
ДЕТОНАЦИЯ (французша «детонер – қопарылыс», латынша «детоно – күркіреймін») – қопарылғыш (жарылғыш) заттардың берілген заттағы дыбыстық жылдамдығынан артық тұрақты шапшаңдықпен таралатын химиялық түрлену үрдісі. Баяу диффузиялық және жылуөткізгіштік үрдістер себепші болған жанудан детонацияның айырмашылығы қуатты соққы толқынынан және оның шебінен кейін заттың химиялық түрлену зонасынан (детонациялық толқын) құралған Детонациялық толқындағы қысымның (р) кешен болып табылады. үлестірілуі (х – кеңістіктік координат): 1 – Соққы толқын (сызбаға қараңыз) заттың бастапқы зонасы; 2 – толқын шебі;
3 – химиялық реакция зонасы; 4 – детонация
қопарылғыш затты сығады әрі қыз- өнімдерінің зонасы; р0 – бастапқы қысым.
дырады, осының нәтижесінде қопарылғыш затта химиялық реакция туады, реакциядан бөлінген өнім көлемін күшті ұлғайтады, соның салдарынан қопарылыс туады. Екінші жағынан, химиялық реакцияның нәтижесінде бөлінетін энергия соққы толқынының сөнуіне жол бермей ұстайтын болады. Әрбір қопарылғыш заттың детонациялық толқынының таралу жылдамдығы тұрақты болады, ол 1 – 3 км/сек-қа жетеді; газда 8 – 9 км/сек; соққы толқынының шебіндегі қысым ~ 1 – 5 МПа (~10 – 50 атм) және ~ 10 ГПа (~ 105 атм).
ДЕФЕКТОН – кванттық кристалдардағы ақаулардың тәртібін сипаттайтын квазибөлшек.