ҚАЙТЫМСЫЗ ҮРДІСТЕР (ПРОЦЕССТЕР) – өздігінен тек белгілі бір бағытта ғана өте алатын үрдіс. Бұл үрдістерге: заттардың бағытталған кеңістік- тік (диффузия және жылулық диффузия), жылу (жылу өткізгіштік), импульстік (тұтқыр ағын) ауысулары жүзеге асырылатын диффузия, жылу өткізгіштік, жылулық диффузия жатады. Бүкіл қайтымсыз үрдістер тепе-тең емес үрдіс- тер болып табылады. Қоршаған ортада қайтымсыз үрдістер жүзеге асырылып өткен жүйені кез келген бір өзгеріс қалдырылмай бастапқы күйіне қайтару мүм- кін болмайды. Тұйық жүйелерде қайтымсыз үрдістер энтропияның артуымен қабаттас өтеді. Ашық жүйелердегі (қоршаған ортамен энергия немесе зат алмаса алатын) қайтымсыз үрдістер кезінде энтропия тұрақты қалпында немесе тіптен қоршаған ортамен энтропия алмасу есебінен кемитін болады. Бірақ барлық жағдайда пайда болатын энтропия, яғни жүйедегі энтропияның бірлік уақыт- тағы артуы қайтымсыз үрдістер болатындықтан оң болады.
Тепе-теңдікті (қайтымды) зерттейтін классикалық термодинамика қайтым- сыз үрдістер үшін қайтымсыз үрдістердің мүмкін болатын бағыттары тек теңсіздіктерді орнықтырады. Үрдістің өздігінен өту бағыты «оң», оған қарамақарсы бағыт «теріс» деп саналады. «Теріс» үрдістер басқа бір «оң» үрдіспен қарбалас өтеді. Мысалы, жұмыс қандай жағдайда болса да әрдайым өздігінен жылуға айналады. Үйкеліс күштері қатысатын немесе денелер бірі-біріне серпімсіз әсер ететін үрдістердің барлығында да істелген жұмыстың есебінен жылу пайда болады. Ал жылудың жұмысқа айналуы белгілі бір күрделі үрдістің бөлігі немесе жеке бір кезеңі ретінде ғана байқалады. Карно циклі немесе соған ұқсас басқа бір үрдіс орындалғанда, жылудың жұмысқа айналуына қоса, жылу ыссы денеден (қыздырғыштан) салқынырақ денеге (суытқышқа) ауысып, «оң» үрдіс те қарбалас өтеді. Жылудың ыссы денеден салқын денеге ауысуы да (жылу өткізгіштік құбылысы) – қайтымсыз үрдістер. Дене температурасының теңелуіне келіп тірелетін бұл үрдіс те өздігінен өтеді, яғни тұйықталған жүйеде өтетін бірден-бір үрдіс бола алады. Ал бұған кері, «теріс» үрдіс – салқын денеден жылудың ыссы денеге ауысуы – өздігінен өтпейді. Салқындатқыш машинаны пайдаланғанда жылу салқынырақ денеден ыссы денеге ауысу үшін мұнымен қатар «оң» үрдістің өтуі қажет.
Тұйықталған жүйелердегі қайтымсыз үрдістер энтропияның өсу бағытына сәйкес өтеді. Ал ашық жүйелерде өтетін қайтымсыз үрдістерде энтропия тұрақты болады немесе кейде кемиді. Бірақ барлық жағдайда да энтропияны өндірудің шамасы тұрақты болады.
Магниттелу кезіндегі қайтымсыз үрдістер қатарына энергияның шашырауы (жылудың бөлінуі) арқылы өтетін домендердің ығысуы мен магниттелу векторының айналуы тәрізді үрдістер жатады. Бұл үрдіс нәтижесінде ферро-және ферримагнетиктерде магниттік гистерезис құбылысы пайда болады. Табиғатта өздігінен өтетін үрдістердің барлығы да қайтымсыз үрдістер болып табылады.