ЕРКІН ТҮСУ ҮДЕУІ

ЕРКІН ТҮСУ ҮДЕУІ, ауырлық күшінің үдеуі – материалдық нүктенің ауырлық күш әсерінен алатын үдеуі. Ауасыз кеңістікте Жер радиусымен қарайлас биіктіктен түскен барлық дененің еркін түсу үдеуі бірдей болады. Бұл үдеу ауырлық күші тәрізді географиялық ендікке және дененің түсу биіктігіне байланысты өзгеріп отырады. Мұндай үдеуді кез келген дененің ауырлық ортасы ауасыз кеңістікте онша үлкен емес биіктіктен Жерге еркін түскенде алатын болады. Ауырлық күші секілді еркін түсу үдеуі географиялық орынның ендігіне (φ) және оның теңіз деңгейінен биіктігіне (Н) тәуелді. Еркін түсу үдеуі жуық шамамен g = 978,049 (1+ 0,005288 sin φ – 0, 000006 sin2 2φ) – 0, 0003086 Н.

Еркін түсу үдеуі g = 981,56 см/сек2.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *