АДУЫН – адам мінезіне тән өктем- дік әрекет. А. адам өзгелерге білдір- мек болған ой-пікірін екпіндей сөй- леп, іс-әрекеті мен қарым-қатынасын- да ірілік көрсетіп, сөзінің үстемдігін білдіреді. Мінез сипатының адуын- дыққа қарама-қарсы мағынасын біл- діретін екі жағы бар: бірі – адам- ның ойы мен сөзі жүйелі келіп, шын- дықты, іс-әрекеттің ақиқаттығын біл- діретін болса, сөйлеушінің айтқанда- рын тыңдаушылар дұрыс қабылдап, оған әсерленеді. Ал екінші жағы – керісінше, А. адамның ойы мен сөзі істің мән-жайын білдіре алмайтын тек байбалам салу деп санап, оның айтқандары шындықпен жанаспайтын ірілік пен өркөкіректі білдіретін жағымсыз әрекет деп бағаланады. Он- дай адамды жұрт ақыл-ойы таяз адам деп әжуалайды. А. бір жағынан ба- тылдық әрекет деп саналады. Өйткені ондай адам ісінің шындығына көзі жетіп, ойындағы мақсат-мүддесін тайсалмастан батыл түрде білдіреді. Кездескен кедергілерден зиян шегемін деп қорықпайды, шешімі қиын істер- ге батыл кірісіп, оның пайдалы нәти- же беретіндігіне сенімді болады.