
КВАНТТЫҚ ЖҮЙЕ – тәртібі классикалық физика заңдарымен сипаттала алмайтын, кванттық механика заңдарына бағынатын бірнеше немесе көптеген микробөлшектердің жүйесі. Мысалы, атомдар мен молекулалар кванттық жүйе болып табылады. Қатты денелердегі (металдардағы, жартылай өткізгіштердегі) электрондар да өте көп бөлшектерден құралған кванттық жүйе түзеді.
Микробөлшектердің кванттық тәртібі бірқатар микроскопиялық қасиеттердің, ферромагнетизмнің, асқынөткізгіштіктің, Джозефсон эффектісінің себепшісі болады.