бірі қайталамайтын көркем ғимараты. XIII – XV ғасырлардан мемлекеттік өкімет орындарының маңызды құрылыстарын, ал XIX ғасырдағы әр түрлі қоғамдық маңызы бар үйлерді де Сарай деп атады. С. құрылысына әр дәуірдің көрнекті сәулетшілері мен бейнелеу өнері шеберлері ат салысты. Жастар, мәдениет, неке, оқушылар мен спорт, т.б. С. түрлері болады. Қазақстанда С. ғимараттарын салу ісі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Республикадағы С. ғимаратын тұрғызу барысындағы ірі жетістік Алматы қаласында Республика сарайының (1970) салынуы болды. Алматы қаласында Неке Сарайы (1972), Оқушылар Сарайы (1983), Астана қаласында Жастар Сарайы (1974), Ақтауқаласында Мәдениет сарайы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *