
ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛЫСУЫ – жарықтың (оптикалық сәуленің) бір ортадан екінші ортаның ажыратылу шекарасына түскен кезде оның заттармен
Екі мөлдір ортаны ажырататын жазық беттегі жарықтың сынуы кезіндегі жарық сәуленің жолы. Үзік сызықпен шағылған сәуленің жолы белгіленген. Сыну бұрышы (χ) түсу бұрышынан (φ) үлкен; бұл жайт оптикалық тығыз ортадан тығыздығы кем ортаға (n1 > n2) сынуды білдіреді. n – ажыратылу бетіне нормал түзу (яғни перпендикуляр)
өзараәсерлесуі ажыратылу шекарасынан кері қайтып бірінші ортаға таралатын жарық толқынының пайда болуына әкеп соқтыратын құбылыс. Сонымен, ең болмағанда бірінші ортаның түсетін және шағылатын сәулелер үшін мөлдір болуы қажет. Өздігінен жарқырамайтын дене жарықтың шағылуы салдарынан осы беттерде көрінетін болады. Шағылған жарықтың қарқындылығының кеңістіктік үлестірілуі беттің (ажыратылу шекарасының) кедір-бұдырлығының өлшемдерінің түсуші сәуленің толқын ұзындығына (λ) қатынасымен анықталады. Егер кедір-бұдырлық λ-мен салыстырғанда аз шама болса, онда дұрыс немесе айналық шағылу болады. Кедір-бұдырлықтың өлшемдері λ-мен өлшемдес немесе одан артық болса (кедір-бұдыр бет, бұлдыр бет) және кедір-бұдырлық ретсіз орналасқан
болса, жарықтың шағылуы диффузиялық шағылысу болады. Түскен сәуленің бір бөлігі айналық, ал өзге бөлігі диффузиялы шағылатын аралас шағылысу түрлері де кездеседі. Егер де кедір-бұдырлық λ-мен өлшемдес және артық болып тұрақты орналасқан болса, шағылған жарықтың үлестірілуі ерекше сипатты, дифракциялық тордан шағылғандай болады. Жарықтың шағылуы жарықтың сыну және
Жарықтың айналық беттен ша-
жұтылу құбылыстарымен тығыз байланысты. ғылуы: N – шағылыстырушы бетке Жарықтың айналық шағылуында түсетін түсірілген нормал (перпендикуляр)
(ажыратылу шекарасына); φ – тү- және шағылатын сәулелердің белгілі орналасу су бұрышы; ψ – шағылысу бұрышы
қалпы бойынша ерекшеленеді: 1) шағылысқан (φ = ψ); Ер, Rp, Es, Rs – түсетін және сәуле түсетін сәуле және шағылдырушы бет- шағылысатын толқындар ампли-
тудаларының электрлік векторла-
ке нормал (перпендикуляр) арқылы өтетін рының құраушылары жазықтықта жатады; 2) шағылу бұрышы (ψ) түсу бұрышына (φ) тең. Шағылған жарықтың қарқындылығы (шағылу коэффициентімен сипатталатын) түсу бұрышына және түсетін сәуле шоғының полярлануына, сонымен қатар бірінші және екінші орталардың сыну көрсеткіштерінің қатынастарына тәуелді.
Жарықтың диффузиялық шағылуы – екінші ортаның бетінен мүмкін болатын барлық бағыттар бойынша таралады.