Ауызына түкірту
Ауызына түкірту (ырым). Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа белгілі адамдарға жас сәбидің ауызына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты — сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.