ҚАЛДЫҚТЫ МАГНИТТЕЛУШІЛІК

ҚАЛДЫҚТЫ МАГНИТТЕЛУШІЛІК – магниттік материал алғашында сырт- қы магнит өрісінің ықпалымен қаныққанша магниттеліп, соңынан осы магнит өрісінің кернеулігі нөлге дейін кемітіліп магнитсізделгеннен кейін түгелдей жойылмай, әлгі материалдың (немесе үлгінің) бойында сақталып қалатын магниттелушілігінің шамасы. Магнит өрісінде орналасқан кез келген дене магниттеледі. Алайда ферромагниттік денелерден басқа денелердің барлығы да, магнит өрісінің әсері тоқтатылысымен бастапқы магнитсіздік күйіне оралады. Ал ферромагнетик денелердің магниттелген күйі ұзақ уақыт сақталады. Ферромагне- тикті магнитсіздендіру үшін, магниттелген кездегі бастапқы магнит өрісіне кері бағытталған магнит өрісімен әсер етілуі қажет. Қалдықты магниттелушілік материалдың магниттік қасиеттеріне және оның магниттелуіне дейінгі жағдайы- на тәуелді. Осы магниттелушілік–магнитттік гистерезистің негізгі параметр- лерінің бірі болып табылады. Қалдықты магниттелушілік магниттік анизотропияның және үлгінің құрылымдық біртекті болмауынан пайда болатын магнит өрісі кернеулігінің кемуі кезінде (үлгінің осыған дейінгі магниттелуінен кейінгі) магниттелушіліктің кідіруінің себебінен туады. Материалдың (заттардың) қалдықты магниттелушілігін дененің, яғни магнит өрісінің кернеулігінің (Н) нөлге тең (Н = 0) болған күйіндегі дененің орташа магниттелушілігімен шатастырмау керек. Заттардың қалдықты магниттелушілігі дене бойындағы (ішіндегі) өріс сыртқы барлық көздердің және магниттелуші дененің магнитсіздендірілу өрісінің векторлық қосындысына тең магнит өрісінің нөлге тең болуы кезіндегі қалдықты магниттелушілікпен анықталады. Қалдықты магниттелушілік коэрцитивтілігі жоғары материалдарда тұрақты болады. Ферромагнетиктерді Кюри нүктесінен жоғары температураға дейін қыздырғанда, ол өзінің ферромагниттік қасиетін, сондай-ақ қалдықты магниттелушілік қасиетін де жояды. Қалдықты магниттелушілік механикалық соққы мен дірілдің нәтижесінде де кемиді. Қалдықты магниттелушілік құбылысы ақпараттарды жазу және сақтау жүйелерінде (әдетте магниттік таспаларда), тұрақты магнит жасауда пайдала- нылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *