Жалпы патология пәні, міндеттері, әдістері

Жалпы патология пәні, міндеттері, әдістері. Жалпы нозология.
2. Мақсаты: Жалпы патология пәні, міндеттері, әдістері және жалпы нозология туралы түсінік беру.
33.Дәріс тезистері
Патологиялық физиология – аурудың басталу, даму және ақырының жалпы ерекшеліктерін зерттейтін, негізгі фундаменталды медико-биологиялық ғылым. Патофизиология аурудың негізі болып табылатын функционалдық және биохи-миялық бұзылыстардың себептері мен механизмдерін зерттейді және бейімдеу механизмдер мен ауру кезіндегі бұзылған функциялардың қалпына келуін.
Патологиялык физиология 3 бөлімнен құрастырылған.
1.Нозология, немесе ауру жөнінде жалпы ұғым, – ауруға анализ жасағанда дәрігердің алдында 2 сұраққа жауап береді: неге ауру дамыды және оның дамуының механизмі қандай (этиология және патогенез).
2.Типтік патологиялық үрдістер – көп аурулардың негізін құрайтын үрдістерді зерттейді (қабыну, кызба, ісіктер, гипоксия).
3.Жеке патологиялық физиология – жеке ағзалар мен жүйелердегі бұзылыстарды қарастырады.
Патофизиологияны зерттеу объекті ауру болып табылады, оны зерттеудің негізгі әдісі жануарларда жасалатын патофизиологиялық эксперимент.
Эксперимент көптеген ғылымдарда пайдаланады (қалыпты физиология, фармакология және т.б. ). Патологиялық физиологиядағы тәжірибенің мағынасы жануарларда ауруды жасанды түрде шақырып, оны зерттеп, алынған мәліметтерді клиникада қолдану болып табылады.
Патофизиологиялық эксперименттің 4 кезеңі болады:
-экспериментті жоспарлау;
-патологиялық урдісті экспериментте модельдеу және оны зерттеп оқу;
-терапияның эксперименталды әдістерінің жетілдіру;
-алынған мәліметтерді статистикалық өндеу және зерттеунің анализ жасау.
Тірі объектілерде патологиялык үрдістерді зерттеу үшін тәжірибенің келесі әдістерін қолданады:
-тітіркендіру әдісі;
-алып тастау әдісі;
-еңгізу әдісі;
-парабиоз әдісі;
-ұлпалардың культура әдісі.
Ауру туралы ілім, немесе жалпы нозология, – медицинаның ең бір көне мәселесі. Денсаулық пен ауру өмірдің негізгі 2 формасы болып табылады. Денсаулық пен ауру кезектесіп адам мен жануардың жеке өмірінде көп рет бірін бірі алмасып тұруы мумкін.
Денсаулық – ол біріншіден структура мен функцияның сәйкестігі болатын және регуляторлық жүйелердің гомеостазды сақтау қасиеті бар организмнің жағдайы. Денсаулық белгілі популяцияның көптеген адамдарға күші, уақыты, ұзақтығы жағынан сай келетін, тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде дамитын үйреншікті серпілістер дамуымен көрінеді. Денсаулық туралы тұжырым антропометриялық, физиологиялық және биохимиялық зерттеулердің негізінде жасайды.
Ауру – ол дерт туындататын сыртқы немесе ішкі ықпалдардан дамитын, қоршаған ортаның ықпалдарына қорғанып-бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуімен және биологиялық, әлеуметтік мүмкіндектері төмендеумен көрінетін тұтас организмнің жаңа сапалы жағдайы.
Ауруда әркашан 2 карама-қарсы урдістер, 2 бастама орын алады. Қызба кезінде дененің жоғары температурасы, бас ауруы және адам еңбек қабілетін төмендететін басқа да кұбылыстармен бірге, антиденелердің көбірек бөлінуі, фагоцитоздың белсендірек болуы және т.б. «ауруға карсы шаралар» белгіленеді. «Бұзылыс» пен «ауруға қарсы шаралар» тығыз байланысты, бұлардың бірлестігі болмаса, ауру да болмайды. Қорғаныс механизмның толық болмауы өлімге әкеледі. «Бүзылыстың» толық болмауы организмнің дені сау екендігін көрсетеді.
Ауру түсінігі дерттік серпіліс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай деген түсініктерге жақын тұрады.
Дерттік серпіліс – бұл организмнің кез келген әсеріне сәйкессіз кысқа мерзімді жауабы. Мәселен, жағымсыз эмоциялар әсерінен артериялық қысымның қысқа мерзімді түрде көтерілуі.
Дерттік үрдіс – бұл дерттік серпілістердің күрделі жиынтығы. Типтік дерттік үрдістерге қабыну, қызба, және т.б. жатады.
Дерттік жағдай – бұл өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс немесе оның салдары. Мәселен, күйік, жарақаттан кейін дамитын өңештің тыртық тарылуы және т.б.
4.Иллюстрациялы материалдар:
-дәріс материалдың презентациясы;
-тақырып бойынша плакаттар;
-кестелер, сызбалар.
5.Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)
1.Патофизиология нені зерттейді?
2.Патофизиологиялық эксперименттің мәні неде?
3.Ауру дегеніміз не?
4.Дерттік серпіліс, дерттік үрдіс және дерттік жағдайдың айырмашылығы неде?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *