ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі

 ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілі

Сөз етіп отырған дәуірлердегі әдебиет үлгілерінің тілін құрылымдық қабаттарға қарай толық сипаттау мүмкін емес. Әсіресе олардың фонетикалық күй-қалпын беруге мүлде бол- майды. Оған бұл үлгілердің хатқа түспей, ауызша сақталып бізге ауызша жеткендігі «кінәлі». Бұлардың тілінің грамма- тикалық құрылысын да дәл сол үлгілер туған кездегі күйінде суреттеу қиын, олар да азды-көпті өзгеріске ұшыраған. Тілдің құрылымдық бөліктерінің ішінде өзгеріске көп душар болатыны да, көненің көзін көбірек сақтайтыны да – лексика саласы. Оның үстіне, жоғарыда айттық, XV-ХVI ғасырларда жасап өткен қалам иелері ноғайлы-қазақ жұрттарына ортақ болғандықтан, мұнда ноғайлылық тілдік элементтер едәуір ұшырасатындығы. Олар лексика саласынан да, грамматика саласынан да орын алған. Шалкиіз, Доспамбет, Шобандарда кездесетін соңратын, соқта, асмар ету – сымарыш ету, бажа, балаңқы, сықтау, мажар, аббар көшу, мамық тосату, жәміші, шемшірлік, шал сақалың, нарты, дестір, кілең бұз, көмбедей ару жалар, ителу, көмірту, күділенген бал, жарқа, кежігу, қоңқалау сияқты сөздер – сірә, қазақ тілінен гөрі ноғайлылар тіліне жуық дүниеліктер. Ал грамматика, тіпті фонетика салаларынан бұз (мұз), бұзмай, дұшман, менім, атлы, жүрерлер, кешу кешмек, ханлар, не білейім, бізім тәрізді тұлғаларды көруге болады.

Тілдік талдаулар үшін, тіл тарихын білу үшін бұларды «қазақыламай, сол «ноғайлық» қалпында оқу – міндетті шарт. Бұл – бір жағынан, бір топқа жататын, бір-біріне өте жақын қазақ пен ноғай тілдерінің ортақ тұстары мен айырым тұс- тарын, ауыс-түйістерін танытатын фактілер болса, екіншіден, сол фактілерді көрсететін үлгілердің де ортақтығын дәлел- дей түсетін материалдар екендігіне көзіміз жетеді.

Дегенмен осы айтылғандарды ескере отырғанның өзінде авторсыз ортақ туынды деп қарауға болатын дидактикалық өлең-толғаулардан бастап, иелері күмәнсіз және дидактикадан өзге мотивте жырланған үлгілердің тілдік-стильдік ерек- шеліктері бар екенін көрсетуге болады. Ол ерекшеліктер, бір жағынан, ауызекі сөйлеу тілінен жоғары көтеріліп, белгілі бір дәстүрлікті, жүйелілікті танытатын болса, екінші жағынан, соңғы дәуірлердегі поэзияның тілінен де ажыратылатындығын байқатады. Бұл орайда мәселеге екі тұрғыдан қарау керек: бірі – сөз болып отырған кезеңді тұтас алып қарау, екіншісі – әрбір ақын-жырауға тән белгілерді табу.

Р.СЫЗДЫҚОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *