«Еңбекті және еңбек ақыны есепке алу»
2. Мақсаты: Студенттерді дәріханалық мекемелерде еңбекті және еңбек ақыны есептеудің негіздерімен таныстырып, практикалық тұрғыда еңбек ақыны есептеуге, демалыс және әлеуметтік-қамсыздандыру ақшаларын анықтап есептеуге үйрету.
3. Дәріс тезистері:
1) Сіңірген еңбегін (сый) ақы (беру) төлеу.
Еңбек ақының екі түрі бар, олар: негізгі және қосымша. Негізгі еңбек ақы – ол істелген еңбек уақытына төленетін ақы. Оларға жататындар: қызметкердің лауазымдық айлығы, зиянды заттармен істегені үшін (за вредность), квалификациялық категориясына, Республикаға еңбегі сіңген провизор атағына, ғылыми атақтарына, істеген еңбегінің көлемі (ұлғайған) көбейген кездер, сыйлықтар (премии) және т.б.
Қосымша еңбек ақы — дегеніміз, ол еңбек туралы заңға байланысты қызметкерлерге дәріханада істелінбеген уақытқа төленетін ақы. Олар негізгі және қосымша демалыс кездері, еметін жас балалар бар аналарға берілетін үзілістер, жас өспірімдерге (подростки) берілетін жеңілдіктер, әскери жиындарда блоған уақыттар және т.б.
2) Еңбек ақының төлену түрлері де екеу, олар: мерзімде төлеу кесімді, еңбекке кесімді ақы төлеу күнбе-күн, істеген күніне төлеу өнім санына қарай ақы алып істейтін. Повременная дегеніміз – ол қызметкерлердің должностық айлығына және басқа да критерияларына қарай отырып оның негізгі істеген уақытына ғана ақы төлеу. Еңбек ақының осылай төленуі көбінесе 2 категориялық дәріханалық пунктермен дәріханалық латоктарды істейтін қызметкерлер арасында қолданылады. Оларға сатылатын тауарлар құнының 16 % және дезередвтердің 3,5 % беріледі.
3) Еңбек ақы төлеуді есепке алудың негізгі мақсаты – еңбек өтімділігінің арттыра отырып еңбек туралы заңның талаптарына сай жұмыс істеу. Ал міндеттері:
— жұмыс уақытын дұрыс пайдалануың және шығарылған өнімнің көлемін бақылау;
— қызметкерлерге еңбек ақының және т.б. төленетін ақшалардың тура және уақытылы берілуін қадағалау;
— еңбек ақы қорының дұрыс пайдалануын бақылау;
— еңбек ақыдан ұстанылатын ұсталымдардың дұрыстығын бақылау;
— ұсталымды уақытылы бюджетке аударуды бақылау;
— қызметкерлердің еңбекке жарамсыз уақытында алатын пособияның дұрыс төленуін қадағалау.
4) Қызметкерлер санын есепке алу үшін дәріхана мекемелерінде әрбір жұмысқа қабылданған қызметкерлерге арнайы N°=2T формалы карточка (личная карточка) толтырылады. Бұндай карточкалар арқылы біз дәріханада неше қызметкерлердің (бар екенін) істейтінін олардың білімдері жұмыс стаждары жастары жайында білуімізге болады.
5) Қызметкерлерге еңбек ақылы дұрыс төлеу үшін және еңбек ақы қорын дұрыс пайдалану үшін дәріханада дәріхана меңгерушісі немесе соның айтуымен басқа бір қызметкер күнделікті жұмыс уақытын есепке алып отыратын N°=T-13 формалы табельді толтырып отыруы керек. Бұл табель айына екі мезгіл әр жарты айға арналып толтырылып, бекітіліп отырылады. Бұл құжат еңбек ақына (төлеудегі) негізгі құжат. Осы табель арқылы кызметкерлерлің жұмысқа қалай келіп жүргендерін, қанша күн және неліктен шықпағандарын білуге болады. Себебі бұл табельде әрбір графада өзіне тиісті керек әріптермен сандармен белгілеуге болады. Мысалы: командировка болса К әрпімен, ауру болса А әрпімен және Т басқадай етіп толтырылады. Қызметкерлердің еңбек ақысын дұрыс алу үшін бухгалтерияға осы табельмен қоса төмендегідей құжаттарды беру керек:
— егерде осы айда жанадан қабылданған қызметкер болған жағдайда оны жұмысқа қабылдағаны жайлы NT-1 формалы бұйрық;
— егерде басқа қызметке ауыстырылған болса NT-5 формалы бұйрық;
— демалысқа шыққаны жайында NT-6 формалы бұйрық;
— егерде бір қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда NT-8 формалы бұйрық;
— егерде біреу ауырып қалған жағдайда толықтырылып жазылған жұмысқа жарамсыздығы жайындағы анықтама қағазы.
Осы құжаттардың негізінде қызметкерлерге бухгалтерияда еңбек ақы есептелінеді содан кейін қызметкерлерге N T-49 формалы есептесу-төлеу ведомосы (расчетно-платежная) айлық беру үшін толтырылады. Бұл ведомствода ұсталынатын барлық ұсталымдар және қолға берілетін ақша мөлшері көрсетіледі. Егерде еңбек ақылы ретінде беретін жағдайда N T-53 формалы төлеу ведомосының (платежная ведомость) толтырады.
Зейнеткерлеге және балаларға берілетін ақшалар басқа ведомствоға толтырылады. Әрбір толтырылған ведомствоның соңында мекеме басшысы мен бас бухгалтердің қолы қойылуы керек және таратқан бухгалтердің. Айлықты үш күннің ішінде таратып беру керек егерде осы үш күн аралығында берілмеген жағдайда «Делонировано» деген штамп басылып осы төленілмей қалған ақшаға 2 экземпляр N-24 формалы реестр толтырып ақшаны мемлекеттік немесе жинақ банкісіне қайтып тапсыру керек. Реестрдің 1-ші экземпляры кассирде есеп беру үшін қалады, ал екіншісі бухгалтерияға кейін алу үшін беріледі. Ведомостың соңында кассир қанша төленгені және төленбегені жайында жазып өз қолын қояды. Ведомосты барлық құжаттармен қоса отырып орталық бухгалтерияға N 72-АП формалы журналмен бірге есеп береді.
6) Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар төмендегідей бірнеше топқа бөлінеді
— мемлекеттік бюджеттің пайдасына төленетін: салықтар, соттың шешімімен сотталған адамдардан түсетін ақшалар айып пұлдар, тексеру кезінде табылған жетіспейтін ақша төлемдері;
— жеке азаматтардың және мекемелердің пайдасына ұсталынатын: алименттер, сатып алынған заттарға төленетін кредиттер, квартплата, коммунальдық услугаларға төлейтін төлемдер және т.б.
— қызметкерлердің өзі істеп жүрген мекемесінің пайдасына төлейтін қарыз ақшалары.
Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар уақытылы ұсталынып мемлекеттік бюджетке (бөлініп) аударылып тұруы керек.
Барлық салықтар мемлекеттік банктен ақша алған бірден бюджетке платежный поручение арқылы аударылып осы салықтарды аударғаны жөнінде анықтама алады.
А) Табыс салығы қызметкерлердің айлық табысына қарай мемлекеттік заңдарға байланысты негізгі және қосымша жұмыс орындарынан ұсталынады.
Ұсталымға жатпайтындар: командировочныйға алынған, бірмезгілдік пособиялар, подъемныйлар, демалыс күндеріне алған және т.б.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Еңбек ақы дегеніміз не?
2. Қосымша еңбек ақы дегеніміз не?
3. Еңбек ақы төлеуді есепке алудың негізгі мақсаты?
4. Еңбек ақыдан ұсталынытын ұсталымдар қандай топтарға бөлінеді?