ДОНОРЛЫҚ-АКЦЕПТОРЛЫҚ БАЙЛАНЫС – әдетте қосарланған элек- трондары болмайтын атомдар, молекулалар, радикалдар арасындағы химиялывқ байланыс. Әлгіндей байланыс орнатылған бөлшектердің бірі электрондар жұбының доноры, екіншісі акцепторы болып табылады. Акцептор электрондарды қабылдауға қабілетті, бұларға көбінесе оң зарядталған атомдық жүйе жатады. Донорда еркін (бос) бөлінбеген электрондар жұбы болады, ол донорлық-акцепторлық байланыс пайда болған кезде ортақ болады. Донорлық-акцепторлық байланыс орнатылып болған соң, мұның к о в а л е н т т і к б а й л а н ы с т а н іс жүзінде айырмашылығы болмайды. N (азот) атомы (мысалы, NH3), О, Ғ, Cl және ауыспалы металдар атомдары болатын молекулалық жүйелер көп жағдайда донорлар болып табылады.