ЕРІКСІЗ АУЫСУ

ЕРІКСІЗ АУЫСУ – кванттық жүйенің резонанстық жиілікті сыртқы электрмагниттік сәуле шығару (берілген жүйе үшін) әсерінен жүзеге асырылатын ауысу. Электрмагниттік сәуленің кванттарды жұту, сондай-ақ оларды (еріксіз шығару) шығару арқылы да  еркісіз ауысу жүзеге асырылады. Еріксіз сәуле шығарумен өтетін еріксіз ауысудың жиілігі және полярлануы сыртқы сәуле шығарудың жиілігі мен полярлануына үйлеседі. Еріксіз ауысу кванттық генераторлар мен кванттық күшейткіштердің жұмыстарының негізіне алынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *