
ЖАРЫҚ ЖЫЛЫ – жарықтың бір жылда, яғни 365, 246 тәулікте таралып жететін жолына тең қашықтық өлшемі. Жарық жылы 9,46·1015 м, немесе 0,307 парсекке тең. Күннен Галактиканың ортасына дейінгі қашықтық жуық шамамен 30 мың жарық жылына тең; Біздің Галактикамыздың диаметрі – 100 мың жарық жылынан артық. 1 жарық жылы = 63277 астрономиялық бірлік
(а.б.) = 0,3068 парсек = 9,4605·1012 км = 9,4605·1015 м.