Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыруТәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Әдіс- тәсілдері: «Ми шабуылы», дидактикалық ойындар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Саламатсыздар ма құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)
— Бұл кім?
— Мұғалім
— Кітапханашы
— Наубайшы
— Заңгерлер
— Шекарашылавр
— Футболшылар
— Әртістер
— Суретшілер
— Күзетшілер
— Құрылысшылар , т.б.
— Сіздер қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Жалпы түрде қалай айтуға болады?
— Мамандық
— Дұрыс айтасыңдар. Олай болса ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Оқуды қалай жалғастыруға болады?» Яғни келешектегі мамандықты дұрыс таңдау.
Сабағымызды бастамас бұрын оқушыларымызды 2 топқа бөліп алайық. Оқушылар 2-топқа бөлінеді: 1-топ және 2-топ.
ІІ. Негізгі бөлім:
«Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не?
Оқушылардың қысқаша жауаптарын тыңдау.
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Жақын арада әрқайсыңыз мамандық таңдау мәселесіне тап боласыз. Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба-байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.
«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр- сырын айту керек.
І- топ: «А», ІІ- топ: «К»
-Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет пе?