Ат қою
Қазақ отбасында нәрестенің дүниеге келуіне байланысты қазақ халқы ат қоюға ерекше мән берген. Бала дүниеге келгеннен кейін нәрестеге үш күннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы, кейде үлкен қуаныштың үстіне келіп қалған «құтты аяқ» құдайы қонақ балаға ат қояды. Ат қою дәстүрінде халықтың ұлттық ерекшелігі, наным түсінігі, салт-санасы, арман-мүддесі айқын көрінеді. Ерте заманда қазақ елінде қалыптасқан дәстүр бойынша ат қоюшы адам баланың құлағына: «Сенің атын … (баланың аты айтылады)», — деп үш рет қайталайды. Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескеріледі. Қазіргі таңда ат қоюды мешітке нәрестені алып барып молдаға қойғызады немесе молданы арнайы үйге шақыртып қойғызады.