ЖЫЛУДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ЭКВИВАЛЕНТІ (латынша «екуиваленс
– бірдей мәнді, бірдей бағалы»). «Жылудың механикалық эквиваленті» ұғымы механикалық жұмыс және жылу мөлшері тарихи жағдайға байланысты әрқилы бірліктермен өлшенуіне байланысты пайда болды. Механикалық жұмыс пен жылудың эквиваленттілігі орныққаннан кейін жылудың механикалық эквиваленті мұқият өлшеніп анықталған соң, ол шама 1 ккал = 426,9 кг·күш·м-ге тең болған.
Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) жұмысты және жылу мөлшерін өлшеуге ортақ бір бірлік қабылданған – ол джоуль (1 Дж = 0,239 кал = 0,102 кг·күш·м). Сондықтан «жылудың механикалық эквиваленті» ұғымын пайдаланудың қажеті болмай қалды.
ЖЫЛУ ҚОРЫ – «энтальпия» деген ұғымның баламасы.