ГИПЕРДЫБЫС

ГИПЕРДЫБЫС (гипер… + дыбыс) – жиілігі 109-нен 1012 – 1013 Гц-ке дейінгі аралықта болатын серпімді толқындардың жоғары жиілікті бөлігі. Гипердыбыс физикалық табиғаты бойынша ультрадыбыстан айырмашылығы жоқ (мұның жиілігі 2·104-нен 109-іне дейінгі Гц болады). Бірақ та жиілігінің жоғары болуына байланысты, ультрадыбыс аймағының толқын ұзындығынан мұның толқын ұзындығы едәуір қысқа. Сол себепті гипердыбыстық ортаның квазибөлшектері- мен – өткізгіштік электрондармен, жылулық фонондармен, магнондармен, т.б. өзараәсерлесуі маңызды болады. Гипердыбыс көп жағдайда квазибөлшектердің ағыны – фонондар ретінде қабылданады.
Гипердыбыстың жиілік аймағы дециметрлік, сантиметрлік және миллиметр- лік диапазондардағы электрмагниттік толқындардың жиіліктерімен сәйкес келе- ді. Бірақ та толқын ұзындығы молекулалардың еркін жол ұзындығынан артық серпімді толқындар ғана газ тәрізді ортада тарай алады. Жиілігі 109 Гц қалыпты атмосфералық қысымда және бөлме температурасына тең ауада гипердыбыстың толқын ұзындығы 3,4·10–5 см-ге сәйкес болмақ, яғни бұл әлгіндей жағдайлардағы- дай молекулалардың еркін жол ұзындығымен шамалас. Бірақ та серпімді толқындардың толқын ұзындықтары газдағы бөлшектердің еркін жолының ұзындығынан айтарлықтай артық немесе сұйықтарда және қатты денелерде атомаралық арақашықтықтардан артық болғанда ғана орталарда тарай алады. Сондықтан гипердыбыс газдарда (дербес жағдайда ауада) қалыпты атмосфералық қысымда тарай алмайды. Гипердыбыстың сұйықтардағы өшуі өте үлкен, сол себепті, таралу қашықтығы алыс болмайды. Гипердыбыс қатты денелерде – монокристалдарда салыстырмалы түрде төменгі температураларда жақсы таралады.
211
Жылулық текті және жасанды қоздырылу табиғатты гипердыбыстар бар. Кристалдық торларды құрайтын атомдардың немесе иондардың жылулық тербелістерін барлық бағыттарға таралатын әрқилы жиілікті бойлық және көлденең жазық серпімді толқындар жиынтығын – жылулық шу ретінде қарастыруға болады. 109 – 1013 Гц жиіліктегі осы толқындар жылулық текті гипердыбыс немесе жылулық фонондар деп аталған. Кристалдардағы жылулық фонондардың жиіліктері кең алқапты болса, жасанды түрде шығарылған когерентті гипердыбыстың жиілігі белгілі бір жиіліктің тар аймағын алып жатады. Гипердыбысты шығару мен қабылдау ультрадыбыстағыдай пьезоэлектрді және магнитстрикцияны пайдалануға негізделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *