ЖАРТЫЛАЙӨТКІЗГІШТІК ДИОД – жұмыс принцині жартылайөткізгіш- тердегі р–n – ауысуына негізделіп жасалған екі электродты аспап. Пайдаланы- латын мақсатына қарай бұл диодтар ток түзетуші, жоғары жиілікті, өте жоғары жиілікті, параметрлі, туннельді, т.б. түрлерге бөлінеді. Егер тізбектей қосылған р–n-ауысудың р-полюсіне оң, ал n-полюсіне теріс кернеу түсірілсе, онда тізбектегі ток шамасының тығыздығы 10 А/см2-ге дейін арта алады, ал кернеу көзін керісінше
қосқанда бұл шама мыңдаған есе азаяды. Бұл құбылыс айнымалы токты түзетуде пайдаланылады. Осы негізде жұмыс істейтін аспап жартылай өткізгіштік т ү- з е т к і ш деп аталады. Өте жоғары жиіліктерде жартылай өткізгіштік диодтар әлсіз сигналдарды детектирлеуде, супергетеродинді қабылдағыштарда араластырғыш ретінде пайдаланылады.