ЖЫЛЖУ

ЖЫЛЖУ – дененің жанама кернеулер тудыратын деформациясы.

Изотоптық жылжу – бір химиялық элементтің әртүрлі изотоптарына жататын атомның және спектрлік сызықтардың энергия деңгейлерінің бір-біріне қатысты ығысуы.

Лэмбілік жылжу – электронның физикалық вакууммен өзараәсерлесуі тудырған виртуалдық бөлшектердің тууы мен жұтылуы, сутек атомындағы және сутекке ұқсас атомдардағы электрон энергиясының айныған деңгейлерінің бөлшектенуі. Бұл құбылысты американ физигі Уиллис Лэмб (1913 – 2008) ашқан.

Фазалар жылжуы – периодты өзгеретін екі шаманың бірдей фазаларының уақыт бойынша үйлеспеуі.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *