ДЕМБЕР ЭФФЕКТІСІ

ДЕМБЕР ЭФФЕКТІСІ (латынша «еффектус – орындау, әсер») – біртекті жартылайөткізгіштерді бірқалыпсыз жарықтау кезінде электр өрісі мен электрқозғаушы күштің пайда болуы. Дербес жағдайда жартылайөткізгіш жарықты күшті жұтқан кезде осы өткізгіштің жарықталған және жарықталмаған беттері арасында электрқозғаушы күш пайда болады (диффузиялық фотоэлектрлік қозғаушы күш). Бұл құбылысты 1931 жылы неміс физигі Х. Дембер (1882 – 1943) ашқан. Жартылайөткізгіш бірқалыпсыз жарықталған кезде тепе-теңсіз электрондар мен кемтіктердің шоғырлануының градиенті пайда болып жарықталған учаскеден жарықталмаған учаскеге қарай әлгі электрондар мен кемтіктер диффузияланады. Электрондар мен кемтіктердің диффузиялық коэффициенттері әртүрлі болатындықтан, үлгіде электр өрісі пайда болады. Дембер эффектісінің фотоэлектрлік қозғаушы күші аз болғандықтан іс жүзінде қолданылмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *