ЖАРЫҚТЫҢ ЕРІКСІЗ ШАШЫРАУЫ – өте жоғары қарқындылықты жарық толқыны түскен және шашыраған сәуленің өзінің ықпалымен заттың құрамына енген микробөлшектердің (электрондардың, атомдардың, молекула- лардың) қозғалыстарының өзгеруі себепкер болған әлгі заттағы жарықтың ша- шырауы. Осы шашырау атомдардың молекулаішілік тербелістерінен не молекулалардың айналуынан, не электрондардың атомдар ішіндегі қозғалыстары- нан туындайтын еріксіз комбинациялық шашырауға; ортаның серпімді (яғни, дыбыстық немесе гипердыбыстық) тербелістері қатысатын МандельштамБриллюэннің еріксіз шашырауына ажыратылған. Жарық сәуленің еріксіз шашырауы қатты денелерде, сұйықтарда, газдарда, плазмада байқалады.
Егер түсетін жарықтың қарқындылығы аз болса, онда заттарда түсетін толқындардың тек өрістерінің әсерінен заттардың микробөлшектерінің қозғалыстарының өзгеруі себепші болатын жарықтың өздігінен шашырауы пайда болады. Түсетін жарық сәуленің қарқындылығы өте үлкен болатын кезде ортаның сызықты емес қасиеттері байқалады. Ортаның микробөлшектеріне тек түсетін сәуле ғана емес, сонымен бірге шашыраған сәуленің де, оған қоса микробөлшектердің меншікті тербелістерінің жиілігіне тең күштер де әсер ететін болады.
Жарықтың еріксіз шашырауын лазердің қарқынды сәулесін аса жарықтылығы өте жоғары сәулеге түрлендіру және заттарда қарқынды гипердыбыс және микробөлшектердің өзгедей қозғалыстарын қоздыру, заттардың микроқұрылымдарын зерттеу үшін пайдаланылады.