
ЖАРЫҚ ШОҒЫ – шағын денелік бұрыш (dΩ) шегінде жарық бетінің (dS) бөлігі шығаратын жарық сәулелерінің жиынтығы. Егер жарық көзі бетінің жарықтылығы І болса, онда шоқ осі мен жарық көзі бетіне нормал үйлесетін болса, онда жарық шоғы таситын энергия ағыны dФ = IdSdΩ болады.