
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫ – Ньютонның тартылыс заңына енетін іргелі физикалық тұрақты (констант) шама (G): F = G2 , мұндағы m және M – біріне-бірі
тартылатын денелердің (материалдық нүктелердің) массалары, r – тартылысатын денелердің арақашықтығы, Ғ – тартылыс күші, G = 6,6720 (41)·10–11 Н·м2·кг–2 (1980). Гравитациялық тұрақтының өте дәл мәні динамикалық әдіспен – иірілмелі таразының тербеліс периодының өзгеруі бойынша анықталады.