Қаржылық нәтижелерді талдау

 

Қаржылық нәтижелерді талдау

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек меншікті капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірак оның мәні бір ғана — бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
Ктс = МК / АК
мұндағы: Ктс — тәуелсіздік коэффициенті;
Мк — меншікті капитал;
Ак — авансталған капитал (баланс валютасы жиыны).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сондықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет.
Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш – бұл тәуелділік коэффициенті. Ол мына формулармен анықталады:
Кт = ҚК / АК немесе Кт = 1 — Ктс.
мұндағы: Кт — тәуелділік коэффициенті;
Қк — қатыстырылған (қарыз) капитал;
Ак — авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);
Ктс — тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.
Кк = Мк / Қк
мұндағы: Кк — қаржыландыру коэффициенті;
Мк — меншікті капитал;
Қк – қатыстырылған (қарыз) капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері кәрсеткіші кеңінен қолданылады — бұл қарыз жэне меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:
КҚ/М = ТК / ӨК
мұндағы: КҚ/М — қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;
Қк — қатыстырылған капитал;
Мк — меншікті капитал.
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:
КҚТ = (Мк + Ұм) / Ак
мұндағы: КҚТ — қаржылық тұрақтылық коэффициенті;
Ұм — ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Ак — авансталған капитал;
Мк — меншікті капитал.
Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда — жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек. ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті.
Кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол ұзақ мерзімді міндеттемелердің меншіктік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына қатынасымен анықталады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:
КҰ/М = ҰМ / (Мк + ҰМ)
мұндағы: КҰ/М — қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті;
Мк — меншікті капитал;
Ұм — ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентін де қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады.
Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады.
Меншікті капиталды зерттегенде өзіндік айналым қаражаттарындағы болған өзгерістерге ерекше назар аударылады, яғни меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильдік сипаттағы құндылықтарда бекітілмегендігін және осы қаражаттарды неғұрлым азды-көпті еркін жұмсауға мүмкіндік беретін нысанда тұрғандығы анықталады. Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін:
МАҚ = МК – АҰМ
мұндағы: МАҚ- меншікті айналым капиталы;
МК — меншікті капитал;
АҰМ – ұзақ мерзімді активтер.
Бұл көрсеткіш абсолютті болып табылады, оның динамикадағы өсуі — оң, ал төмендеуі — теріс бағыты ретінде қарастырылады.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын да табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Арнайы әдебиеттерде оны іс жүзінде жұмсау (маневрлық) коэффициенті деп аталады.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражатгарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жүмсауга болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:
КЖ = МАҚ / МК
мұндағы: КЖ — жұмсау коэффициенті;
МАҚ- меншікті айналым капиталы;
МК — меншікті капитал.
Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.
Кәсіпорынның тауарлы-материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу коздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыгының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың оз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы-материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі:
КҚ/Қ = МАҚ / ҚТМ
мұндағы: КҚ/Қ — тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;
МАҚ — меншікті айналым капиталы;
ҚТМ — тауарлы-материалдық қорлар.
Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы-материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.
Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарынын есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзерістерін көрсету керек. Қатыстырылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады.
Дебиторлық және кредиторлық борыштың арақатынасыкоэффициенті:
КД/К = ДБ / КБ
Бұл коэффициент қатыстырылған қарыздың дебиторлық қарыздан қамтамасыз етілу деңгейін көрсетеді. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда бұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады. Егер кәсіпорынның коммерциялық несиесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қатты өсіп кетуі мүмкін.
Талдаушының келесі маңызды жұмысы — кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолютты көрсеткіштері – тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.
ТМҚ –дың қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:
1) Меншікті айналым капиталының бар болуы. Бұл көрсеткіш меншікті капитал мен ұзақ мерзімді активтердің арасындағы айырма ретінде анықталады:
МАК = МК – АҰМ
Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы дамуын көрсетеді.
2) ТМҚ-дың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің бар болуы. Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формуламен анықталады:
МАК/ҰЗ = МАК + ҰМ
мұнда ҰМ – ұзақ мерзімді міндеттемелер
3) ТМҚ-дың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады:
НК = МАК/ҰЗ + АМ
мұнда АМ – ағымдағы міндеттемелер
НК – негізгі көздер
ТМҚ-дың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:
1) қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы: ҚШ < МАК ;
2) қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы: МАК/ҰЗ < ҚШ < НК.
3) тұрақсыз қаржылық жағдайы: НК < ҚШ.
4) дағдырысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *