Дислалия

1. Дислалия. Артикуляторлы–фонетикалық дислалия. Жай және күрделі дислалия.
Механикалық (органикалық) дислалия.
2. Дислалия кезінде логопедиялық жұмыстың әдістемесі.
3. Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері.
4. Дыбыстарды қою кезеңі.
5. Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу кемшіліктері және түзету тәсілдері. Түзету тәсілдері.
Дәріс тезистері: Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі — сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. Бірақ ол бұл терминмен артикуляциалық аппарат мүшелерінің ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады.
В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциялық аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған дыбыстардың бұзылуын жатқызды.
20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі атаған. Мысалы: Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы», О.В.Правдина — «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») деп атаған.
Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде болады (Ф.Ф.Рау).
Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина).
Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады.
Дислалия — есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы (Л. С. Волкова). Дислалия жиі кездесетін ауытқушылық. Зерттеулер бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда 25-30% — нда (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) балалардың 17-20%, ал жоғарғы сынып оқушыларында 1% дыбыс айтуының бұзылуы кездеседі.
Бұл зерттеулер осы бұзылыстардың уақытша екенін дәлелдейді. Түзету жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің дамуына байланысты, бұл бұзылыстар жойылады деуге болады.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред.-М., 2007.
2. Дүйсенбаева, Р. Д. Түзете-дамыта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Р. Д. Дүйсенбаева. — Ақтөбе : АқМПИ, 2009. — 60 бет эл. опт. диск (CD-ROM).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *